Сопылық

Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру.

Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي‎, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген.

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың ﷺ күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды

Терминнің этимологиясы мен шығу тегі

«Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» (араб.: صفا‎, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» (араб.: صوف‎, жүн) сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды.

Негізгі сенімдері

Сопылық 
Шейх Рукнуддин Әбул-Фатхтың (ағыл.)қазақ. Пәкістанның Мултан ауданындағы мазары.

Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады.

Тағылым

Сопылық жолына түсу үшін оқушы өзіне ұстаз табу керек, себебі бұл оқушының дәрежесінің өсуіне қажетті шарт. Ұстаз оқытуға құқылы болу үшін басқа шейхтан рұқсат қағазын (Иджаза (ағыл.)қазақ.) алу керек. Ұстаздан шәкіртке жалғасатын бұл тізбек Силсилә (ағыл.)қазақ. деп аталады.

Тарихы

Шығу тегі

Бастапқыда сопылық тек қана Исламның интернализациясы ретінде қарастырылды. Бір пікір бойынша сопылық негізін Құраннан, оны оқып, терең ойланудан бастау алады. Басқалар сопылықты Мұхаммед пайғамбарға ﷺ еру, сол арқылы Аллаһқа жақындаудан басталған дейді. Бұдан қарапайымырақ теорияларға сәйкес мұсылмандардың елдерді көптеп жаулап алуы христиан монахтары мен тақуаларды мұсылман қоластына әкелді. Олар көптеген ғасырлар бойы белсенді рухани өмірмен өмір сүріп, олардың әдіс-тәсілдері сопылықтың негізін қалаған тақуа мұсылмандарға әсер еткен.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Tags:

Сопылық Терминнің этимологиясы мен шығу тегіСопылық Негізгі сенімдеріСопылық ТағылымСопылық ТарихыСопылық ДереккөздерСопылық Тағы қараңызСопылықАллаһАраб тіліАскетизмЗуһдМағрифатНирванаНәпсіРухХақиқатӘдеп

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЭпитетҚуысмүйізділерҚазақстан көлдеріҚарағандыҚатерлі ісікЮрий Алексеевич ГагаринАстанаДина Кенжеқызы НұрпейісоваӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановДүниежүзінің табиғат ресурстарыНегіздерДемократияКүш моментіАстана ОпераАвторлық құқықМодернизмГаметофитТуризмМұхитҚорқыт атаАқ затКүй аңызы (әңгіме)Жүйке жүйесіӨмірзая (роман)ИнновацияКерей ханТемпераментЖаңбырЖұмбақтасСан есімДамыған елдерКометаБесеудің хатыҚазақша жыл санауТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерАуыл шаруашылығын ұжымдастыруРахат кондитер фабрикасыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіСаяси партияРақымжан ҚошқарбаевҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовЭквадорБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақ ұлттық киімдеріӘлемнің жеті кереметіҚазақтың 500 ән-күйі1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАрыстанЕсім ханАқындар айтысыГеосаясатЕжелгі Рим өнеріЫңғайлас салалас сөйлемАсанәлі Әшімұлы ӘшімовСақтарШойынАвангардизмСалт-дәстүрӘл-ХорезмиМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Тел өскен ұлҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемАлтын ОрдаҚазақстан Республикасының КонституциясыҚанайналым жүйесіҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыБалдырГуманизмЭссеЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОКүнбағысНептун (ғаламшар)ИталияГенетика🡆 More