Біліктік қаңқа — бас, мойын, тұлға және құйрық, яғни дене білігінің (осінің) қаңқа сүйектерін біріктіреді.
Адам мен жануарлардың біліктік қаңқасы өз кезегінде: бас, мойын, тұлға және қүйрық қаңқалары болып төрт бөлімге бөлінеді. Бастың қаңқасы — бассүйек (череп); (лат. cranium) екі бөлімнен: ми сауытынан (лат. cranium cerebrale, s. neurocranium) және бет бөлімінен (лат. cranium viscerale, s. splanchnocranium) тұрады. Мойынның қаңқасын адам мен сүтқоректі жануарларда 7 мойын омыртқалары (лат. vertebrae сег- vicales): бірінші мойын омыртқа (атлант), екінші мойын омыртқа (білік омыртқа, толғау омыртқа, эпистрофей), ортаңғы (3,4,5) мойын омыртқалары, 6 және 7-мойын омыртқалары құрайды. Түлға қаңқасы өз кезегінде көкірек, бел және қүйымшақ бөлімдерінен құралған. Көкірек керегесінің (лат. thorax) қаңқасын — көкірек омыртқалары (лат. vertebrae thoracicae), қабырғалар (лат. costae) және төс сүйек (лат. sternum), бел бөлімінің қаңқасын бел омыртқалары (лат. vertebrae lumbales), ал қүйымшақ бөлімінің қаңқасын құйымшақ омыртқалары (лат. vertebrae sacrales) немесе құйымшақ сүйегі (лат. os sacrum) құрайды. Қүйрықтың қаңқасы қүйрық омыртқаларынан (лат. vertebrae caudales) құралған. Мойын, көкірек, бел, қүйымшақ және қүйрық омыртқалары бірігіп, біліктік қаңқадағы омыртқа бағанын (позвоночный столб); (лат. columna vertebralis) жасайды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Біліктік қаңқа, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.