Сен-Симон

Сен-Симон(Saіnt-Sіmon) Клод Анри де Рувруа (17.10.

1760, Париж — 19.5.1825, сонда) — француз ойшылы, социолог, социалист-утапист. Ол қоғам дамуында “индустрия” (адамдардың экономикалық іс-әрекеті) және оған сәйкес меншіктің формасы мен таптар шешуші рөл атқарады деп білді. Қоғамдық прогрестің негізі — ғылыми білімнен, техникалық жетістіктерден, индустриядан және осы салаларда прогресті жүзеге асыратын адамдардан көрініс тапқан ақыл-ойда. Сен-Симон ілімі бойынша, әрбір қоғамдық құрылыс өзінің идеялары мен үстемдік еткен меншіктің формасын мейлінше дамытады, ақырында, оның жасампаз дәуірі бітіп, дағдарыс, тоқырау, күйреу кезеңі басталып, бұл процесс бұрынғыдан жоғары сатыдағы жаңа қоғамдық құрылысты орнатумен тынады дейді. Сөйтіп Сен-Симон өзінің социалдық жүйесінде қоғамдық құбылыстарды белгілі бір заңдылықпен дамитын біртұтас организмнің кейбір қырлары деп түсіндірді. Дүние жүзі тарихын Сен-Симонның бейнелеуіндегі көрінісі, адамзаттың төменгі сатыдан жоғарыға өрлеу формасындағы дамуы — діни, метафизалық және ғылыми парасаттылық кезеңдермен сипатталады. Осы тарихи-филос. тұжырымдама Сен-Симонның ізгі қоғам құру жөніндегі утопиялық жобасының арқауы болды. Мұндай ізгі қоғам құру үшін өнеркәсіп пен а. ш-н өркендетіп, тоғышарлықты (паразитизм) жою керек дейді. Сен-Симон көзқарастары Франция, Германия, Италия, т.б. елдердің қоғамдық ойына айтарлықтай ықпал етті.

Дереккөздер

Tags:

ГерманияДағдарысИталияКүйреу, апатқа ұшырауПарижПроцессТехникаТоқырауФранция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ноғай ордасыОттегіЗәр шығару жүйесіҚазақ руларыСолтүстік АмерикаАзаматтық құқықАнтропогенезАльдегидтерЕтеккірАуызашарАлаш ОрдаАуа ластануыГипертониялық кризЗейінЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміКейс әдісіҒаламшарЕртісДәретГидросфераАрал теңізіҚабанбай батырРибонуклеин қышқылыНефронДауыссыз дыбыстарСабын және синтетикалық жуғыш заттаpЖай санЗәрдің түзілуі және шығарылуыҚуық түбі безінің қабынуыКөлденең жолақты ет ұлпасыСаяси режимКөксерек (әңгіме)Қазақстан индустрияландыру кезеңіндеКөзімнің қарасы...Тынық мұхитӨсімдіктер гормондарыЖұрнақШарана шайқауКөсемшеБаскетболРесми стильАндроново мәдениетіПысықтауышҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚанБотай мәдениетіЖүсіп БаласағұниАдамгершілікНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЗекетЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҒылымКәсіби сөздерҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЖүрекЭритроциттерМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚанның артериялық қысымыМайларНаурыз көжеТемір1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҒылыми әдісЕртегі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыСемей полигоныАнықтауышТүргеш қағанатыТеріҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыАминқышқылдарСалқам Жәңгір ханЖоңғар шапқыншылығыНекрозҚасым АманжоловМағжан Бекенұлы ЖұмабаевОңтүстік Қазақстан🡆 More