Ынтымақтастық

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі.

Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастыққа әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономика даму, әлеуметтік мәселелер, этнография даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ны атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономика мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық – әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.


Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Tags:

БейбітБҰҰКелісімшартШанхайЭкономикаЭтнографияЭтносҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГеографияҒылымТері ауруларыЭпитетКенесары ханЗат есімҚазақ хандарыМұхитҚант диабетіЛексикаФенолХаббл ғарыш телескопыХристиандықЖаңа білім беру жүйесіАдам қаңқасыБүйрекүсті безіЭндокриндік жүйеФонетика1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЖабайы алма (повесть)Жер қабығыСтоматитКСРО ыдырауыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Етістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЕтеккірҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыТабиғат зоналарыЖаһандануАдамаралық қарым-қатынасҚоғамҚуық түбі безінің қабынуыСәкен СейфуллинТеміреткіЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларИса МәсихҚыпшақтарҚимақ қағанатыСабақтас құрмалас сөйлемБронх демікпесіМұстафа Кемал АтатүрікЗейінАвторитаризмМүшел жасАзаматтық қоғамҚазақ батырлар тізіміСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Жанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіАуыз бекітуҚантамырларЛейкоциттерАристотельЭмоцияЖер сілкіну ошағыМәдени мұраСи ЦзиньпинЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)МитохондрияҚымызҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақ билеріБалдырЖетіген (аспап)Есет КөтібарұлыШешендік сөздерШәкәрім ҚұдайбердіұлыКүн жүйесіБесқонақДара сөздер мен күрделі сөздерАурухана ішілік инфекцияМәдениеттануӨмірзая (роман)НаймандарКерей ханҚорықтар🡆 More