Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады.
Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Кең тараған Қыстау үйінің пішіні төрт-бұрышты, есіктері мен терезелері оңтүстікке, ал бітеу қабырғалары қысқы желдің өтіне қарайды. Қабырғалары шикі кірпіштен, шымнан, кейде тастан қаланады. Тұрғын бөлмелер саны 2 - 4-тен келеді. Астық, т.б. азықтарды ішкі қабырғасы күйдірілген ұраларда (тереңдігі 2 м-ге дейін) сақтайды. Үйдің ортасына биіктігі қабырға бойынан сәл асатын ағаш діңгек - бақан қаз қатар орнатылады. Оларға ұзына бойы бас арқалық (белағаш) қойылады да, ал арқалыққа көлденең сырғауылдар - жөкелер төселеді. Оның үстіне қамыс жауып, балшықпен бастырылған бақандар мен сырғауылдар жүйесіне арқа сүйейді. Жарық төбедегі тесік арқылы кіреді. Мұндай Қыстауды қазіргі кезде кейбір жерлерде шопандар пайдаланады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қыстау, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.