Төбе

Төбе – археологияда ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды биіктік.

Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай төбелер үйлердің жарамсыз бөлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт төбелерге әр түрлі ат беруі мүмкін.

Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін Ақтөбе, Қаратөбе, Алтынтөбе, Күлтөбе, Төрткүлтөбе, Жуантөбе деп келетін көптеген төбелер бір кездегі мекендердің орындары. Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартөбенің биіктігі 18 м-ден астам. Осындай төбелердің көпшілігі жазба деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтөбе, Қарашық қаласының орны – Төрткүлтөбе, ежелгі Сауранның орны – Қаратөбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де төбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітөбе, Мыңтөбе, Бестөбе, т.б. Мұндай Төбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары болады. Бұл Төбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба жұмыстары жүргізілмеген төбелерді тегістеуге, оның үстінен жол жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған.

Дереккөздер




Tags:

Археология

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайЖошы ханЭмбриогенезКәсіпорынМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыМақта (дақыл)Көктем16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыШығыс ҚазақстанҚазақстанның Мәдени мұра жобасыҚазақстанның экономикалық аудандарыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМетаморфтық тау жыныстарыБарбаросса жоспарыОрыс асханасыАлланың есімдеріШарын шатқалыҚазақстанның тұңғыш мектептеріСемей полигоныҚышқылОралхан БөкейБір жасушалыларАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы314-атқыштар дивизиясыМарқакөл қорығыИранБұқаралық мәдениетСәбит Мұқанұлы МұқановСаяси партияРинат Рифхатұлы ЗайытовСу көлігіМиссионерлiкКүнбағысӘдемі инелікБұрыш (геометрия)Екінші дүниежүзілік соғысСұрыптауҚасым ханның қасқа жолыҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыҒарышкерҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемҚазақстанның экологиялық проблемаларыХимия өнеркәсібіМайданҚазақ қолөнеріЕуропа одағыҚазақтарТабиғатАнемияИбн СинаОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыҚазақстан демографиясыФариза ОңғарсыноваҒылыми-техникалық прогрессБақытсыз ЖамалСалауатты өмір салтыҚазақстандағы «қайта құру» саясатыАқбілек (роман)БүйрекАзотШығыс Қазақстан облысыШайтанкөлСаяси мәдениетАксонАралтөбе (көне қорым)Батыс ҚазақстанОрталық ҚазақстанЖұлдызҒаламдық экологиялық проблемаларЖіктік жалғауӨсімдік селекциясыҒаламшарЖүктілікҚазақстанның пайдалы қазбаларыЖүсіпбек АймауытовОм заңыТел өскен ұл🡆 More