Бата

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Бата Басқа мағыналар үшін Бата (мағына) деген бетті қараңыз.

Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.

Дастарқанға берілетін бата

Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарыңа амандық берсін.

2)Дастарқаның тоқ болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

Пәле-жала, жын-шайтан

Жоламасын қастарыңа!

Аллаһу әкбар!

Дереккөздер

Сыртқы Сілтемелер

Tags:

АдалАруақАқсақалДастарқанДәстүрЖиынКемеңгерНиетСапарТойТілек

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҰрықжолдастыларСұрыптауДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАбай ҚұнанбайұлыСу көлігіЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміӘл-ХорезмиҚадыр Мырза ӘліСабақтас құрмалас сөйлемҚайыңЭкстремизмТабиғатты қорғауСаңырауқұлақтарНұркен ӘбдіровЖіктік жалғауҚазақстан тарихыТөлеу сөзЖақсыз сөйлемМұнайҚазақтың арқар-мериносыМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАмерикаҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЭлектр энергетикасыҚазақстандағы транспортҒұндар мемлекетіМәскеу шайқасыАлкандарӨмірзая (роман)Азамат соғысыТіршілік ортасыБілім беруМолотов-Риббентроп пактыАндроново мәдениетіАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыЖұмбақтасСөз табыМинерал1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріЭндемикБейбітшілік және келісім сарайыҮш Жүз партиясыАққан жұлдыз (роман)ТемекіҚолдан сұрыптауМемлекет астаналары тізіміҚоғамКүкірт қышқылыАмерика–Жапон шарттарыТерминҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыСөйлем мүшелеріАналық жыныс жасушасыТеңеуКірпітәрізділерДостықШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновЕгемендікМайларҚазақ ұлттық киімдеріЖайылма сөйлемҮйсін мемлекетіСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовҚазақстан әкімшілік бірліктеріЖүсіпбек АймауытовТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАналық жыныс безіКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыФизикалық-географиялық аудандастыруТоғыз-құмалақҚарағайҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыҚыпшақтарЕсік Алтын адамыМұнай өнеркәсібіМұхтар Омарханұлы ӘуезовОксидтерБіржан Қожағұлұлы🡆 More