Марихуана: Есірткі

Марихуа́на (ис.

(тамыз 2017)

Адам ағзасына әсері кенешөптегі тетрагидроканнабинол сияқты каннобиноид деген психоактивті заттарымен байланысты. Мамандар кенешөптің негізгі үш түрін айрықтайды: Cannabis sativa, Cannabis indica және cannabis ruderalis. Соңғысы ең аз мөлшерде тетрагидроканнабинолмен байытылған. . Кенешөпте тетрагидроканнабинолдан басқа 483 қосынды , соның ішінде кем дегенде 65 каннабиноид табылады . Марихуана тәбет ашып, ой өрісін өзгертіп және эйфория сезімін беретін дене мен миға тигізетін өзіндік әсері үшін қолданылады. Әсері тартылған кезде біраз минут ішінде, тамақпен желінсе 30-60 минут арасында көріне бастайды. 2-6 сағат бойы марихуана денеге ықпал етеді. Қысқа уақыттағы жанама әсерлері келесі: құрғақ ауыз қуысы, уақытша қысқа мерзім жадының нашарлауы, паранойя, күйгелектік, бұзылған моторикалық дағдылар, қызыл көздер. Дағдылану, жасөспірім кезінде қолдана бастағандар арасында ойлау қабылетінің нашарлауы және де екіқабаттық мерзімінде кенешөп тартқан аналардың балаларында қылықтық проблемалар секілді ұзақ уақыттық жанама әсерлері бар. Кенешөп қолданушылар арасында психоз фактілері жиі кездеседі, алайда себеп-салдар мәселесі әлі де қызу талқылануда. Көбінесе марихуана дем алыс немесе дәрілік мақсатпен қолданылады, бірақ діни-рухани қолданылу да кездеседі. 2013 жылы әлем бойынша 128-232 миллион адам марихуананы қолданды (бұл дегеніміз 15-65 жасқа дейінгі ғалам халқының 2.7%-4.9%). Солайша, марихуана ғаламдағы ең жиі қолданыстағы заңсыз есірткі болып табылады. Марихуана қолданысы адамзат тарихында б.з.д 3 мыңжылдығында орын алған. 20 ғасырдан бастап, Қазақстан Республикасын қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінде қолданылуы, сатылуы, сақталуы заңсыз. Дәрігердің кеңесі бойынша келесі елдерде медициналық мақсатпен марихуананы қолдануға рұқсат етілген: Канада, Бельгия, Нидерланд, Австралия, Германия, Испания, АҚШ-тың 23 штаты.

Марихуана: Есірткі
Марихуана

Tags:

Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ОтбасыСалт-дәстүрАИВ/ЖИТСТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануЖаңа білім беру жүйесіМагнитИспанияГалогендерБесін намазыАлланың есімдеріҒарыштануҒылыми фантастикаҰрықжолдастыларҚазақстанның Қызыл кітабыОнтогенезБиотехнологияКөміртегіЛиберализм1921-1922 жылдардағы ашаршылықҒарышБатыс ЕуропаPythonЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚазақ ұлттық киімдеріҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыКСРО ыдырауыЗиготаСан есімИталияҚазақтарҰлпан (роман)Рентген сәулесіТозаңдануЭкологияҚоршаған ортаҚадыр Мырза ӘліҚорқыт атаХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБаскетболЖәнібек ханӨнеркәсіпБиоценозҚазақ руларыҚожа Ахмет ЯсауиМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміӘдемі инелікКанадаМолотов-Риббентроп пактыӘмір ТемірБіржан ҚожағұлұлыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевКірпітәрізділерЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановСфералық айналарТұқым қуалайтын өзгергіштікТитанСолтүстік ҚазақстанШыңғыс ханКүкіртҚиялЛенинград шайқасыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКөлденең жолақты ет ұлпасыҒабиден МұстафинҒылыми стильОқшау сөздерАспанҚазақстандағы минералды ресурстарҚазақстан тарихыЭкологиялық проблемаДепортацияСемей полигоныҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніШымкентШешендік өнерҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеСептік жалғауҰшқан ұяҚұрмалас сөйлем🡆 More