Ихуан Әл-Муслимин

Әл-Ихуан Әл-Муслимин («Мұсылман бауырлар») — мұсылман бауырлар ассоциациясы қоғамы діни-саяси ұйымының мүшелері.

Ихуан Әл-Муслимин Басқа мағыналар үшін Ихуан деген бетті қараңыз.

Оны Мысырда 1928 жылы шайқы Хасан әл-Банна құрған. Хасан әл-Банна (1906 - 49) Махмудияда (төменгі Мысыр) мұғалімдер әулетінде дүниеге келген. «Дар әл-улум»-ды тәмәмдаған, мамандығы — мектеп мұғалімі. 1918-1928 жылдары ол сопылық бауырластар ұйымының қызметіне белсене араласты. 20-жылдардың басында Мысыр антиимпериалистік қозғалыстарына қатысты. «Мұсылман бауырлар ассоциациясы» құрылғаннан бастап, өмірінің ақырына дейін оның «жоғары тәлімгері» болды. Хасан әл-Банның көзқарасының қалыптасуына Әбу Хамид әл-Ғазалидің, сондай-ақ Мұхаммед Абдоның, Джамалуддин әл-Афғанидің, Рашид Ридоның еңбектерінің ықпалы зор болды. Хасан әл-Банна Исламның сүннит бағытына сүйене отырып, әл-Афғани мен Ридоның панисламизм идеяларын одан әрі өрістетті, яғни Исламның ұлттық сипаты — «Ислам мемлекетінің» саясаты бағдарламасын жасады. Хасан әл-Банна өзінің көзқарастарын сәлем хат тұрғысында жазды. Мұсылман бауырлар идеологиясын қалыптастыруда Сәийд Қутб шығармаларының Мұхаммед әл-Ғазалидің (алдыңғы ғасырда өмір сүрген ғалым), Мұстафа әс-Сибаидың еңбектерінің мәні зор.

Ихуан Әл-Муслимин
Ихуан әл-Муслиминнің қазіргі күнгі жетекшісі Мұхаммед Бәдиғ (ағыл.)қазақ.

Мұсылман бауырлар идеологиясының негізінде панисламизм жатыр. «Ассоциация» Ислам тараған елдерде (Мысырдан бастап) «Ислам әділеттігіне» сүйенген Құранда және шариғатта тұжырымдалған Ислам парыздарын қатаң сақтайтын қоғам құруды өзінің басты мақсаты етіп ұстады. Хасан әл-Банна өлгеннен кейін олардың арасына іріткі түсіп, жеке-жеке топқа бөлініп, «Таяу және Орта Шығыс Мұсылман бауырлар қозғалысы» деп аталатын ұйымдар жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде «Мұсылман бауырлар қозғалысы» үш бағытта жұмыс істейді: «салауаттылар» — бұлар Хасан әл-Банна мен Сәийд Қутбтың іліміне сүйенушілер; «Ислам демократтары» мен «Ислам социализмі» жазушылардың әртүрлі бағыттарын біріктіреді; көптеген оң қанатты экстремистік топтар. Исламды қорғау партиясы да осы топқа жатады. Олар мұсылман бауырлар ассоциациясына бөлінген болатын, қазір барлық араб елдерінде кұрылған және жасырын жұмыс істейді. Оның идеологиясы мен саясаты реакциялық мәнге ие және көптеген елдерде олардың қызметіне тыйым салынған. Олардың ұйымының кейбірінің қызметі Батыс Еуропада орналасқан орталықтар арқылы үйлестіріледі.

Ислам әдебиеттерінде әл-ихуанийа, яғни кең және тар деп алатын екі ұғым бар. Тар мағынасында өздерін «мұсылман бауырлар» деп атайтындарға байланысты нақты қозғалыс мүшелері кірелі. Ал, кең мағынасында Ислам елдерінде кең тараған, яғни «мұсылман интегризмі» деп аталатын топ жатады. Бұл бағыттың өкілдері Исламды алғашқы таза нұсқасына көшіруді насихаттайды. Құран мен Сүннеттің қоғам игілігі үшін бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктерінен қашпай саяси, экономикалық, әлеуметтік және заң жүйесінде пайдаланылуын жақтайды.

Дереккөздер


Tags:

190619181928МысырМұсылманСопылықХасан әл-БаннаӘбу Хамид әл-Ғазали

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СперматозоидМәшһүр Жүсіп КөпейұлыАмерика Құрама ШтаттарыАқан серіЭкологиялық жүйеЖүрек ауруларыНАТОКанадаЯдроЖасушаның бөлінуіЖелтоқсан көтерілісіҚонақжайлылықАқбөкенЖаһандануЭритроциттерДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруТүркілерТалас жазуыҚазақтың ұлттық тағамдарыШәует шығаратын өзекИталияҰлыбританияТыныс алу ауруларыДауыссыз дыбыстарНанотехнологияЖарықтың шағылуыЖанр1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚыпшақтарАйтысАрғынТахауи АхтановБатыс Сібір жазығыАсқазан ауруларыАнгкор-ВатОрганикалық затНайзағайВирусты гепатит АЕжелгі ГрекияОдағайБүйрекүсті безіСанау жүйесіШыңғыс ханКәлимәХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Ұйқы безіАристотельҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақтың 500 ән-күйіТом Сойердің басынан кешкендеріЖалғаулық шылауларҚазақстан астанасыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыМәдени мұраУльтракүлгін сәулеленуХолециститЕуропа одағыТұлғаАбиссина (мысық)РамзауОқшау сөздерСанаКүн (жұлдыз)СүтКүлтегін ескерткішіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚаһарАсан қайғы СәбитұлыҚазақ халқының мәдениетіКенесары ханҒарышкерҚаныш Имантайұлы СәтбаевГеосаясатДәруменСпирттер🡆 More