Губкалар

Губкалар(Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі.

Олардың теңіз түбіне немесе су түбіндегі заттарға бекініп қозғалмай тіршілік ететін 5000-нан астам түрі белгілі (1 түрі – Каспий т-нде кездеседі). Губкалар 3 класқа бөлінеді: ізбесті губкалар (Calcarea), шынылы губкалар (Hyalospongіa) және кәдімгі губкалар (Demospongіa). Губкалардың дене пішіні шар, бокал, цилиндр тәрізді, 5 – 10 мм-ден 2 м-ге дейін, кейде дене одан да биік шоғырлар (колониялар) түзеді. Ақ, сары, қоңыр, жасыл түсті болады. Оның су түбіндегі заттарға бекитін табаны, бүйір қабырғалары және жоғ. жағында тесігі болады. Губкалардың денесі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты (эктодермалық қабат) –эпителий клеткаларынан, ішкі қабаты (энтодермалық қабат) – талшықты-жағалық немесе хоаноцит клеткаларынан тұрады, аралық қабат – кілегей тәрізді мезоглеялық (құрылымсыз, қоймалжың) қабатта әр түрлі клеткалар (колленцит, склеробласт, спонгиобласт, амебоцит, археоцит, т.б.) болады. Хоаноцит клеткаларының орналасуына байланысты Губкаларды: аскон, сикон және лейкон деп үш типке бөледі. Ішкі қабатының клеткалары талшықтармен қапталған. Талшықты клеткалар қоректік заттарды қармап, қорытып отырады. Губкаларбактериялармен, қарапайымдылармен, балдырлармен қоректенеді. Қорытылмаған сұйық заттар ас қорыту вакуольдері – хоаноциттер мен амебоциттерден каналдар арқылы атриалды қуысқа түседі де, оскулум тесігі арқылы шығарылады. Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ішкі және сыртқы бүршіктену арқылы жүреді. Ішкі бүршіктену – бадягада (тұщы су губкасы) кездеседі. Ішкі бүршіктер (геммулалар) Губкалар өлгеннен кейін түсіп қалады да, жаңа шоғырлардың бастамасын салады. Көпшілік түрі – гермафродитті. Гаметалар мезоглея қабатында дамиды. Губкалардың қаңқасынан дене жуатын ысқылауыш дайындайды. Тұщы су Губкалары (мыс., бадяга) кептіріліп, ұнтақталған күйде медицинада ревматизмді емдеуге пайдаланылады. Шынылы Губкалардан сәндік бұйымдар жасалынады. Губкалардың қазба қалдықтары протерозой шөгінді жыныстарынан табылған.

Губкалар
Aplysina archeri
Aplysina archeri
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Porifera
Grant, 1836
Класлары
  • Calcarea
  • Hexactinellida
  • Demospongiae
  • Homoscleromorpha

Дереккөздер


Tags:

Эпителий

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Нұркен ӘбдіровҚазақстан өсімдіктеріБасынқы сөйлемГендік инженерияТәуелдік жалғауАлмаҰлы жүзКеңес Одағының БатырыӘсет НайманбайұлыАқбілек (роман)Исламдағы жыныстық өмір әдебіНафтаМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚуыршақ театрыАқбөкенСалқам Жәңгір ханТегеран конференциясыII ЕкатеринаДемографияМахамбет ӨтемісұлыАқан серіҚорқыт атаЖелтоқсан көтерілісіВегетативтік көбеюАналық жыныс жасушасыДәулеткерей ШығайұлыӘлем елдерінің тізіміЖәнібек хан38-атқыштар дивизиясыҚазақстан 2050АқтөбеТәуке ханОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыАлматыРеформацияРимНаурызым қорығыАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріСоқырішекКөмірсуларАйдын Ақанұлы АйымбетовКаспий экологиясыДауысты дыбыстарМартин ЛютерМерезӘдемі инелікМагниттік материалдарБатыс Түрік қағанатыАққан жұлдыз (роман)СперматозоидАтом ядросыСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайЖылқы малының атауларыҮш Жүз партиясыСөйлем мүшелеріХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыБалдырӨңдеуші өнеркәсіпЛиберализмӨздігінен тозаңдануЖүсіпбек АймауытовБразилияҚазақстан халқы ассамблеясыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуАрал теңізіАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыПублицистикалық стильҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріСинтаксисКСРО ыдырауыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміТөлен ӘбдікӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚасым ҚайсеновӘлеуметтік инфрақұрылымГеографияМәскеу шайқасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны🡆 More