Көп Балалы Отбасы

Көп балалы отбасы – төрт-бес және одан да көп баласы бар отбасы.

Көп Балалы Отбасы
Көп балалы отбасы

Өсу мөлшерінің аз не көп болу жағдайлары

Жекелеген шаңырақтардағы балалар саны бірқатар жалпы және жеке себептерге, атап айтқанда, елдің экономикалық даму деңгейіне, халықтың тұрмыс деңгейіне, оның біліміне, әйелдердің өндіріске тартылуына, отбасының әлеуметтік қамсыздандырылуына байланысты аз не көп болады. Демографиялық деректер бойынша – аграрлы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде адамдарының сәбилі болу деңгейі төмен; халықтың материалдық жағынан неғұрлым қамтамасыз етілген және білімді жіктеріндегі балалар саны нашар қамсыздандырылған және білімі төмен жіктеріндегіден гөрі аздау. Ұлттық құндылыққа бағдарланған дәстүрлі қоғамдар, сондай-ақ діни канондар, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді (мысалы, ислам конфессиясын) ұстанатын этностар балаларының көп болуын қалайды. Мұнда этнографиялық ортаның да, аға ұрпақ өкілдерінің де ықпалы сезіледі.

Эволюциялық өзгеріске ұшырау салдары

Көп балалы отбасы туралы түсінік және қоғамдағы оған деген көзқарас отбасы және оның функцияларының дамуымен, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің өзгеруімен бірге белгілі бір эволюцияға ұшырап отырады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мен КСРО-да дүниеге ұрпақ әкелу жасындағы ер адамдар санының күрт азаюынан туындаған елеулі демогр. мәселелерге байланысты аналар мен балаларды қорғаудың және отбасын нығайтудың маңызды мақсаттары қатарында көп бала табуды көтермелейтін арнаулы жарлық қабылданды. Осыған орай үшінші баладан бастап бір жолғы жәрдемақы төлемі, төртінші баладан бастап балаларға төрт жыл бойына ай сайын жәрдемақы төлемі белгіленді.

Көп балалы отбасыларын қолдау

Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін, 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап көп балаы отбасыларға (қалада – 4 баласы, ауылдық жерлерде – 6 баласы барларға), басқа да отбасыларына әр бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ана-әйелдерге зейнет жасына келуіне байланысты зейнетақы тағайындау кезінде басқа да жеңілдіктер беріледі, сондай-ақ, көп балалы аналар бала санына қарай “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, т.б. орден, медальдармен марапатталады. Қазақстанда көп балалы отбасылары, негізінен, қазақтар көп тұратын оңтүстік облыстарда, сондай-ақ түркі ұлыстары немесе ислам дінін ұстанатын басқа да ұлыстар көбірек қоныстанған бірқатар басқа да дара этнографиялық. аудандардың ауылдық жерлерінде басым болып келеді.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Көп Балалы Отбасы Өсу мөлшерінің аз не көп болу жағдайларыКөп Балалы Отбасы Эволюциялық өзгеріске ұшырау салдарыКөп Балалы Отбасы Көп балалы отбасыларын қолдауКөп Балалы Отбасы Тағы қараңызКөп Балалы Отбасы ДереккөздерКөп Балалы Отбасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тері ауруларыҚоңыратҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан демографиясыДифракцияҚазақстан әкімшілік бірліктеріАрғынСұлтанмахмұт ТорайғыровЕскендір (поэма)Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тізімі1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМиграцияҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыӘбілхайыр хандығыМемлекеттік шекараСабақтас құрмалас сөйлемҒаламдық экологиялық проблемаларИнсультГалогендерҚоғамСаяси режимОм заңыКәффарат түрлеріДигибридті будандастыруЛиберализмХалел ДосмұхамедовКанадаЕсет КөтібарұлыКомпьютерлік желіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміІсікҰлыбританияҚан жасушаларыҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАқпан төңкерісіАзаматтық қоғамЖоғары сатыдағы өсімдіктерНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевТромбоцитШортанбай ҚанайұлыНамазды бұзатын нәрселерБруцеллёзАлкендерТерроризмӘл-Фатиха сүресіТуыстық атауларыТәрбиеҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақ халық музыкасы1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанТарауих намазыҚұрмалас сөйлемБала құқықтары туралы конвенцияҚадір түніМахатма ГандиСолтүстік ҚазақстанИталияМәдениеттануМемлекет астаналары тізіміЭритроциттерТолықтауышЭкологиялық жүйеМетафораПысықтауышБалдырҰлы жүздің Ресейге қосылуыДара сөздер мен күрделі сөздерДулат БабатайұлыМахмұд ҚашқариЖеті атаСаяси қуғын-сүргінВолейболДжо БайденҚанның артериялық қысымыСептік жалғау🡆 More