Жасушаіштік асқорыту,Жасуша ішінде ас қорыту (внутриклеточное пищеварение) — жасушаның вакуоля деп аталатын қуысындағы ас қорыту процесі.
Бұл процесс бір жасушалы жабайы организмдерде, ішекқуыстыларда, кірпікшелі құрттарда, кейбір моллюскаларда болады. Сүтқоректі хайуандар мен адамның да қанының және дәнекер ұлпасынын кейбір жасушалары асты өз ішінде қорытады.жасуша плазмолеммасы арқылы қатты, тығыз және cұйық заттардың жасуша ішіне еніп қорытылуы. Жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өтуін эндоцитоз, ал, керісінше, жасуша ішінен ьщырау өнімдері мен тағы басқа заттардың сыртқа бөлініп шығуын экзоцитоз деп атайды. Жасушаға өтетін заттардың табиғатына байланысты эндоцитоздың өзі: пиноцитоз және фагоцитоз болып екі түрге бөлінеді. Пиноцитоз (жүту, сіміру) арқылы жасушаға Сұйықта еріген заттар сіміріледі, ал фагоцитозбен (обыру, жеміру) тығыз қатты заттар қабылданады. Цитоплазмаға енген қоректік заттар лизосомалардың құрамындағы гидролаза (ас қорыту) ферменттерінің әсерінен ыдырап, жасуша ішіндегі асқорыту процесі жұреді. Ас қорытуға керекті энергия АТФ-тың ыдырауы кезінде босайды. Жасушаіштік ас қорыту біржасушалы қарапайым жәндіктерде басымырақ кездеседі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Жасушаіштік асқорыту, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.