Қарақұс

Қарақұс, немесе ақиық(лат.

Алматы облысының аудандарын мекендейді. Қанатының ұзындығы 620 мм, салмағы 2-2,3 кг. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы бар. Балапан кезінде бірыңғай ақ болады.

Қарақұс
Қарақұс
Амандық күйі
Қарақұс
Vulnerable (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Сұңқартәрізділер
(немесе Қаршығатәрізділер, q.v.)

Тұқымдасы: Қаршыға тұқымдасы
Тегі: Aquila
Түрі: A. heliaca
Екі-есімді атауы
Aquila heliaca
Savigny, 1809
Синонимдері

Aquila heliacea heliacea

Қарақұс
Aquila heliaca

Наурыз айында облыстың құмды-сексеуілді жерлеріне келіп, қазан айларында қиыр оңтүстікке оралады. Сәуір айында 1-3 жұмыртқа салып, оны кезектесіп 40-50 күн басады. Балапандары 65-70 күнде ұядан ұшады. Құмды, далалы жерлердің ұсақ жәңдіктерімен қоректенеді. Сиреп бара жатқандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Қазақстанның биік таулары мен ағашы және суы аз шөлді жерлерінен басқа барлық аймақтарында кең тараған. Әсіресе, жазықты және тау бөктерлеріндегі аудандарда жиі кездеседі. Мекені – шоғырлы және шағын қарағайлы ормандар, сексеуілді түлейлер, тоғайлар мен далалы, шөлейтті және шөлді жерлердегі ашық алаңдар. Қарақұстың қанатының ұзындығы 54 – 62 см, салм. 2,5 – 3,0 кг болатын ірі құс. Сыртқы пішіні бүркітке ұқсас, реңі қоңыр-қара, көзі сарғыш, не ашық қоңыр, тұмсығындағы балсірісі мен аяқтары сары түсті. Ерекшелігі иығында ақ дағы болады және ересек құстардың басы сарғыш-қоңыр. Аналығы аталығына қарағанда үлкен. Ұшуы жай, қанаттарын сирек қағып, қалықтап ұшады. Ұшып жүргенде жалпақ қанатының ұшындағы қауырсындары саусақ тәрізді тарамдалып көрінеді. Өте көп ағаш бұтақтарынан тұратын үлкен ұяны ағаш басына, бұталардың үстіне, сирек ашық жерлер мен электр желісі тартылған бағаналарға аталығы мен аналығы бірігіп салады. Қорегі – майда сүтқоректілер (саршұнақтар, құмтышқандары, құм қояны, т.б.), құстар (тауықтәрізділер, үйректер, балшықшылар, шағалалар мен қарқылдақтар, ақтұмсық қарғалар мен ұзақтар, т.б.). Сондай-ақ, тасбақалар, жыландар, кесірткелер, саяқ шегірткелер және өлекселермен де қоректенеді. Қарақұс – жыл құсы. Республикамызда наурыздың ортасынан қарашаның басына дейін кездеседі. Сәуірде ұясына 1 – 3 секпілді жұмыртқа салып, оларды 1,5 айдай қоразы мен мекиені кезектесіп шайқайды. 2,5 айдан соң балапандарын қанатына қондырып, ұядан ұшырады. Африка мен Оңт. Азияда қыстайды. Қазақстанда Наурызым қорығында қорғалады, Алматы хайуанаттар саябағында 6 жұбы ұсталады. Қарақұстың жылдан жылға саны азаюда, сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

Статусы

3-ші санат. Сирек түр, саны қысқаруда. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (1984).

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Туыстың Қазақстан фаунасындағы төрт түрінің бірі.

Таралуы

Марокко, Евразияда – батыста Испаниядан бастап шығыста Байкал көліне дейін кездеседі. Қазақстанда кең тараған, тек солтүстік ендіктің 53°-н терістікке қарай және Қызылқұмның оңтүстік бөлігінде, сол сияқты ормансыз және биік таулы аудандарда табылмаған. Нил өзенінің аңғарында және Оңтүстік Азияда қыстайды .

Мекендейтін жерлері

Алуантүрлі, бірақ ағашты өсімдіктер (аққайыңды шоқорман, шоқормандар, сексеуіл ормандары, тоғайлар, далалы, шөлейтті не шөлді жерлердегі ормандар) бар учаскелер болуы міндетті .

Саны

Кей жерлерде кәдімгідей, мысалы Науырызымда, 1970-1981 жылдары 27-30 жұбы мекендеген , десе де көпшілік аудандарда сирек: Аралмаңы Қарақұмда 30-40 км-де 1 жұп , Арыс ойпаты мен Сарысу өзенінің төменгі сағасында 2000 км-де 1984 жылы 20 құс және 5 ұя есепке алынған , Талас пен Асы өзендерінің аңғарларында 600 км маршрутта 1983 жылы тек 1 ұя ғана, Аңдысай қорықшасында 1984 жылы 8 ұя табылған .

Негізгі әсер ететін факторлар

Мекендейтін жерлерін бұзу, ЭТЖ-ң бағаналарында өлім-жітімге ұшырау, қоректік нысандарының санының ауытқуы , жергілікті тұрғындардың аңшы құс ретінде бүркіт деп балапандарын ұядан алуы.

Биологиялық ерекшеліктері

Ұялау консерватизмі анық байқалатын жыл құсы. Көктемде наурызда ұшып келеді, ұшып кетуі қыркүйектен басталады. Ұясын әр уақытта ағашқа, сирек бұтаға, түк болмағанда жерге және ЭТЖ-ң бағаналарына салады. 1-3 жұмыртқасы бар ұя сәуірде пайда болады, 43 күн шайқайды, балапандары 60 күннен соң ұяны тастайды . Негізінен орташа денелі кеміргіштермен қоректенеді, қояндар мен жас суырларды ұстайды, жиі тауықтектес құстарды, су құстарын, безгелдектерді, жорға дуадақтарды, кейде рептилиялар, тіпті насекомдарды да аулайды.

Қолда өсіру

Алматы хайуанаттар паркінде 6 құс ұсталады, бірақ көбеюі белгісіз.

Қабылданған қорғау шаралары

Науырызым қорығында қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

Қаскерлермен күрес, ұяларын табу және қорғау, қолда өсіру әдістерін және ормансыз аудандарда арнайы платформаларда ұялауға үйрету жолдарын дайындау.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Қазақстанда ұялау орындарының таралуының және санының кадастрын жасау; санын шектейтін факторларды анықтау.

Дереккөздер


Tags:

Қарақұс СтатусыҚарақұс Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызыҚарақұс ТаралуыҚарақұс Мекендейтін жерлеріҚарақұс СаныҚарақұс Негізгі әсер ететін факторларҚарақұс Биологиялық ерекшеліктеріҚарақұс Қолда өсіруҚарақұс Қабылданған қорғау шараларыҚарақұс Қажетті қорғау шараларыҚарақұс Зерттеу жөніндегі ұсыныстарҚарақұс ДереккөздерҚарақұсАлматы облысыЛатын тіліСұңқар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бұлтты технологияСтоматитБағаналы жасушаҚожаМиокард инфарктіЯдроҚұранБезСырым ДатұлыӘдеби жанрларЖеңіл атлетикаМұхитОғыздарТобылЫңғайлас салалас сөйлемЛейкозЖошы ханҚожа Ахмет Ясауи кесенесіГенетика терминдерінің тізіміСаясатБейімбет Жармағамбетұлы МайлинСаяси режимҚазақстан туыҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАңырақай шайқасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАлаш партиясының бағдарламасыПугачев бастаған шаруалар соғысыАлкандарСауалнамаСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыТарауих намазыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҒылымАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚарақұм құрылтайыҚаңқаТүркілерАлпамыс батырНаурыз көжеӘл-Фатиха сүресіҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеҮстеуSTEMВирустарҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеАлтын Орда тарихыДара сөздер мен күрделі сөздерҚазақстан Парламентінің МәжілісіАстанаТопырақСөз табыМіржақып ДулатұлыДевианттық мінез-құлықСұлтанмахмұт ТорайғыровГеографиялық картаКребс цикліҚазақстандағы саяси партияларАИВ/ЖИТСҚазақ хандарыДепортацияРесейӘлкей Хақанұлы МарғұланПайдалы қазбаларКөшбасшылықКөші-қонДифракциялық торАсқазан ауруларыГеографиялық ақпараттық жүйеТері ауруларыТірек-қимыл жүйесіҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚұлақХлорОперациялық жүйелерАллитерацияHTML🡆 More