Бозторғайлар

Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы.

Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Бозторғайлар
Alauda arvensis
Alauda arvensis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Кіші сабы: Passeri
Тұқымдасы: Alaudidae
Vigors, 1825

Құстардың көбі бұтақта қонақтап отырып сайрайды. Ал бозторғайлар ұшып жүріп сайрайды. Оны "ұшқыш әнші" дейді.

Денесі 12-23 см, қанаттары ұзын. Түсі топырақ тәрізді. Көпшлік түрлерінін еркектері ұя маңында ән салып ұшады. 15 туысы белгілі. Олардың 75 түрі бар, (Оңтүстік Америкада, 1, Австралияда, 2). ТМД-да 7 туысы 14 түрі таралған. Олар бозторғай, (Alanda arvensis), далалық, (Melanocozypha calandra), құлақты бозторғай, (Eremorphila alpestris), шөлді жер бозторғайы, (Ammomanes deserthi) және ТМД-да эндемик қара (М. yeltoniensis) және ақ бозторғай, (М. leucoptera). Бозторғайлар тундрадан бастап далалық және шөлді аймақтарды мекендейді. Көпшілік түрлері жылы жақта қыстайды. Ұяларын жерге салады. 2-6 жұмыртқа табады. Қоректері, жәндіктер мен өсімдік дәні. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енген.

Мәдениеттегі орны

Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл...

Бозторғай тыныштықты ерекше сүйетін құс, ұясына өзгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады.

Дереккөздер


Tags:

АнтарктидаАрамшөпАуыл шаруашылығыДалаЖерЖәндіктерТорғайларШөлШөлейтҚазақстанҚыстауҚұстарӨсімдік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміХалықаралық еңбектiк миграцияАқпан төңкерісіАлғашқы көмекАралтөбе (көне қорым)ОдағайКөлікСудың ластануыЗат есімТемірҚазақстан халқы ассамблеясыБейімбет Жармағамбетұлы Майлин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісРайымбек батырТыныс алу жүйесіСын есімЕділ қағанМагнит өрісіҚазақстанның сыртқы саясатыҚыз ЖібекҒылыми стильАққан жұлдыз (роман)ЛуврТеріӘбу Насыр Әл-ФарабиМәдени өсімдіктерГүлБаяндауышІлияс ЕсенберлинБактерияларҚызылша (медицина)Қозы Көрпеш – Баян СұлуФерромагнетиктерАлкандарҚаңлыларЖаһандануӨкпеЭволюциялық ілімЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановЛеонардо да ВинчиҚосарлы ұрықтануМахаббат, қызық мол жылдарАлкиндерАшық тұқымдыларТәуке ханҚоршаған ортаның ластануыҚазақстандағы саяси партияларІлияс ЖансүгіровМұражайМал шаруашылығыАвтотрофтарАрал экологиясыЖүрек-қантамырлар жүйесіСөйлемҒұндар мемлекетіАтом ядросыГендік инженерияЭлектр тогыБауыр (орган)Каспий теңізіӘбілқайыр хан (Кіші жүз)АмерикаТау жынысыАй (серік)Жеті қазынаТұмар ханшаII ЕкатеринаҚалқанша безАқбөкенСпортИранЖоңғар шапқыншылығыШымкентМерезТыныс алуКеңес Одағының білім беру жүйесіЭндокриндік жүйеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚуандық Уәлиханұлы Бишімбаев🡆 More