Өрнек Қала Орны

Өрнек қала орны — көне қала орны.

Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылынан оңтүстікке қарай 6 км қашықтықта, Алтынсу мен Шұбырынды өзендерінің жағасында орналасқан.

Өрнек
Мәртебесі

Әлемдік мұра (ЮНЕСКО),
Республикалық маңызы бар ескерткіш

Қазіргі жері

Өрнек Қала Орны Қазақстан, Жамбыл облысы

Қалануы

VIII ғасыр

Басқаша атаулары

Күлшуб

Қиралды

XII ғасыр

Орналасуы

42°46′ с. е. 70°52′ ш. б. / 42.767° с. е. 70.867° ш. б. / 42.767; 70.867 (G) (O) (Я) 70°52′ ш. б. / 42.767° с. е. 70.867° ш. б. / 42.767; 70.867 (G) (O) (Я) (T)

Өрнек (Қазақстан)
Өрнек Қала Орны
Өрнек

Зерттеушілер

1985 – 86 жылы К.Байпақов жетекшілік еткен экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Сипаттамасы

Өрнек қаласының орталық бөлігі аумағы 155×160 м болатын төрт бұрыш пішінді, жан-жағы дуалдармен қоршалған. Қоршаудың қазіргі қиранды үйіндісінің биіктігі 5 м-ге, ені 11 – 15 м-ге жетеді. Қоршаудың бойында 31 күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Қазба жұмыстары Өрнектің 8 – 12 ғасырда гүлденген қала болғанын көрсетеді. Қазба жұмыстары барысында тастан безендіріліп жасалған 4 колонна табылды. Мықты бекіністің, мешіттің, әсем сарайдың орындары табылуы Өрнектің кезінде жоғары дамыған қалалар қатарына жататындығын айғақтайды. Ортағасырлық географтар – Ибн Хордадбек пен Құдама Тараз бен Құлан арасында Касриабас, Күлшуб, Жулшүб деген қалалардың болғанын жазып қалдырған. Осындағы Күлшуб қаласы Өрнек болса керек.

Мәртебесі

2014 жылы Өрнек қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.

2017 жылы Өрнек республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Дереккөздер

Tags:

Өрнек Қала Орны ЗерттеушілерӨрнек Қала Орны СипаттамасыӨрнек Қала Орны МәртебесіӨрнек Қала Орны ДереккөздерӨрнек Қала ОрныТұрар Рысқұлов ауданыӨрнек (Тұрар Рысқұлов ауданы)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Рақымжан ҚошқарбаевҚазақстан географиясыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚан мен терЖүйке жүйесіҚазақстан халқы ассамблеясыКіндікбауҚұбыр желісіМәдени өсімдіктерМәдениетЖеті қазынаЭкономикалық қатынасДемократияТемекіСептеулік шылауларМашинажасауТау жынысыСыбайлас жемқорлықЖай санМитохондрияРоботХиуаз Қайырқызы ДоспановаЕуразияСәкен СейфуллинҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАққулар ұйықтағандаБұқаралық ақпарат құралдарыМетафораТеміртауЭмбрионӨздігінен тозаңдануСөз тіркесіАқпараттық қауіпсіздікТемір жол көлігіХолециститҚазақша жыл санауАқпарат технологиясыКөксерек (әңгіме)ТеатрТарих философиясыАзамат соғысыҚыпшақ хандығыҚорғалжын қорығыБотай мәдениетіҚозы Көрпеш – Баян СұлуМикроэлементтерМұқағали Сүлейменұлы МақатаевГрузияОғыз мемлекетіҚазақ хандығыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміГеродотЖалғауҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚант диабетіОқшау сөздерӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстан Республикасының ПарламентіАнықтауышӘмір ТемірМысықРесурстарАуыл шаруашылығыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевҚазақ газетіСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Әлкей Хақанұлы МарғұланМенің атым Қожа (повесть)Күш моментіҚазақстан елтаңбасыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЫңғайлас салалас сөйлемОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыКайнозойЭкстремизмИталияШымкентҚарлұқ қағанатыҚыстырма сөз🡆 More