Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (лат.
1. іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:
2. егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы). Косіпорын қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс — ресурстық-энергетикалық байланыстың пайда болуы Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын арттыра түсті.
Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір процесс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше, осы байланыстағы ең маңызды жағдай - азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келген еді. Ал бүгінгі заманда осы қызметті өнеркәсіптік еңбек атқарады.
Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіруі тек аграрлық өндіріс қызметіне жататын болды. Ал осы өнімнің аз бөлшегі (1/4) тұтынушыға таза түрде жетеді, көбі (3/4) — техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады.
Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық, капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму зандарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе, өндіріс құралдарын (шикізат өндейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Азық және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталды. АӨК-нің құрылымын құратындар:
АӨК жабық өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.
Азық-түлік шаруашылығын, немесе, азық-түлік кешенін жеке бөліп қараған жөн. Осыған АӨК-ің азық-түлік бөлімі және балық, орман шаруашылығы, минералдық су өндірісі, ішетін су дайындау және тұрғындарды сумен қамту, тамақ тұзы өндірісі және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылық өндірістің машиналық стадияға ауысуымен байланысты, аграрлық еңбек аграрлық-өнеркәсіптік еңбекке айналады, ал аграрлық өндірістің өзі — аграрлық-өнеркәсіптік өндіріске айналады. Осыны бүгін жаңа типті жиынтық жұмыскер жүргізеді.
Аграрлық-өнеркәсіптік өндірістің өзіне тән жаңа біріншілік буыны болады. Сапа жағынан қарағанда оның биологиялық, материалдық-техникалық және ғылыми базасы бөтен болады. Ал ірі және ұсақ өндіріс үшін осы базаның дәрежесі бірдей болады. Бұл жағдаймен фермерлік шаруашылық құрғанда есептесу керек. Жаңа жағдайларда ұтылмау үшін, тапсырма беруші ірі фирмалардың қажеттігімен есептесе отырып, шаруалар өз шаруашылығын мамандандыруға мәжбүр болады. Ал осы қадам оның еркіндігін шектетеді, ол экономикалық, технологиялық және ғылыми тәуелсіздігінен айрылады. Өндірілетін өнімге, пайдаланған тұқымға, гербицидке, тыңайтқыштарға, жанармайға, арендаға алынған техникаға, техникалық, агрономиялық, ветеринарлық және басқа түрлі қызметтерге бағаны тапсырма беруші белгілейді. Бірсыпыра елдерде, шаруалар өздерінің мүдделерін қорғайтын кооперативтер құрып отыр. Осыған қарамастан, шаруалар мекен-жайының аграрлық өндірістің біріншілік буыны болуы жоққа шығып келеді.
АӨК қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-ің барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты рөлді қаржы өнеркәсіп топтары атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр.
Фермерліктің мәселелері шиеленісіп келеді. Шаруашылық қожалықтарынан өзгеше, фермерлік ауыл шарушылықтар жалдамалы еңбек қолдануға негізделеді. Бұлар ауыл шаруашылығының капитализациялануының бірінші кезеңінде пайда болған. Еңбек бөлінісі, өндірістің мамандануы, аграрлық өндірістің аграрлық өнеркәсіптікке айналуы, қатал бәсекелестік, бәсекелестік қабілеті бар шаруашылықтың көлемінің өсуі — осының барлығы фермерлік шаруашылықтардың шұғыл дифференциялануын тудырады. Бұлардың көбі жалдамалы еңбекті қолданудан бас тартып, шаруашылық қожалықтарымен қосылды, немесе, мүлде жойылды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Аграрлық-өнеркәсіптік кешен, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.