Тісті Киттер

Тісті киттер (лат.

Тісті киттер барлық мұхиттар мен ашық теңіздерде тараған. Кейбір түрлері өзендерді де (Ганг, Амазонка, т.б.) мекендейді. Дене тұрқы 1,2 – 21 м, салмағы 30 кг-нан 8 т-ға дейін. Аталықтары аналықтарына қарағанда ірі. Мұртты киттерден ерекшелігі – бассүйегі ассиметриялы (астыңғы жағы ми сауытынан қысқа және алдынан қозғалмай бекіген). Жағында 240-қа жуық біртекті (гомодонтты), бірқырлы (монофиадонтты) тістер орналасқан. Тілі өте қозғалмалы, ол қорегін жұтқыншаққа қарай итереді. Таңдайы жоқ. Безді қарыны көп камералы, көпшілігінде соқыр ішегі болмайды. Танау тесігі біреу, ол төбесіне қарай ашылады. Танау тесігінің айналасында ерекше жұп ауа қапшықтары орналасқан, олар кит сүңгігенде тыныс жолын жауып қалады. Тісті киттердің есту қабілеті өте жоғары. Белгі беру үшін күрделі дыбыстарды пайдаланады, яғни эхолокация аппараты жақсы дамыған. Негізгі қорегі – балықтар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер. Қорегін іздеп 300 м тереңдікке дейін сүңги алады, жақсы жүзеді. Тісті киттердің 10 тұқымдасы (дельфин, нарвалдар, өзен дельфиндері, мұрынтұмсықтылар, кашалоттар, т.б.), 73 түрі белгілі. Қазақстан су айдындарында тісті киттер кездеспейді. Тісті киттердің ішіндегі ең ірісі – кашалот (Physeter macrocephalus). Аталықтарының ұзындығы 21 м-ден артық, аналықтарының ұзындығы 13 м. Бастары үлкен (денесінің 1/3 бөлігіне тең). Жіңішке келген төменгі жағында 36 – 60 тісі (тісінің ұзындығы 20 см, салмағы 1 – 3 кг) болады. Жоғарғы жағында тісі болмайды. Тістері сұр-қою қоңыр түсті. Полигамды, жыныстық жағынан 5 – 6 жасында жетіледі. Кашалоттар барлық мұхиттарда (тек Солт. Мұзды мұхитта кездеспейді) тіршілік етеді. Жүктілік мерзімі 16 – 17 ай, аналығының ұзындығы 4 м-дей, салмағы 1 т болатын жалғыз бала тауып, оны 18 айдай емізеді. Балалары тез өседі, 4 – 6 жылда ересек кашалотқа айналады. Табиғи жағдайда 50 жылдай өмір сүреді. Кашалоттардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан оларды кәсіптік жолмен аулауға тыйым салынған. Тісті киттердің 4 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тісті киттер
Қазбалық ауқымы: Eocene–Recent
Tursiops truncatus
Tursiops truncatus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кіші сабы: Odontoceti
Flower, 1869

Дереккөздер

Tags:

АмазонкаГангДельфинКашалотКиттәрізділерЛатын тіліМоллюскаларШаянтәрізділерЭхолокация

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Көз ауруларыБатыс Қазақстан облысы1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚожаTikTokТірек-қимыл жүйесіБауыржан МомышұлыҒаламдық экологиялық проблемаларЖаңа білім беру жүйесіҚазақстандағы ұжымдастыруӨмір философиясыДемографияДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАлаш қозғалысыМендель заңдылықтарыШоқан Шыңғысұлы УәлихановЖаһандануДауыссыз дыбыстарКирхгоф ережелеріЕтістікӘл-Кәусәр сүресіМәкрүһАртериалдық гипертензияНарықтық экономикаҒұндар мемлекетіГаметогенезҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетМемлекет астаналары тізіміЖүрек-қантамырлар жүйесіСинтаксисКөркем әдебиет стиліӘл-Бақара сүресіҚожа Ахмет ЯсауиІлияс ЖансүгіровБұлшық етҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБаланы қырқынан шығаруҰшқан ұяӨндірісМұхтар Омарханұлы ӘуезовІштің қатуыБастауышЖасушаСаяси жүйеНАТОГипергликемиялық комаСанау жүйесіMicrosoft Office WordДауысты дыбыстарСуЕртісЖеңіл атлетикаЕңбек құқығыСенсорлық жүйеМаркетингБұрындық ханҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріДамушы елдерМақалаSTEMБейімбет Жармағамбетұлы МайлинКөкжөтелМахаббат, қызық мол жылдарАбай Құнанбайұлының шығармаларыДәруменЖатыр ауруларыХлорАлаш партиясының бағдарламасыОңтүстік ҚазақстанТемпераментСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыӘлімұлыЖыныс мүшелерінің құрылысыҚола дәуіріЕсімдікИталияАлаш автономиясының құрылуы🡆 More