Аят

Аят (араб.: آية‎, белгі, кейде өлең деп те аударылады) — Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі.

Құран 114 сүреден (тараудан) тұрады. Ол сүрелер (Фатихадан өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Аятты сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлшегі, яғни сөз тіркестері деп те айтуға болады. Құранның көп бөлігі ұйқасқан қара сөздер арқылы жазылған, яғни бірнеше аяттың соңы бірыңғай буында құралып отырады. Ең ұзақ сүреде 286 аят бар. Аяттарда бір сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құранда барлығы 6204-тен 6236-ге дейін (әртүрлі есептер бойынша) Аятта, 77934 сөз бар.

Аят
Құранның алғашқысүресі

Құрандағы сәжде аяттары

Олар:

  • Ағраф 206,
  • Раъд 15,
  • Нахл 41,
  • Исра 107,
  • Мәрйәм 58,
  • Хаж 18,
  • Фурқан 60,
  • Нәмл 25,
  • Сәжде 15,
  • Сад 24,
  • Фуссиләт 37,
  • Нәжм 62,
  • Иншиқақ 21,
  • Ъалақ 19.

Ислам шариғаты бойынша осы сәжде аяттарының қайсы бірін оқыған не естіген адамға тіләуәт сәждесін жасау уәжіп болып есептеледі.

Құранда 114 сүре бар, 6 236 аят бар, “Құран Кәрім” сөзі 79 000 рет қайталанған және Құранда 323 670 әріп бар.

Бір мұсылман Құранды толық оқып шықса әр әрпіне 10 сауаптан алады. Яғни 323 670 х 10 тең 3 236 700 болады екен. Демек Құранды толық оқып шықсаңыз 3 236 700 сауапқа ие болады.

Құранда қанша аят бар?

Құранда қанша аят бар екендігі жайлы ғалымдардың бірнеше пікірлері бар.

Бұның себептері кей ғалымдар ұзын сөйлемді бірнеше сөз деп есептесе, кейбірі бір аят деп есептеген. Шафиғи ғалымдары аяттардың басындағы бисмиллә сөзін сүренің ішінде деп есептесе, Ханафи ғалымдары бисмиллә сөзін бөлек бір аят деп есептеген. Сол секілді «Я-син»,

«Ха-Мим» секілді әріптерге байланысты осындай пікірлер бар.

Ибн Аббас Құранда 6616 аят,

Нафи 6217,

Шәйбә 6214,

Мысыр ғалымдары 6226,

Араб тілі және әдебиетін жақсы меңгерген риторик ғалым Замахшари Құранда 6666 аят бар деген пікірлер айтқан.

Ибн Хузайма «ән-Насиху уәл Мансуху» кітабында Құранда 6666 аят бар деген тоқтамға келіп, аяттарды мына төмендегідей бөліктерге бөлген:

Уаъд (уәде беру) аяттары – 1000

Уаъид (жазалану туралы ескерту) аяттары – 1000

Әмір аяттары – 1000

Наһи (тыйым) аяттары – 1000

Хабар және қисса аяттары – 1000

Мысал және ғибрат аяттары – 1000

Ахкам (үкімдер) аяттары – 500

Дұға және тасбих аяттары – 100

Насих және мансух (үкімдері жойылған) аяттар – 66

Осылайша барлығы – 6666 аят болады деп жазған.

Дегенмен Куфа ғалымдары Құранда 6236 аят бар деген пікір айтқан.

Бүгінгі күні Куфилердің пікірі бойынша Құранда 6236 аят бар деген тұжырымға тоқталған.

Бүгінгі күні басылып жатқан Құран кітаптарының барлығында 6236 аят бар.

Дереккөздер

Tags:

Араб тіліСүреҚұранӘл-Фатиха сүресі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МезозойҚабанбай батырДауыссыз дыбыстарПысықтауышТөле биОзон қабатыЖүйке жүйесіҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЛеонардо да ВинчиТоғыз-құмалақБұрындық ханҚоршаған ортаның ластануыЭкологиялық пирамидаҚазақстандағы көмірБұқаралық ақпарат құралдарыТүйелерТопырақЖақты сөйлемЖаңа білім беру жүйесіКөксерек (әңгіме)ЭкономикаОңтүстік ҚазақстанЮпитерЖер сілкінуҚосарлы ұрықтануҚазақстан географиясыЭкологияӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановЖұқпалы ауруларОрманКонсументтерИнтеграцияЕгемендікМысИталияОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыБіріккен Ұлттар ҰйымыТуберкулезӨсімдіктерДін философиясыКартопФерменттерҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЫбырай АлтынсаринКарл ЛиннейҚазақстан тарихыҮстеуНаурыз мейрамыҚорқыт атаҚазақстан мәдениетіҚайта құру кезеңіАбай ҚұнанбайұлыНесіпбек Тұрысбекұлы АйтМақал-мәтелдерАлкандарАмерикадағы азамат соғысыӨзбектерМашинажасауҚыпшақтарФранцияАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевТәуке ханҚышқылҚұстарҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріӘл-Фатиха сүресіМәдени мұраМіржақып ДулатұлыАвтотрофтарТұқым қуалайтын өзгергіштікӨзбекстанКапитализмТұқым қуалаушылықҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)АқуызАлтын Орда🡆 More