Балқарағай

Балқарағай (лат.

Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір Балқарағайы — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Балқарағай
Балқарағай
Балқарағай

Сипаттамасы

Біржылдық қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Кәдімгі шырша, қарағай секілді биік болып өседі. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды да кездестіруге болады. Тамыры тереңге бойлап жайылады. Сондықтан да оны сел, көшкін жүретін маңдарға еккен абзал. Қылқандарын түріне қарай әр мезгілде түсіреді. Сібірлік балқарағай қылқанын қазан айының екінші жартысында түсірсе, американдық балқарағай қараша айында түсіреді. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан уақытта гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті әдемі бүрлерін айтады.

Балқарағай екі үйлі өсімдік болып саналады. Аталығының бүрі - дөңгелек қоңыр түсті болса, аналығы - қызыл, күлгін, сары түсті. Ол тез өсетін және ұзақ өмір сүретін ағаштар қатарына жатады. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы суыққа өте төзімді. Балқарағайдың барлық түрлерінің (еуропалық, жапондық және т.б) бұтақтары төменге салбырап өседі. Арнайы жалғанбалы түрлері де бар. Бірақ, жалғанбалы түрлері суыққа шыдамсыз.

Қолданылуы

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

Күтімі

Балқарағай — жарықты сүйетін ағаш. Отырғызылатын жері көлемді, әрі кең болуы қажет. Жаз кезінде мол суғаруды қажет етеді.

Көбейтілуі

Тұқымын себу және қалемшелеу арқылы көбейтеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Балқарағай СипаттамасыБалқарағай ҚолданылуыБалқарағай КүтіміБалқарағай КөбейтілуіБалқарағай ДереккөздерБалқарағай Сыртқы сілтемелерБалқарағайАлтайАғашБояуЖемісЛатын тіліСауыр жоталарыСолтүстік ҚазақстанСпирттерТарбағатайШығыс ҚазақстанЭфир майыҚазақстанҚарағайлар тұқымдасыҚағазҚылқан жапырақтылар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МысықТолықтауышСпартак көтерілісіҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыУкраинаИбн СинаАллитерацияФантастикаТанымал қазақтардың тізіміҚазақстан Республикасының КонституциясыӨсімдіктер систематикасыАдам қаңқасы18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЖіктік жалғауТитанЕсімшеАмерикадағы азамат соғысыАрыстан баб кесенесіҮстеуӘмір ТемірКүнделік.кзЕтеккірИнеліктерРим империясыНұралы ханВегетативтік көбеюҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерЖүктілікОрбұлақ шайқасыАндроново мәдениетіЗәр шығару жүйесіАлғашқы көмекСаяси партияКірпітәрізділерТөле биКенесары ханБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевАИВ/ЖИТСҚазан төңкерісіӘжеҚазақтарТозаңдануКөмірсуларҚазақ хандарыИранMicrosoft ExcelБіріккен Араб ӘмірліктеріЗиготаРаушангүлділерКөлікҚазақ батырлар тізіміЖапонияЗат алмасуАлаш автономиясыЕсім ханҚорғансыздың күні (әңгіме)Адамның табиғатқа әсеріҚызылша (медицина)Сыбайлас жемқорлықҚазақстандағы су тасқыны (2024)ХристиандықБиотехнологияФерромагнетиктерЕсім ханның ескі жолыҚасым ҚайсеновҚой шаруашылығыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновБейбітшілікДүниежүзілік сауда ұйымыАқуызТұмар ханшаЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ЭволюцияҚан топтары1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҰлы жүзҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыЖаһандану🡆 More