Қысқаша Тұйықталу

Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы.

Қысқаша тұйықталу электр қондырғылары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады.

Қысқаша Тұйықталу
Тұйық тізбекті электр өткізгіштердегі қысқаша тұйықталу

Қысқаша тұйықталудың кесірі және одан сақтану жолдары

Қысқа тұйықталу - зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан - өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Олай болса, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, Жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет.

Қысқаша Тұйықталу 
Әскери теміржолдағы қысқаша тұйықталудан сақтандырғыштар

Қысқа тұйықтау кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті - ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар - электр тогының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сымдар. Тізбек тұйықталған кезде ток электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.

Қысқаша тұйықталу түрлері

  • бірфазалық
    • екіфазалық
  • екіфазалық жерге
    • үшфазалық

Қысқаша тұйықталу кезіндегі шаралар

Қысқаша тұйықталу кезінде ең бастысы қорықпау. Егерде сіздің үйде жарық өшсе ол міндетті түрде қысқаша тұйықталу болды деген сөз емес.Дегенмен барлық үй құралдарын,теледидарларды және т.б ток көзінен суырыңыз. Мүмкін барлық үйлерде сөндірілген болар.Сондықтан ең алдымен терезеге қараңыз.Егерде тек сізде сөнген болса онда сіз подъездке шығыңыз. Себебі қазіргі кезде көп сақтандырғыштар автоматикалық түрде қондырылған.Сондықтан сіз подъездегі ақ қорапшаға барып тумблердің жоғары көтеріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.Егер ол төмен қарап тұрса жоғарыға қарай қосыңыз. Ол қосылғаннан кейін тумблер қайтадан төменге түсіп,айырылуы мүмкін. Бұның себебің электр тізбегінде бір жерде қателік бар. Бұндай кездерде мастерді шақырған жөн.

Дереккөздер

Tags:

Қысқаша Тұйықталу Қысқаша тұйықталудың кесірі және одан сақтану жолдарыҚысқаша Тұйықталу Қысқаша тұйықталу түрлеріҚысқаша Тұйықталу Қысқаша тұйықталу кезіндегі шараларҚысқаша Тұйықталу ДереккөздерҚысқаша Тұйықталу

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Табиғи радиоактивтікКөзБасты бетЖүрек ауруларыРесейИзомерияШөгінді тау жыныстарыПлацентаТұқым қуалайтын ауруларСабақтас құрмалас сөйлемМюнхен келісіміАқтөбеҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемБақытсыз ЖамалРинат Рифхатұлы ЗайытовЖыныссыз көбеюСәбит Мұқанұлы МұқановБаланы қырқынан шығаруӘлеуметтік өзгерісҚазан төңкерісіМагниттік өтімділікТитанҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіМодификациялық өзгергіштікТарих философиясыОм заңыӘуе көлігіТабиғатАлғашқы қайта өрлеу дәуіріХалықаралық еңбек бөлінісіГендік инженерияЖәркен БөдешұлыҚазақстан халқыҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіӨңдеуші өнеркәсіпТабиғатты қорғауКүкіртЗат алмасуҚызылша (медицина)МайданБауыржан МомышұлыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріЛеонардо да ВинчиРесурстарБиосфераӨсімдік селекциясыПысықтауышКөлікТерроризмФутболЖалпы ішкі өнімНанотехнологияҚаныққан көмірсутектерАстық шаруашылығыҚазақ руларыЖүрекАдам даму индексі бойынша елдер тізіміТау жынысыКітапханаДамушы елдерҰйқы безіХиуаз Қайырқызы ДоспановаАстанаХромосомаларӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Рентген сәулесіҚазақ ұлттық киімдеріҚазақстан темір жолыҚазақ әліпбиіҚозғалыс (зат)ЛейкозҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерМұнай өнеркәсібіАқындар айтысыРибонуклеин қышқылы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміҚорғалжын қорығыЭлектр энергетикасы🡆 More