Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкімет-аралық тәуелсіз ұйым.

БҰҰ-жүйесіне кіреді, бірақ онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас жасайды. Агенттік өзінің қызметі туралы БҰҰ бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 125 ел мүше. Ұйым бюджеті 256 млн. АҚШ долларынан астам. Атом қаруы бар мемлекеттерде (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, ҚХР) ядролық қондырғылардың бір бөлігі өз еркімен АҚХА бақылауына қойылған. Израилдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы бірқатар қондырғылар Агенттіктің бақылауынан тыс қалып отыр.

International Atomic Energy Agency Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі

The IAEA flag
The IAEA flag

АЭХА мүшелері
АЭХА мүшелері

Құрылуы1957
Бас кеңсесіВена, Аустрия
Мүшелері125 мемлекет мүше
Ресми тілдеріАраб тілі, Қытай, Ағылшын, Француз, Орыс және Испан тілдері
Бас хатшысыМухаммед аль-Барадеи
Ресми торабыhttp://www.iaea.org
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі
АЭБХА-ның Венадағы бас штабы

АҚХА-ның маңызды қызмет ету салалары – атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану, осы салада тезникалық көмек көрсету, атом электр стансаларының (АЭС) қауіпсіздігін арттыру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, радиоизотоптарды медицинада, т.б. адамзат шаруашылығында пайдалану. АҚХА қамқорлығымен Ресейдің, АҚШ-тың, Жапонияның және Еуропа қоғамдастығының ғылыми күштерін Халықаралық термоядролық сынақ реакторларын (ITER) жасау үшін біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. АҚХА-ның бақылау қызметін жетілдіру және кеңейту шеңберінде 1997 жылы мамырда “Кепілдіктер жүйесінің пәрменділігі мен тиімділігін арттыру” бағдарламасы қабылданды. АҚХА ядролық заттардың зиянсыз айналымы жөніндегі ақпараттар мен деректерді жинап, талдап, қорытады. Тек мемлекеттер ғана АҚХА-ға мүше бола алады.

Басқарушы органдары: мүше елдердің жыл сайын шақырылатын Бас конференциясы, 35 адамнан тұратын Басқарушылар кеңесі және ағымдағы жұмыстарды іске асырушы екі мыңнан астам қызметкері бар хатшылар тобы, соңғысын бас директор басқарадыіқі. Штаб-пәтері Венада орналасқан.

Қазақстан мен АҚХА

Қазақстан Агенттікке 1994 жылы мүше болып кірді. Өзін ядролық қаруы жоқ деп жариялауына және Семей атом сынақ алаңының жұмысын тоқтатуына байланысты Қазақстанның бұл Агенттіктің қызметіне қатысуының маңызы артып отыр. АҚХА 1994 жылдан бері Қазақстанда атом қуатын пайдалану саласындағы аса қажетті мәселелерді шешуге көмек көрсетіп келеді. Бұл салада заңдар мен құжатар жүйесін жасауға көмектесу, ядролық реакторлырға және ядролық-отын циклді кәсіп-орындарға сараптау жүргізу, республиканың әр түрлі ұйымдарына аспаптар мен жабдықтар түріндегі техникалық көмек жақсарды. Семей сынақ алаңында радиациялық жағдайдың қазіргі күйін анықтау мақсатында АҚХА мамандарының үш өкілдігі (миссиясы) жұмыс істеді. 1994 жылы шілдеде Алматыда Қазақстан мен АҚХА арасында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа байланысты кепілдіктер беруді қолдану туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімді дайындау мен іске асыру барысында Агенттік жағынан Қазақстанға сараптау-әдістемелік және техникалық көмек көрсетілді.

Сыртқы сілтемелер

Tags:

АҚШБҰҰИзраильПәкістанРесейФранцияҚХРҮндістанҰлыбритания

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАтырауҚазақстанның тұңғыш мектептеріНоғай ордасыШектіАдам даму индексі бойынша елдер тізіміАхмет Қуанұлы ЖұбановШілдеханаОрта жүзРахымжан ОтарбаевЖерXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіРайымбек батырЖанар АйжановаБозжыра шатқалыМемлекеттік басқару формасыМұхаммедТамаТың игеруҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚырғыз руыАлматы облысыАқмешіт әулие үңгіріЖүсіп БаласағұниБалуан ШолақТабиғатты қорғауОксидтерІштің қатуыОтырарВолейболШайбалы хоккейАрғынТромбоцитСан есімҚытайӘлемнің жеті кереметіҚазақ мәдениетіБөгенбай батырАлаш ОрдаQazaqstan (телеарна)ЖанысПсихологияның зерттеу әдістеріҰлпан (роман)Қазақстан қорықтарының тізіміҚоңыратРобототехникаСиқымАлтын Орданың хандарының тізіміАзаматтық қоғамБатырлар жырыАй (серік)ГеродотКрест жорықтарыСауд АрабиясыПольшаРесей империясыБерішСаясатҚожаКарта ойыныЭрих Мария РемаркБекзат Сейілханұлы СаттархановЕтістікҚазақ билеріҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеСинонимЖерлеу рәсіміСептік жалғауАқан серіТаразҚазақ күресіҚостанай облысыБиотехнологияҚызыл кітапБұлшық етМысырСалалас құрмалас сөйлемЖапонияҚарағанды облысы🡆 More