Петроглиф

Петроглиф (лат.

A.A. A.A.A.A. A.

петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар. Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі П. жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де П-тер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Басты сюжеттері адамдардың шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т.б.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том


Tags:

АргентинаАҚШБразилияИспанияИталияКанадаНорвегияПортугалияЧилиШвеция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГеосаясатНесіпбек Тұрысбекұлы АйтОтбасыҚазақтың 500 ән-күйіТатарларСолтүстік Қазақстан облысыАллитерацияМемлекет астаналары тізіміЭлектрокардиографияАлтынемел ұлттық паркіМетаморфтық тау жыныстарыТабиғи сұрыптауЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановАуыл шаруашылығыКөміртегіИспанияЖерНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев38-атқыштар дивизиясыМұнайКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөлденең жолақты ет ұлпасыАмерика–Жапон шарттарыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміМинералЖарықтың шағылуыТеміртауМемлекеттік басқару формасыБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевII ЕкатеринаПсихологияҚазақстандағы көмірҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыСарқылмайтын ресурстарБронхитТөтенше жағдайТөл сөзАзияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЭлектр энергетикасыЖіктік жалғауСептеулік шылауларҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевМұнай экспорттаушы елдер ұйымыСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовМәдени мұраАдам қаңқасыЭндемикҚазақстан Республикасының ПрезидентіТөлеген ТоқтаровАзаматтық қоғамКөмір өнеркәсібіҚазақстан халқы ассамблеясыБұланты шайқасыЖапонияЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Оңтүстік ҚазақстанБүркітЖай механизмТабиғи радиоактивтікФилософияҚыпшақ хандығыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныТерминАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚазақстан елтаңбасыКүнбағысСарматтарҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіСызықшаРентген сәулесіБұқаралық мәдениетӘбу Райхан әл-БируниӘлем елдерінің тізіміЭкономикалық интеграцияБарсакелмес қорығыҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларЭкологияӘуе көлігі🡆 More