Қостөбе Қалашығы

Қостөбе — 6–12 ғасырлардағы көне қала орны.

Байзақ ауданындағы Сарыкемер аулының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Қостөбе
Қостөбе Қалашығы
Мәртебесі

Әлемдік мұра (ЮНЕСКО),
Республикалық маңызы бар ескерткіш

Мемлекет

Соғдылықтар

Қазіргі жері

Қостөбе Қалашығы Қазақстан, Жамбыл облысы

Қалануы

VI ғасыр

Басқаша атаулары

Жамукат, Хамукат

Қиралды

XII ғасыр

Орналасуы

42°59′21″ с. е. 71°31′17″ ш. б. / 42.98917° с. е. 71.52139° ш. б. / 42.98917; 71.52139 (G) (O) (Я) 71°31′17″ ш. б. / 42.98917° с. е. 71.52139° ш. б. / 42.98917; 71.52139 (G) (O) (Я) (T)

Қостөбе (Қазақстан)
Қостөбе Қалашығы
Қостөбе
Қостөбе Қалашығы Басқа мағыналар үшін Қостөбе деген бетті қараңыз.
Қостөбе Қалашығы
Қостөбе қаласының қабырғалары

Алғаш А.Н.Бернштам 1938 ж. зерттеген. 1985 – 87 ж. К.М.Байпақов бастаған Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қостөбе 6 ғ-да қоныс аударған соғдылықтар негізін қалаған Жамукат қаласының орны болса керек деп болжанады. Қостөбе қаласынының орталық бөлігі дөңес болып келген. Көл. 420×450 м. Кезінде қала биік қабырғамен айнала қоршалып тұрған. Сақталып қалған қабырғалардың биіктігі 3 м-ге жетеді. Қабырғалардың бұрыштарындағы мұнаралар биіктігі 16 – 18 м болған. Қаланың төрт қақпасы болған. Қазіргі кезде қақпалардың қабырғалардан ажырап қалған бөліктері ғана сақталып қалған. Қазба жұмыстарының жүргізілуі барысында Қостөбедегі сарайдың орны анықталды. Сарайдың қабырғалары шикі кірпіштен қаланған, тек бір қабырғасы ғана пахсадан тұрғызылған. Сарай 20-дан астам бөлмелерден тұрады. Оның орталық залының көлемі 9,5×8,2 м, салтанатты бөлмесінің көлемі 8×14 м, бөлмелердің біразында ошақтардың орны сақталып қалған. Қазба жұмыстары кезінде керамикадан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған бұйымдар табылды. Сондай-ақ, табылған бұйымдардың ішінде сырғалар, белдіктің тоғалары да бар. Белдік тоғаларына тауысқұсының және қораздың суреттері ойылып безендірілген.

Цитаделінің аумағы 150x150 метр. Қала іргесінде үлкен зираттар бар. Айнала радиусы 5 қм жерде түрлі кішігірім бекіністер көптеп орналасқан. Қала орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 8 - 9 ғасыр кезіндегі отқа табынушылар ғибадатханасының орны табылды. Ғимараттардың көпшілігі безендірілген панелдермен көмкерілген. Олардың ою-өрнектері Варахша, Афрасиаб қалаларға ұқсас болып келеді. Мұның өзі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Талас өңірі қалалары Орта Азиямен тығыз мәдени байланыста болғанын айқындай түседі.

Мәртебесі

2014 жылы Қостөбе қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.

2017 жылы Қостөбе республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Дереккөздер

Tags:

Байзақ ауданыСарыкемерТалас өзені

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ философиясыНорвегияТопырақЭмбриогенезМагнит өрісіТұмар ханшаӨсімдіктерҚазақстан музейлеріХалықаралық еңбектiк миграцияТабиғи радиоактивтікЕуразияҚан топтарыОрганикалық қосылыстарАлматы қорығыСұрыптауЖанрАзияПублицистикалық стильТотығу-тотықсыздану реакцияларыАфрикаМәңгілік бала бейнеЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАйтысPythonТел өскен ұлЖеңіл атлетикаОрыс асханасыҚазақстан экономикасының тарихыСарқылмайтын ресурстарҚазақстан қорықтарының тізіміӨнерБотай мәдениетіАлкандарАдам даму индексіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыҚанҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҮстеу1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысТұтынушы құқығыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміСептік жалғауХартлендСарматтарМетафораАққулар ұйықтағандаЭвакуацияКиіз үйӘбу Райхан әл-БируниАзаматтық құқықҚұрманғазы СағырбайұлыҚазақ хандарыКаучук пен резеңкеАлмазЭндемикҚазақстанның мұнай өнеркәсібі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыБатыс Қазақстан облысыСәбит Мұқанұлы МұқановЖошы ханҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыПневмонияЖыныстық жетілуҚыпшақ хандығыТыныс алу жүйесіЖеті жарғыКир патшаның сақтарға жорығыҚазақстан халқының бірлігі күніАдам ағзасындағы химиялық элементтерҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыСырым ДатұлыҚазақ батырлар тізіміҚазақтың ұлттық тағамдарыЖүсіп БаласағұниҒылыми-техникалық прогрессЧернобыль апаты🡆 More