Бұйым Қоржын

Қоржын – екі басты (қалталы) ас-тағам салып тасымалдауға арналған тоқыма бұйым.

Бұйым Қоржын Басқа мағыналар үшін Қоржын деген бетті қараңыз.

Бұйым Қоржын
Қоржын. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан (1-сурет).

Тоқылуы және тәсілдері

Бұйым Қоржын 
Қоржын. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан (2-сурет).
Бұйым Қоржын 
Қоржын. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан (3-сурет).

Материалы кілем сияқты тоқу тәсілімен жасалады. Бұйымның негізі болып табылатын астыңғы жағы тұтас тоқылады. Көлемі 120х50 см шамасында болып келеді. Оның екі шетінің әрқайсысының үстіне көлемі 50х50 см болып келетін арнайы тоқылған «бет» тігіледі. Осылайша екі қалта жасалады. Оны қоржынның екі басы деп атайды. Шеттеріне жұмыр өрім баудан жиек бастырып, етегіне әсемдік үшін күлтелі шашақ тағылады. Қалталарының ауызын ілмелеп байлауға арналған (негізіне және қалтасының ернеуіне) жұмыр өрім бау тігіледі.
Қоржынның түксіз немесе аралас тоқу тәсілімен (түкті, түксіз) тұтастай тоқылған жолақтардан қайтара тігіп жасаған түрлері де кездеседі.

  • Аралас тоқу тәсілімен (яғни түкті, түксіз), иірілген жүн мен жылқы қылынан тоқылған қызыл түсті қоржын, ені 58 см, ұзындығы 139 см. Қоржының екі басының беткі жағына түксіз сары, көк, ақ түсті балықкөз, ботакөз, төртқұлақ, ирек су өрнектерінен тұратын бірнеше қатар жіңішке және жалпақ жолақтар жүргізілген. Ал етегіне түкті геометриялық өрнек тоқылып, оны айналдыра иттабан өрнегі жиектелген. Қоржын екі басын қосып тұрған арқалығына қоңыр, сары, сұр түсті жіптерден ирек өрнек салынған. Қоржын ауызын ілмелеп байлауға арналған қоңыр түсті жұмыр өрім бау тігілген. Артқы жағы қоңыр түсті жүн жіптен түксіз етіп тоқылған. Етегіне жылқы қылынан күлтелеп шашақ тағылған (1-сурет).
  • Жүннен иірілген жіптен түкті етіп кілем тоқу тәсілімен тоқылған қоржынның екі басының орта тұсына шаршы, ал оның ішіне гүл өрнегі тоқылған. Айналдыра екі қатар ақ, сұр, сары түсті жіптен тұмарша өрнегі бір-біріне беттестіріле тоқылып, жиегіне аламоншақ өрнегінен су жүргізілген. Ал, астары сұр түсті жіптен тақыр етіп термеленіп тоқылған. Қоржын арқалығы қызыл, қоңыр, сары түсті жіптермен таңдай өрнегі өрнектелген. Қоржын ауызына қоңыр түсті жіптен жұмыр етіп өрілген бау тағылып, етегіне күлтелі шашақ тігілген (2-сурет).
  • Жүннен иірілген жіппен, түксіз (тақыр) етіп тоқылған қызғылт қоржынның екі басының өң бетіне ақ, қоңыр, сары түсті жіптерден құс іздері өрнегі тоқылған. Жиегіне екі қатар қоңыр түсті су жүргізіліп, арасына ақ түсті ботакөз өрнегі айнала салынған. Арқалығына қызыл, қоңыр түсті жіптерден алма кезек жолақ жүргізіліп, түксіз етіп тоқылған. Ұзына бойы екі жанына қоңыр түсті жіптен өрілген баудан жиек бастырылған. Қоржын ауызын ілмелеп байлауға арналған жұмыр өрім бау тігілген. Артқы жағы сұр, қоңыр түсті жүн жіптерден түксіз етіп тоқылған (3-сурет).

Қоржынға аттылы жолаушы ас-тағам және керек-жарақтарын салып, ердің артқы қапталындағы қанжығаға байлап, бөктеріп алып жүреді. Сондай-ақ, қоржынды құда-құдандалықта сый-сияпат салып апару үшін көптеп қолданылады. Ол құдағи қоржын, күйеу қоржын деп аталады.
Діни түсінік бойынша Дәуіт пайғамбардың ішіндегі тағамы қанша жесе де таусылмайтын қасиетті қоржыны болған көрінеді. Бұл ертедегі Сүлеймен пайғамбардың жүзігі, Мұса пайғамбардың асасы сияқты керемет заттардың біріне баланған.

Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Қазақ совет энциклопедиясы. Бас ред. М.Қ. Қаратаев. 6-том. Алматы: ҚСЭ, 1975;
  • Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
  • Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. Алматы: Жазушы, 1992;
  • Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995;
  • Тоқтабаева Ш. Қазақтардың қолөнерге байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 126-138 бб.;
  • Кәмәлашұлы Б. Қазақтың байырғы баспаналары, үй-жиһаздары, ұлттық киім-кешек, ыдыс-аяқ, ас-сусын, тамақ-тағамдарына қатысты салт-дәстүрлері. Алматы: Өнер, 2006.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлпан (роман)Бауыржан МомышұлыТеатрМиҚазақ билеріОперациялық жүйелерЕтістікМысықУкраинаШанхай Ынтымақтастық ҰйымыБалқашМұстафа ШоқайБарсакелмес қорығыМашинажасауТыныс алуТұмар ханшаДәруменТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАлаш ОрдаОңтүстік ҚазақстанАмерикаТылКүн (жұлдыз)КөсемшеТөле биАзаматтық құқықБақбақАустралияЕуропаКүйБиоценозЛатын АмерикасыТемекіТолықтауышТуыстық атауларыКөксерек (әңгіме)Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАстрономияВолейболҒарышкерЖасушаҚиялПысықтауышКөмірсуларДүниежүзінің табиғат ресурстарыЭвакуацияӘлішер НауаиРим империясыСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовҚазақстан халқыКүрішТитанЖеті қазынаЖайықМағжан Бекенұлы ЖұмабаевБұқаралық ақпарат құралдарыАқпараттық қауіпсіздікДауыссыз дыбыстарБұлшықет талшығыБайқоңыр (ғарыш айлағы)ФантастикаТел өскен ұлЭмбриогенезҚазақстанның сыртқы саясатыҚоғамдық санаMicrosoft Office WordАлаш автономиясыАзотДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіАвтомобильГалогендерАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіҚызғалдақДін философиясыМаңғыстау облысыБұлшықет ұлпасыГастрит🡆 More