Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады.
«d-элементтері» тақырыбы бойынша кейс - технологияға мысал келтірейік.
№1 Кейс Жер – әлеміне ертеден таралған металмын Өндірістің тұлғасы боп көріндім. Қара металл патшасы боп танылдым, Иесімін үлкен елдің ...... Қарапайым үйдегі тұрмыстарда , Дамып жатқан ең алып құрылыстарда. Мені білмек адамның баласы жоқ , Мен қатыспас техника саласы жоқ. Тарихымның тамыры терең жатыр, Египет пен Индиядан келе жатыр. Шойын, болат, прокат – құймаларым, Заманның дамуын демеп жатыр.
Fe ↗ ↘ Fe2O3 → Fe(OH)3 → FeCl 3
№ 2 Кейс Өте сирек кездесетін металл. Адамзат тарихында өндірілген осы металдың көлемі, дүние жүзінде бір сағат ішінде өндірілген темір көлемімен бірдей. Барлық континенттерде кездеседі. Балқу температурасы +1064.43С. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.Ешқашан тоттанбайды, тек қана «патша «арағында ериді. Осы қасиеті үшін электр құралдарындарының микрочиптерінің сымдарын қаптайды. Әшекей-бұйым жасауда қолданылады, мемлекеттің байлығы да осы металдың қорымен анықталады. Қазақстанда Ақбейт, Ақбақай, Бестөбе, Жайымтал кендерінде өндіріледі.
№3 Кейс Кейс технологиясы бойынша элементті сипаттау. Тас ғасырында бірінші танысқан металы (шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыста)болған. Ол табиғатта таза немесе қосылыс күйінде кездеседі.Алғашқы адамдар да құралдарды осы металдан жасаған. Сол металлдың ашылып пайдалануына байланысты ғасыр да басталған. Қазақстанда көп кездеседі.Жылу өткізгіштігі,электр өткізгіштігі жоғары. Белсенділігі төмен жер қыртысыда мөлшері 0,01 % массаны құрайды. Ашық қызғылт түсті жылтыр, балқу температурасы 1083°С, электр тогын күмістен кейін ең жақсы өткізеді. Алхимиктер оны Венера (Venus) деп атаған.Ол әртүрлі құймалар өндіруде қолданылады.Ол өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күреске пайдаланылады.
№4 Кейс Бұл элемент- периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, тұрақты төрт изотобы бар.1766 жылы Екатеринбург аймағында табылған. Оны «сібірдің қызыл қорғасыны» деп атаған.1797 ж. француз химигі Л.Н. Воклен крокоит минералының құрамынан ашқан. Оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Ол-ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t-1910C, қайнау t-2480C, тығыздығы 7,14 г/см3. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады. Тотығу дәрежелері +2, +4, +6.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Кейс әдісі, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.