Бас Сүйек

Бассүйек (лат.

Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады.

Бас Сүйек
Тышқан бас сүйегі

Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі. Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады.

Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал Бассүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады.

Бассүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде Бассүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1,5 жаста, ал жалпы Бас сүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады.

Бассүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа — брахикранды, орташа — мезокранды, ұзын — долихокранды болып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім. Бірақ ғылым Бас сүйектің пішінінің әр алуандығы нәсілдердің айырмашылықтарын емес, қайта олардың ұқсастығын, бір тектен шыққанын дәлелдеді деп тұжырымдайды. Барлық нәсілдерде бастың шеңбері 53 см-ден 61 см-ге дейін өзгеріп отырады.

Бассүйек жақсы сақталатын болғандықтан, антропогендік зерттеулерде бұрын өмір сүрген адамдардың дене тұрқын анықтау үшін қолданылады. Әр түрлі сырқаттардың патологиялық асқынуына байланысты Бас сүйек түрліше өзгеріп отырады. Өлген адамның Бассүйегі де қабірде жатып өзгеріске ұшырайды.

Бассүйекті қолдан да өзгертуге болады. Мысалы, бесікте, құндақта үнемі шалқасынан жатқызған нәрестенің қарақұсы жалпайып кетеді. Жастайынан баланың маңдайы мен қарақұсын орамалмен айналдыра қыса байлап өсірсе, төбесі шошақ болып қалыптасады. Кей жағдайда, маңдай мен қарақұсқа тақтай немесе құм салынған дорба байлап та Бас сүйектің пішінін өзгертуге болады. Кейбір халықтар баланы жас кезінен төбесін жалпақ етіп өсіреді. Егер тақия, бөрікті үнемі тастамай кисе де, Бас сүйек пішіні өзгеріске ұшырайды.

Бас пішінін әдейі өзгерту дәстүрі ерте заманда Азия, Еуропа, Америка тұрғындарының арасында болған, кейбір халықтарда қазірде де бар. Ғұндар, сарматтар, т.б. көшпелі тайпалар бас пішінін қолдан өзгерткен. Мұндай салт б.з.б. 3—1 ғасырларда қазақ жерінде де орын алған.

Жалпылама

Ми сауыты мен бет бөлімдері бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік байлансқан маңдай,төбе,самай,шүйде. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде білкілдеп тұратын жұмсақ жері-еңбегі(родничок). Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысы әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содаң соң шеміршекті,ең сонында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты,мұндай жерлерсамайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа елгенде сүйек қатая бастайды.

Галерея

Сілтемелер

Дереккөздер


Tags:

Бас Сүйек ЖалпыламаБас Сүйек ГалереяБас Сүйек СілтемелерБас Сүйек ДереккөздерБас СүйекАс қорыту жүйесіЖануарларЛатын тіліМиОмыртқалыҚаңқа

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның Қызыл кітабыБауыржан МомышұлыХлорАзаматтық құқықКөксерек (әңгіме)Төле биТүркістан автономиясыҚазақстандағы әскери коммунизм саясатыКарбон қышқылдарыШығыс Түрік қағанатыҚызылордаМақалаКремнийГипертониялық кризЖалқы есімАлкендерҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҚазақ хандығыИсламдағы жыныстық өмір әдебіТұздар (химия)ҚажылықМаркетингКүкірт қышқылыСырдарияГастритАңырақай шайқасыСемей полигоныЕсік Алтын адамыҚадір түніТүркияАминдерБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевСудың ластануыЖарапазанДулат БабатайұлыТұрақты сөз тіркесіҚабынуЖылқы малының атауларыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Олимпиада ойындарыТың игеруҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміАдамның зәр шығару жүйесіӨндірісҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысСанау жүйесіЭтносЖаңа білім беру жүйесіАнглияАқан серіРибонуклеин қышқылыАйқапЭндокриндік жүйе1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақстан қорықтарының тізіміДифракциялық торЖеті жарғыСүтқоректілерКөкжөтелЖер құрылымыБәйтерек (монумент)ҚұлақАсық ойыныҚазақстан тарихыТолықтауышҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЕсілЛейкозЖәдидшілдікЖүйке жүйесіХлоропластКүрделі эфирлерҒаламдық экологиялық проблемаларТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыКөнерген сөздерАбайдың қара сөздері🡆 More