Арте Повера

Арте повера (итал.

Арте Повера суретшілері табиғат пен өндіріс арасындағы диалогты өндірістік немесе көркем емес материалдарды қолдану арқылы көрсетіп, дәстүрлі өнер түрлері мен көркемдік кеңістігінің шектеулерінен шығармашылықты босатқысы келді. Бұл қозғалыс Америкадағы арте повера секілді өндірістік материалдарды қолданған минимализммен бірдей уақытта оппозицияда және байланыста болып, халықаралық өнер сахнасында елеулі құбылысқа айналды. Арте повера суретшілері тұрғысынан, минимализм арте повера үшін маңызды болған поэтикалық, саяси және тарихи мәселелерді қарастырмады. Арте повера - тек қана суретшілер қауымдастығы болған жоқ, бұл, ең алдымен, жетекші мен сыншының көмегімен өзінің тұтастығын танытқан қозғалыс болды.

Арте Повера
Марио Мерц. Тастан жасалған иглу

Тарихы

Арте повера қозғалысы 1960 жылдары Италияда пайда болды. Бірнеше жыл ішінде ғана дамып, қалыптасқан бұл қозғалыс соғыстан кейінгі Еуропадағы ең көрнекті өнер қозғалысына айналды. Арте повера қозғалысы 1960-шы жылдардағы саяси наразылықтар аясында толық қалыптасты. Қозғалыс қатысушыларын сол кезеңдегі капитализмге қарсы көзқарастары біріктірді, бірақ олар ешқандай партияға немесе топқа қосылмады және толығымен өнер мен эстетика аумағында қалды. Арте повера суретшілері мұражайлар мен галереялар кеңістігіне табиғи және символдық, сезімдік және концептуалды мүсіндер мен қондырғыларды үйлестіре отырып, жаңа әдістер мен материалдарды әкелді. Арте повераға жақын өнер түрлерінен - минимализм, концептуализм және поп-арттан негізгі айырмашылығы - адам мен материалдық әлемнің өзара әрекеттесуіне және табиғи апаттар мен қолөнер жұмыстарының эстетикасына назар аударды. «Кедей өнер» атауын 1967 жылы куратор және сыншы, Джермано Челант ұсынған. Бірінші көрмелерінен кейін көп ұзамай, Джермано Челант жаңа көркемдік қозғалыстың манифесті деп санауға болатын мақаласын жариялады - «Арте Повера: Партизан соғысы туралы жазбалар». Бұл қозғалыс итальяндық тамырларын соңына дейін сақтағанымен, Челант оған халықаралық мағына бере алды. 1969 жылы оның „Arte Povera“ атты кітабы ағылшын және француз тілдерінде жарық көрді, ал қозғалыстың ірі көрмелері Лондон, Амстердам және Нью-Йорктте өтті. Алайда келесі бірнеше жыл ішінде Арте Повера біртұтас көркемдік қозғалыс ретінде өмір сүруін тоқтатуына қарамастан, жеке суретшілердің шығармашылығында оның негізгі қағидалары осы күнге дейін өмір сүріп, дамып келеді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Джермано Челант «Arte Povera - Im Spazio» («Арте Повера - ғарышта») атты көрмесін ұйымдастырды. Оған бағыттың негізгі өкілдері қатысты: Яннис Кунеллис, Микеланджело Пистолетто, Джованни Ансельмо, Джулио Паолини, Джузеппе Пеноне, Марио Мерц, оларға тағы он шақты итальяндық жас суретшілер қосылды. Олардың көпшілігі қарапайым және қатқыл материалдармен - шүберек, көмір, жаймалар, жер, су, мақта, болат шыбықтармен, ағаш және газеттермен жұмыс істеді. Бірақ бағыт атауындағы «кедейлік» сөзін тура мағынасында қабылдауға болмайды. Суретшілер поэтикалық әсерге қарапайым тәсілдермен жетіп, эстетикалық тәжірибенің мәнін ашуға, көрермен тәжірибесін алдын-ала қалыптасқан түсініктер мен идеологиялардан босатуға тырысты.

Танымал сурешілері

  • Лучо Фонтана,
  • Фаусто Мелотти,
  • Альберто Бурри,
  • Микеланджело Пистолетто,
  • Пьеро Мандзони,
  • Ева Гессе,
  • Яннис Кунеллис,
  • Джузеппе Пеноне

Дереккөздер

Tags:

АмерикаГенуяИталиян тіліМиланРимТурин

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Физикалық-географиялық аудандастыруТрансформаторБенье-ле-ЖуифТемпераментБотай мәдениетіҰлт-азаттық көтерілістерЖамбыл ЖабайұлыЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚазақстан әкімшілік бірліктеріАлаш ОрдаҚазақстандағы көмірЗар Заман ақындарыДеректер қорыИсламдағы жыныстық өмір әдебіСаңырауқұлақтарЖүсіпбек АймауытовМақал-мәтелдерДінКөзЖол белгілеріАбай жолы (роман)Қазақстан географиясыЖылулық сәулеленуАннотацияАуған соғысы (1979—1989)ЗікірАбсолют қара денеАурухана ішілік инфекцияҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріӨркениетМөде қағанОм заңыЭтикаҚазақ халқының мәдениетіОю-өрнекЭндокриңді бездерРесейӘйелдердің киім-кешегіҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріҚазақ мәдениетіКөлік жолдарының ұзындығы бойынша елдер тізіміАқсу-Жабағылы қорығыНаурызБұрындық ханБірінші дүниежүзілік соғысБронхитЕкібастұз көмір алабыСемей полигоныСақтарГенҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЯдроҚазақ хандығының құрылуыЗар ЗаманБатаШәует шығаратын өзекИталияЖау тылындағы балаКиіз үй құрылысыБиотехнологияМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыАлкендерҚазақстан өзендеріХимиялық элементтер тізіміСаяси партияПотогендік микроорганизмдерТұмар ханшаРедуценттерГормондарКорея РеспубликасыСібір темір жолыТемір жол көлігіЕкінті намазыТұтылуИнфрақызыл сәулеКіші жүздің Ресейге қосылуы🡆 More