Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов (2 қыркүйек 1932(19320902), қазіргі Ресей Федерациясы, Волгоград облысы, Палласовка ауданы, Савинка селосы — 17 қараша 2009, Астана) — қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

2 қыркүйек 1932 (1932-09-02)

Туған жері

Савинка селосы, Палласовка ауданы, Волга немістерінің АКСР-ы, Төменгі Волга өлкесі, РКСФР, КСРО

Қайтыс болған күні

17 қараша 2009 (2009-11-17) (77 жас)

Қайтыс болған жері

Астана, Қазақстан

Азаматтығы

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Қазақстан
Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов КСРО (1932-1991)

Мамандығы

театр, кино және опера режиссёрі, театр педагогы, актер

Белсенді жылдары

1948-1980

Марапаттары
Халық қаһарманы
Халық қаһарманы

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Еңбек Қызыл Туы ордені Халықтар Достығы ордені


Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері

Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері.

Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл).

Өмірбаяны

  • 1952 жылы Алматы хореография училищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссерлік факултетін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді.
  • 1957 — 1995 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия, драма театрында режиссер, директор, Мосфильм киностудиясында стажер-режисер, Қазақфильм студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас режисер қызметтерін атқарған.
  • 1970 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады,
  • 1979 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) профессоры;
  • 1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті.
  • 1999 жылдан Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театрының (Астана қаласында) көркемдік жағын басқарады.

Өнер жолы

Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады.

Комедия жанрындағы қойылымдары

  • Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады),
  • М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” (1960),
  • Қ.Байсейітов пен К.Шаңғытбаевтың “Беу қыздар-ай” (1960),“Құдағи келіпті” (1961),
  • Лопе де Веганың “Қызғаныштан махаббат” (1962),
  • М.Фриштің “Дон Жуанның думаны” (1968),
  • “Ой жігіттер-ай” (1970),
  • Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш” (1984)

Басқа да қойылымдар

  • Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуін” (1975),
  • Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұжданын” (1974),
  • Т.Ахтановтың “Анты” (1977) мен “Жоғалған досын” (1985),
  • Айтматовтың “Ақ кемесі” (1984, инсценировкасын өзі жасаған) мен “Боранды бекетін” (“Ғасырдан да ұзақ күн” деген атпен, 1990) сахнаға шығарды.

Трагедия жанрындағы қойылымдары

  • Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1962),
  • Айтматовтың “Ана — Жер-ана” (1964, Қазақстан Мемл. сыйл., 1966),
  • Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1971) сияқты трагедиялары Мәмбетов трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты.
  • Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” (1967) мен “Қарагөзін” (1981),
  • Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1973, инсценировкасын өзі жасаған; КСРО Мемл. сыйл., 1974),
  • А.П. Чеховтың “Ваня ағайын” (“Сүйікті менің ағатайым” деген атпен, 1982; сондай-ақ 1996 ж. Орыстың мемл. академ. драма театрында),
  • У.Шекспирдің “Кориоланын” (1992),
  • Софоклдың “Эдип патшасын” (1993) қойып, батыл, ізденімпаз суреткер екенін танытты.

Либреттолары

  • 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Мәмбетов муз. шығармаларды сахналау жұмысымен де айналысты.
  • А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1963),
  • Ғ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек” операсын (1975) қоюмен бірге “Ақ құс туралы аңыз” (1966) және “Қарагөз” (1991) балеттерінің либреттосын да жазды.

Фильмдері

Фильмографиясы

Актёр ретінде

Режиссер ретінде

Қоғамдық қызметі

  • Астана қаласының құрметті азаматы (2000).
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның (1998) және
  • Қазақстан Ресупубликасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі,

Марапаттары

  • 1961 "Қазақ КСРның еңбек сіңірген өнер қайраткері"
  • 1965 "Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы" (Ш.Айтматовтың "Ана жер ана" спектельі үшін)
  • 1970 Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі)
  • 1972 "Қарақалпақстанның халық артисі"
  • 1974 КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. (Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тер" спектакльі үшін)
  • «Еңбек Қызыл Ту ордені»
  • «Халықтар достығы ордені»
  • 2000 жылы президент жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген зор еңбектері үшін ҚР Ең жоғарғы марапаты алтын жұлдызды Халық қаһарманы атағы және ең жоғары «Отан ордені» берілді.
  • 2000 жылы Астана қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
  • Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен марапатталған.

Жеке өмірі

Әзірбайжан Мәдиұлының жұбайы: әйгілі композитор, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, педогог-профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова (1927-1993). Бес баласы бар.

Әзірбайжан Мәдиұлының әпкесі: танымал театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова.

Tags:

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов ӨмірбаяныӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Өнер жолыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Комедия жанрындағы қойылымдарыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Трагедия жанрындағы қойылымдарыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов ЛибреттоларыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов ФильмдеріӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов ФильмографиясыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Қоғамдық қызметіӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов МарапаттарыӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Жеке өміріӘзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов17 қараша1932 жыл2 қыркүйек2009 жылАстанаВолгоград облысыКСРОПедагогРежиссерРесей ФедерациясыҚазақстанның халық әртісі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚазақтарӘлемнің жеті кереметіЭлектромагниттік толқындарҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЗат есімТемекіПедагогикаМетафораҚазақстан демографиясыБаубек БұлқышевНаурызҚазақ хандығыТұмар ханшаСәлем салуЖетісу АлатауыМайларҰшақАқсу-Жабағылы қорығыСаптамаҮтірКремнийӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан Ұлттық футбол құрамасыХолециститМобильді қосымшаларЯдроАминдерБасты бетСұлтан БейбарысАлтын ОрдаҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерҰлы Жібек жолыҚазақ әдебиетіҚояндарБейорганикалық заттарШоқан Шыңғысұлы УәлихановГеографияАбердин-СитиАбиссина (мысық)Мүшел жасЗар ЗаманБұрындық ханЖоңғар шапқыншылығыМарафон шайқасыТыныс алуПотогендік микроорганизмдерҚазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдеріМагнит өрісіАсан қайғы СәбитұлыШекпенСөйлемӘбілхан ҚастеевКаспий теңізіЕсімшеСөз тіркесіШығыс ЕуропаСан есімМендель заңдылықтарыЕкінті намазыҚұқықтық мемлекетБатаВирустарДулат БабатайұлыЖынысТыныс белгілеріГаметаКүләпараТынымбай НұрмағамбетовАуғанстанХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБесеудің хатыПанамаТеатрЖасушаның бөлінуіӘлемдегі ең танымал кітапханаларСпорттық туризмӘбу Насыр Әл-ФарабиЗар Заман ақындары🡆 More