Моңғолдар

Моңғолдар, моңғол тілдес халықтар; алтай тіл шоғырының моңғол тілінде сөйлейтін (Моңғолиядағы халха, ойраттар мен Қытайдағы баоань, дунсян, даур, барга, монгор, моңғолдар мен Ауғанстандағы моғолдар, Ресейдегі буряттар мен қалмақтар) халықтар тобының жалпы атауы.

Моңғолдар
Бүкіл халықтың саны

10-11 млн

Ең көп таралған аймақтар
Моңғолдар Қытай

6 146 730

Моңғолдар Моңғолия

3 201 377

Моңғолдар Ресей

822 763

Моңғолдар Корея Республикасы

41 500

Моңғолдар АҚШ

18 000-20 000

Моңғолдар Қырғызстан

10 000

Моңғолдар Чехия

7 895

Моңғолдар Жапония

7 340

Моңғолдар Канада

6 311

Моңғолдар Германия

4 056

Моңғолдар Ұлыбритания

3 331

Моңғолдар Қазақстан

2 723

Моңғолдар Франция

2 459

Тілдері

моңғол, қытай, орыс

Діні

буддизм, шаманизм (бақсылық), , тәңіршілдік, ислам

Қоныстануы

Моңғолдардың жалпы саны 7 млн-нан астам (2000). Олардың басым көпшілігі Қытайдағы Ішкі Моңғолияда (5 млн.), Моңғолияда (2 млн-нан аса) өмір сүреді. Моңғолдар үлкен моңғолоид нәсілінің орт. азиялық түріне жатады. Моңғолдардың көпшілігі будда дінінің ламаизм тармағын ұстанады.

Тілі

Моңғол тілдері, бурят, қалмақ тілдеріне жақын. Ол бірнеше жергілікті ерекшеліктерге ажыратылады: шығыс диалектісіне - морчин, харачин, арухорчин; орталық диалектіге - халха, чахар, ордос; батыс диалектісіне - амашан, эдзин, кукунор жатады. Әдеби тілі халха диалектісі негізінде қалыптасқан. Көне жазба ескерткіштері сақталғанымен, моңғол тілі ұлт ретінде 14-16 ғасырларда қалыптаса бастады. Моңғол тілі лексикасында көне түркі, маньчжур, тибет, санскрит, қытай тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі.

Діні

Буддизм моңғолдарға 12 ғасырдың соңы - 13 ғасырдың басында енсе, гелугпа мектебі түрінде ол тек 16 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың басынан бастап қалыптасты. 20 ғасырдың басына қарай Моңғолияда 700-ден астам үлкенді-кішілі монастырлар, храмдар мен часовнялар жұмыс істеді. Социализм кезеңінде елдің дәстүрлі, соның ішінде буддалық мәдениеті іс жүзінде жойылды. 1990 жылдан бастап оның жандануы басталды. 20 ғасырдың ортасына дейін кейбір аймақтарда шаманизм болды.

Тарихы

Моңғолдар 
Й.Г. Ренаттың Моңғолия картасы (XVIII ғасырдың бірінші жартысы)

Протомоңғолдық этностардың қатарына ежелгі Қытай деректерінде келтірілетін түркі және тұңғыс-маньчжур тайпаларымен араласқан дун-ху, сяньби, хи және шивэй кіреді. “Моңғолэтнонимі 7 – 10 ғасырлардағы Қытай шежірелерінде мэн-гу, мэн-ва, мэн-гу-ли түрінде кездеседі. “Моңғол” этнонимінің пайда болуы жөнінде ғылымда бірнеше болжамдар бар. 13 ғасырда қазіргі Моңғолия мен Қытайдың солтүстік-шығысын мекендеген тайпалардың бір бөлігі Шыңғыс ханның басшылығымен көршілес тайпа одақтар мен мемлекеттік құрылымдарды (қидандарды, ұйғырларды, қыпшақтарды, таңғұттарды, меркіттерді, наймандарды, т.б.) бағындырып, біртұтас мемлекет құрды. 13 ғасырдың жартысында Шыңғыс хан империясы бөлінгенде көпшілік Моңғолдар Юань империясына қарады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань империясы тарап, Моңғолдар Қытайдан қуылды. 15 ғасырда моңғол тілдес халықтар батыс және шығыс топқа бөлініп кетті. Моңғолдардың шығыс тобы 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік болып бөлінді. Солтүстік Моңғолдар 16 ғасырдан бастап “Халха” деп атала бастады (қазір олардың ұрпақтары Моңғол Республикасы халқының 90%-ын құрайды). Моңғолдардың қазіргі әдеби тілінің негізі халха тілі болып табылады. Оңтүстік Моңғолдар Қытайдың құрамында қалып қойды және қазір ҚХР-дағы ішкі Моңғолияда тұрады. Батыс Моңғолияда ойраттар 17 ғасырда Жоңғар хандығын құрды, олардың ұрпақтары Моңғолиядағы, Қытайдағы Моңғолдар мен қалмақтардың құрамына енді.

Шаруашылығы

Барлық Моңғолдардың материалдық және рухани мәдениеті ұқсас. Дәстүрлі кәсіптері – көшпелі мал шаруашылығы (жылқы, сиыр, қой, ешкі, қодас, түйе өсіру). Егіншілік қосалқы рөл атқарады. Ішкі Моңғолияда арпа, бидай, жүгері, тары, зығыр өсіреді. Қосымша кәсібі – аңшылық. Негізгі баспанасы – киіз үй. Ер адамдар мен әйел адамдардың дәстүрлі киімдері – қапсырма шапан. Мерекелік киімдер жібек матадан тігіліп, жеңсіз кеудешемен толығады. Бас киімдер пішіні мен жасалған материалдары бойынша әр түрлі әлеуметтік топтарда бір-бірінен ерекшеленеді. Аяқ-киімдері – қалың табанды етік (гутал). Дәстүрлі тағамдары – ет (негізінен қой еті, сиыр мен жылқы етін сирек жейді), әр түрлі сүт өнімдері [ірімшік, май, сүт, айран, қымыз, сүт арағы (архи), т.б.]. Құс етін, балық, жеміс-жидектер, жабайы өсімдіктердің кейбір түрлерін тамақтарына пайдаланады.

Мәдениеті

Моңғолдардың ұлттық ойындары – ат жарыс, садақ ату, күрес. Моңғолдарға будда діні 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде ене бастады, ламаизмнің гелугпа сектасы 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың бас кезінде ғана орнықты. Моңғолдарда ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлар жыры (моңғолдың “Гэсэр”, ойраттың “Джангар” дастандары, т.б.), саз өнері (көмеймен әндету, аспапты саз, дауысты созып ән салатын) сақталған.

Қазақстандағы моңғолдар

Моңғолдар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың орта шенінен бастап бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы моңғолдардың саны:

  • 1970 жылы - 542 адам;
  • 1979 жылы - 413 адам;
  • 1989 жылы - 309 адам;
  • 1999 жылы - 602 адам;
  • 2009 жылы - 365 адам.

Дереккөздер


Tags:

Моңғолдар ҚоныстануыМоңғолдар ТіліМоңғолдар ДініМоңғолдар ТарихыМоңғолдар ШаруашылығыМоңғолдар МәдениетіМоңғолдар Қазақстандағы моңғолдарМоңғолдар ДереккөздерМоңғолдарАуғанстанОйраттарХалхаларҚытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қарахан мемлекетіБалғынбек ИмашевҚоршаған ортаны қорғауТемпераментАмерикаҚызмет көрсетуНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваОрталық жүйке жүйесіОрбұлақ шайқасыГерманияII ЕкатеринаӨсімдік шаруашылығыТөтенше жағдайТабиғи сұрыптауМетонимияҚазақстан экономикасыЖүрек ауруларыҮндістанТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевБұрыш (геометрия)ОтырарҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚарағанды облысыЭмбриогенезТөлен ӘбдікАғашҚазақстандағы алюминий кеніТұқым қуалайтын өзгергіштікКөлікРасул Ғамзатұлы ҒамзатовХалықаралық еңбектiк миграцияАналық жыныс безіАйнұр ТұрсынбаеваАлмазМұхтар ШахановҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыТатарларСу көлігіАцетиленҚазақстан географиясыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОӨзбекстанТүйелерГүлЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚыстырма сөзҚазақстан өсімдіктеріЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарЗәр шығару жүйесіСөйлемОңтүстік ҚазақстанХолециститБейбітшілікАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріКөп жасушалы ағзаларХалықаралық ұйымдарДыбысҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріКарбон қышқылдарыМұнайЖарықтың шағылуыҚазақстанның сыртқы саясатыОрта ғасырлардағы мәдениетШвейцарияҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевТуберкулезДемографияҚазақ халқының ұлттық тағам түрлері1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісМақалаСын есімКенесары ханБайқоңыр (ғарыш айлағы)Адам қаңқасыНұралы ханМәшһүр Жүсіп КөпейұлыПысықтауыш🡆 More