Қазақстандағы Түсті Металдар

Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан.

Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.

A.
Мырыш кені

Қорғасын мен мырыш

Қазақстандағы Түсті Металдар 
"Боксит"

Қорғасын Мұрағатталған 25 қарашаның 2019 жылы. мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.

Сирек металдар

Қазақстандағы Түсті Металдар 
Вольфрам

Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасы нда орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.

Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.

Дереккөздер

Tags:

Ақтоғай мыс кен орныБалқаштүстіметаллБозшакөл мыс кен орныЕртіс Полиметалл КомбинатыЖезқазған кен-металлургия комбинатыЖезқазған мыс кен орныЖомарт мыс кен орныКөксай мыс кен орныМырышМысПавлодар алюминий зауытыРиддер-Сокольный полиметалл кен орныШымкент қорғасын зауытыҚазақстанҚорғасынҚоңырат мыс кен орныӨскемен қорғасын-мырыш комбинаты

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭкологияТуыстық атауларыШерхан Мұртазаұлы МұртазаШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚола дәуіріТеміртауОрганикалық затДамушы елдерАстана мектеп оқушыларының сарайыЕділ қағанЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)ЭтиленЖелтоқсан көтерілісіСөз тіркесіҒаламдық мәселелерБейбітшілікАбстракционизмМэйдзи жаңғыртуыАқпараттық қауіпсіздікДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚозғалыс (зат)Магниттік материалдарБарсакелмес қорығыЖұқпалы ауруларМақта (дақыл)БактерияларМәдениеттануБронхитҒылыми стильАнықтауышБотай мәдениетіҒылыми-техникалық революцияАрхейШығыс Қазақстан облысыҚазақстан музейлеріМинералАлматыСалалас құрмалас сөйлемСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайБірінші дүниежүзілік соғысОқшау сөздерЛатын Америкасы1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанШоқан Шыңғысұлы УәлихановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстан халқының бірлігі күніТүпті жуаХимия өнеркәсібіУкраинаХалықаралық балалар күніҚиялБұланты шайқасыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміОрбұлақ шайқасы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБауыр (орган)Қазақ философиясыРесурстарҚазақ театрыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыФерменттерТұтынушыларАрғынҚазақ хандарыАқмола облысыКөзТүрік қағанатыКәсіпорын316-атқыштар дивизиясыҚорықтарМұхтар ШахановҚабанбай батырӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Филипп Исаевич ГолощёкинАлгоритмКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМагниттік индукция🡆 More