Дәуіт Пайғамбар

Дәуіт - Пайғамбар.

Дәуіт Пайғамбар Басқа мағыналар үшін Дәуіт (айрық) деген бетті қараңыз.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


Дәуіт Пайғамбар

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам • Ыдырыс
Нұх • Һұд • Салық
Ибраһим • Лұт
Ысмайыл • Ысқақ
Жақып • Жүсіп
Әйюб
Шұғайб • Мұса • Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт • Сүлеймен • Ілияс
Әл-Йаса • Жүніс
Зәкәрия • Жақия
Иса
Мұхаммедﷺ

Исраил қауымы Мұсадан (а.у.)-нан соң 300 жылдан аса Пайғамбарсыз қалып, ғамалиқалардың, арамейлердің және палестиндердің шабуылына тап болып тұрды. Соңғы кездері бәни Исраилдің әміршісі Талут (Шәул) болды. Ол палестиндерге соғыс жариялан, «Таурат» салынған Табутты (сандықты) тартып алды. Осы тұста Исраил қауымынан Дәуіт атты жас баһадүр шықты. Бала жігіт бір соғыста Жалутпен жекпе-жекке шығып, жеңді. Бұған риза болған Талут оған өз қызын қосты. Сан шайқаста жауларды жайратқан Дәуіттің аты шығып, беделі асты. Көп адам енді оны қолбасшы ғана емес, елбасы етуді талап етті. Бірақ ол патша тағына Талут қайтыс болған соң, 30 жасында отырды, 40 жасында Пайғамбарлық қонды. Қауымына Таурат тағлымдарын бұлжытпай орындатты.

Аллаһ Тағала оған самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур - Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы. Дәуіт (а.у.) Оны өзінің әсем дауысымен оқығанда тыңдаушылар тебіреніп, төңірек түгел үн қосып кететін еді, деп дәріптеледі. Тәңірі оған темір қорыту өнерін дарытты. Пайғамбар қолында темір қамырдай иленуші еді дейтін риуаяттар бар. Дәуіт (а.у.) темірден қару-жарақ сауыт-сайман соғады екен. Сүлеймен пайғамбар осы Дәуіттің ұлы. Дау-шар, айтыс-тартыста Дәуіт оны жиынға қатыстырып, әділ үкім айтқызып, баулып өсірген.


Ибну Жадридің айтуынша Дәуіт жүз жасаған. Құранда бұл есім 16 жерде ауызға алынады.

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:David

Tags:

Пайғамбар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚұндылықНегіздерӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Сталинград шайқасыАлкендерДүниежүзілік сауда ұйымыБауыр (орган)Қажымұқан МұңайтпасұлыЖай механизмЖ. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрыЖерлеу рәсіміҚорықтарЛимонАбай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрыОтбасыҒарышТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыБесін намазыТел өскен ұлЛексикаЖақсыз сөйлемҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріХақназар ханҚазақстан теңгесіБейімделуҚазақстанның Қызыл кітабыӘлеуметтік өзгерісЖалпы ішкі өнімЖүйке жасушаларыЖүйке жүйесіМиграцияТұздар (химия)Сөйлем мүшелеріДауысты дыбыстарАнтонимВегетативтік көбеюАтырау облысыӘмір ТемірҚазақша жыл санауХалықаралық жер күніАлтынемел ұлттық паркіАлмұртТүркістан автономиясыХалықаралық ұйымдарЖарықтың шағылуыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚытай қорғаныҚазақстандағы көмірБауыржан МомышұлыҚант диабетіМахаббат, қызық мол жылдарҚос сөзАқтөбе облысыЭволюцияҚазақстан қорықтарының тізіміСенсорлық жүйеӨнерАлюминийМәтінҚазақстан әкімшілік бірліктеріЭкологиялық жүйеБұлшықет талшығыТемірТеріҚызғалдақОмыртқалыларЛаңкестік әрекетТұқым қуалайтын өзгергіштікБарбаросса жоспарыСауд АрабиясыЕсімшеҚазақстанның сыртқы саясатыЖайылма сөйлемАқбөкенДемографияЗат есімАйнұр Тұрсынбаева🡆 More