Саз

Саздар — құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жыныстар.

Саз Басқа мағыналар үшін Саз (айрық) деген бетті қараңыз.
  • тау жынысы саздарға жатқызылуы үшін оның құрайтын түйірлердің кем дегенде 30 пайызы диаметрі 0,005 мм-ден аспайтын тозаңдар түрінде болуы шарт.
  • Аққыштык қасиеті бар, сумен араластырылған ұнтағы қамырға ұқсайтын массалар құрайды және мұндай массалар кепкеннен кейін де өз пішінін сақтап қала алады.
  • Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысады. Жаратылыс жағдайына (генезисіне) орай сынықты және химиялық саздарды даралауға болады;
    • түзілімдену ортасына байланысты теңіз, лагуна, атырау, өзен, көл саздары, сулық-мұздықтық саздар және элювийлік саздар жекеленеді; минералдық құрамына орай каолонитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, палыгорскитті және полиминералды саздар белгілі.
Саз
Саз
Саз

Саздар — батпақтар немесе грунт суларымен ылғалданатын ылғал шалғындар (Орта Азияның таулары мен тауалды өңірлеріндегі).

Cаздың түрлері

  1. Каолонитті саздар. Негізінен каолин минералынан тұратын саздар; әдетте ашық түсті (ақшыл, ашық сұр, сұрғылт түсті) болып келеді, суда көмпиіп ісінбейді.
  2. Карбонатты саздар. құрамының 75 %-дан астамы сазды минералдардан, қалған бөлігі карбонаттардан тұратын шөгінді тау жынысытар. Карбонаттар пелитоморфтық түйірлер, ірі кристалды агрегаттар және сферолиттер түрінде ұшырасады. Әр типті су алаптарында түзіле алады, алайда көбінесе теңіздік түзілімдерде ұшырасады.
  3. Континенттік саздар. Теңіздерден тыс өңірлерде, яғни құрлықтарда немесе құрлықтарға тән саязсулы алаптар түбінде түзілетін саздардың жиынтық атауы; көл саздары, батпақсаздары, өзен саздары ұшырасуы ықтимал; мұздық саздары, эолдық (жел әрекеті нәтижесінде түзілген) саздар, пролювийлік саздар, делювийлік саздар деген түсініктер де ұшырасады.
  4. Лагуна саздары. Лагуналарда түзілген саздар.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жоғары сатыдағы өсімдіктерПублицистикалық стильҚазақстан тарихыНарықтық экономикаДевианттық мінез-құлықТехасҰлпаАфрикаФариза ОңғарсыноваЖасанды интеллектКүн жүйесіЖаңылтпашЭлектрокардиографияГеосаясатҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіДНҚҰлы Жібек жолыЕкінші жалпықазақ съезіҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыӨмірзая (роман)ҚұқықХалықаралық ұйымдарМендель заңдылықтарыОрта жүзЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыБұлшық етӘлемнің жеті кереметіСырдарияГенетикаАбай жолы (роман)Шығыс Қазақстан облысыНамаз уақытыЭкономикалық жүйеМоғолстанЭлектр тогыПатша өкіметінің көші-қон саясатыАқсу-Жабағылы қорығыГендік инженерияЖүрек ауруларыКөзімнің қарасы...ЭпитетҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыГеографиялық картаПітір садақаМәтінАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚұрманғазы СағырбайұлыҚұқықтық мемлекетДәрілік өсімдіктерҚорықтарҚаһарЖер сілкінуНаймандарКомпьютерАқ Орда (мемлекет)Салт-дәстүрЖеке тұлғаҚожаКанадаТөл сөзМұнайҚазақстан көлдеріӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Байқоңыр (ғарыш айлағы)Сәкен СейфуллинДауысты дыбыстарМұхтар Мұқанұлы МағауинЭкономикаЫбырай АлтынсаринТабиғат зоналарыХлорофиллҚазақтарЖәдидшілдікҚарахан мемлекетіҚорқыт атаМүшел жасСудың ластануы🡆 More