Мажар Тілі

Мажар тілі (magyar, magyar nyelv, ескірген атауы — мадияр тілі (мажарлардың өздерінше атауынан — magyarok, модёрок)) — Орал-Алтай тілдері шоғырының пин-ұғор тармағы, ұғор тобына жататын тіл.

Ханты, мансы тілдеріне жақын. Мажарстан Республикасының ресми тілі, ондағы халықтың 96,6% мажар тілін ана тілі деп санайды. Мажар тілінде 16 млн-нан астам адам сөйлейді. Румыния, Югославия, Словакия, Украинаға тараған. Қарпат өңірінде мемлекеттілігін жалғастырған мажарлар кейіннен латын әрпіне негізделген әліпбиді қолдана бастаған.

Мажар тілі
Өз атауы:

magyar

Елдер:

Мажарстан және шығыс Аустрия, Хорватия, Румыния, солтүстік Сербия, Словакия, Словения, батыс Украинаның аудандары.

Ресми күйі:

Мажар Тілі Мажарстан
Аймақтық немесе жергілікті ресми тіл:
Мажар Тілі Украина:

    Мажар Тілі Закарпат облысы
      Мажар Тілі Берегово ауданы
      Мажар Тілі Берегово
      Мажар Тілі Виноградов ауданы

Мажар Тілі Сербия:

    Мажар Тілі Воеводина

Мажар Тілі Румыния:

    Мажар Тілі Сексей өлкесі (танылмаған)

Мажар Тілі Еуропа одағы

Реттейтін мекеме:

Мажарстан ғылым академиясының Тіл білімі институты

Сөйлеушілер саны:

14 миллион адам

Рейтинг:

52

Күйі:

қауіпсіздікте

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Орал тілдері

    Фин-угор тілдері
      Угор тілдері
Жазуы:

латын (мажар алфавиті)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

вен 133

ISO 639-1:

hu

ISO 639-2:

hun

ISO 639-3:

hun

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
Мажар Тілі
Көне мажар жазуы, "Rovás" әліпбиі. Мажар елі Стефан I патшасы кезінде (997-1038) латын әліпбиіне көшкен, 1844 жылға қарай

Тарихы

Көне құртқа бәдіз жазуы ROVAS ІRAS (роваш ираш) да өз маңызын жоғалтпай, XVII ғасырға дейін қатар қолданылып келген. Мажар тілінің бірінші жазба ескерткіші — “Құлпытас сөзі” (1200 ж. шамасы). XVIXVIII ғасырлар аралығында Б. Балашиш (1554 — 1594) П.Пазман (1570 — 1637), М. Зрани (1620 — 1664), т.б. әдеби тіл нормаларының негізін қалады. Әдебиетші К. Ференц басшылығымен жүргізілген «тіл жаңарту қозғалысы» бірнеше мың жаңа атаулар мен терминдер жасап, ғылыми айналымға қосты. Соның нәтижесінде мажар тілінде шет сөздер жоқтың қасы, барлығының дерлік мажарша баламалары бар. Мыңдаған жылдар бойғы өзге тілдер әсеріне қарамастан, мажар тілі пинн-ұғорлық сипатын сақтап қалды. Латын тілінен көбіне, діни, мәдени, әкімшілікке қатысты, славтардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген.

Мажар тіліне түркі сөздері енуі бірнеше кезеңмен байланысты:

Мажар Тілі 
Мажар тілі тараған Еуропа аймақтары. CIA World Factbook 2006 негізінде

Ғұн-қыпшақтар тілі арқылы мажар тіліне енген ортақ атаулар: арқан, боза, цөткен (сүттіген — дәрілік шөп), даку (дақы — ішік түрі), барак (ит), чоллак (шолақ), кандьига (қанжыға), карамбел (қалампыр), балта, арпа, ес, вай (май), өл (өлтіру), мох (ағаш мүгі), иечке (ешкі), т.б. Мажар тілінде бірнеше диалект бар: батыс, солтүстік-шығыс, құншақ және секей диалектісі. Соңғы екеуі Румыниядағы, Молдовадағы мажарлар арасында кездеседі. Құншақ диалектісінде жоғарыда аталған түркі тіліне ортақ сөздер, топонимдермен қоса, фольклор үлгілері көп.

Мажар Тілі 
Воеводина, Сербиядағы мажар тілінің ресми пайдаланылуы

Мажар тілі фонетикасында сингармонизм заңдылығы берік орын алған. Морфологиялық құрылысы жағынан жалғамалы тіл, екпін көбіне басқы буынға түседі, “тек” категориясы жоқ, тәуелдік пішімі бар және ол көпше есімге де қатысты. Сын есім, сан есім, анықтауыш сөзбен қабыса байланысады және жекеше түрде қолданылады, септік түрі — 13.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Ана тіліМажарстанМанси тіліОрал-Алтай тілдеріРесми тілРумынияСловакияУкраинаХанты тіліЮгославия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сабақтас құрмалас сөйлемСөйлем мүшелеріҚорғансыздың күні (әңгіме)Қазақстандағы алюминий кеніБірінші дүниежүзілік соғысМейозСауд АрабиясыЖүрек-қантамырлар жүйесіҚиял-ғажайып ертегілеріҚазақстан экономикасының тарихыКөлденең жолақты ет ұлпасыӘлемдегі ең танымал кітапханаларКөшбасшылықМагнит өрісіЯдролық қаруЕскендір (поэма)АстанаҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыФантастикаҚазақстан қалаларыТүрік қағанатыЕуропа одағыӨңдеуші өнеркәсіпҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларГаз өнеркәсібіКорея РеспубликасыҚазақстанның тұңғыш мектептеріТәуекел ханБарсакелмес қорығыМұнай өнеркәсібіҚоршаған ортаның ластануыАлмазҚазақ батырлар тізіміҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыМонро доктринасыЖоғары молекулалы қосылыстарТабиғи газЖұқпалы ауруларАминқышқылдарЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстан 2030Сарқылатын ресурстарАналық жыныс безіҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМарқакөл қорығыБатыс Түрік қағанатыҚазыбек биТыныс алу жүйесіҚызғалдақ1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісMicrosoft ExcelӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыАйша бибі кесенесіСәкен СейфуллинЭкономикаҚыз ЖібекХалықаралық балалар күніКубизмЗат алмасуҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыБұқар жырау ҚалқаманұлыФилипп Исаевич ГолощёкинСәулетОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҒылыми фантастикаҚазақ әліпбиіҚант қызылшасыАзаматтық іс жүргізу құқығыМұстафа Кемал АтатүрікНұркен ӘбдіровЕсік Алтын адамыТемекіМұхтар ШахановҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіСюрреализмАстрономияӨсімдіктер🡆 More