Тянь-Шань Таулы Өлкесі: Қазақ тілі

Тянь-Шань таулы өлкесі, Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды.

Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м).

Қазақстанға Қаратау, өгем, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды. Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейінгі шөгінді, метоморфтық және атпа жыныстарынан түзілген. Қазаншұңқырлары мен аңғарлары негізінен кайнозойдың борпылдақ шөгінді жыныстарымен жабылған. Өлке протерозой, каледон және герцин қатпарлық қозғалысына ұшыраған. Герциннен кейінгі уақытта палеозойлық жоталар пенеплендік (тегістелу) процеске ұшырап, бүкіл палеоген және неогеннің басында Тянь-Шань түгелдей тектоникалық көтерілімі, төмендеуі байқалған платформа болған. Неогеннің аяғынан бастап бүкіл төрттік дәуірді қамтыған күшті дифференциалдық қозғалыс амплитудасының артуынан платформалық режим бұзылып, қазіргі Тянь-Шаньның жер бедерлік пішіні қалыптасқан.

Өлке өзен торына бай. Оның сұр және сортаң топырақты шөлді бөлігі қызғылт қоңыр және қара топырақ жамылғысындағы бұта және ағаш сирек өсетін бөктерлік шөлейт пен дала белдемдеріне ауысады. Тау жоталарының орта белдеуіндегі қалың орман өскен қоңыр топырақты жерлер жоғарырақтағы қылқан жапырақты орманды алқапқа жалғасады. Одан биігіректе альпі шалғыны белдемі орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесі 2 облысқа және 6 өңірге бөлінеді.

Сілтемелер


Tags:

ЖеңісХантәңірі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Асан қайғы СәбитұлыҚазақтың ұлттық тағамдарыҮтірТөлен ӘбдікЖайылма сөйлемТүргеш қағанатыАтом ядросыБуддизмТәуке ханКонсументтерЖасушаның бөлінуіЖылқы малының атауларыАқпарат технологиясыПублицистикалық стильVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріГалогендерМұнайЖүйке жүйесіЛенинград шайқасыАқан серіЖүсіп БаласағұниӘсет НайманбайұлыҚазақтың атақты әнші-күйшілеріҚазақстандағы түсті металдарМодификациялық өзгергіштікСолтүстік ҚазақстанМитохондрияЕсімдікҚаңлыларҒаламдық экологиялық проблемаларҚазақстандағы транспортӘдеби жанрларФерромагнетиктерҚимақ қағанатыХимия өнеркәсібіЕсімшеБарбаросса жоспарыҚазақша жыл санауДін1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚазақстандағы саяси партияларЖақсыз сөйлемҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыКөмірсуларҚазақстан 2030Әлішер НауаиӨсімдіктерҚазақстан демографиясыЕтеккірАбстракционизмӘбу Насыр Әл-ФарабиҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеФотосинтезАққан жұлдыз (роман)Темірхан МедетбекМәдени мұраИсламКанадаҚаһарЖәркен БөдешұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАстанаЭпитетМеталлургияАлаш автономиясыОтырарӘбу Райхан әл-БируниТермометрҚазақ газетіЭмбриогенезАлюминийАспанҒарышкерҚазақстан әкімшілік бірліктеріЖалпы ішкі өнімМодернизмҚазақ философиясыҚазан төңкерісіРиторикалық сұрақ-жауап🡆 More