Қосымша Құн

Қосымша Құн – жалдамалы жұмысшының жұмыс күшінің құнынан тыс жасалатын, капиталист тегін иемденетін құн.

Қосымша Құн – маркстік саяси экономия жүйесінің түп қазығы, іргетасы. Қосымша Құнның сырын ашқан Карл Маркс. Маркстің пайымдауынша, өндіріс барысында ерекше тауардың – жұмыс күшінің айрықша өзгешелігіне байланысты жұмыс күшінің тұтыну құны оның жасалу көзіне айналады. Жалдамалы жұмысшы капиталиске өзінің жұмыс күші құнының баламасын ғана емес, сонымен бірге “құннан тыс” құн жасайтын еңбегін де жұмсайды. Қосымша құн өндіру аясы – өнеркәсіп капитал аясы; оның қозғалысына субъективті фактор – жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге өндірістің объективті факторлары да – еңбек құралдары, еңбек заттары қатысады. Құн жасау үдерісіндегі өндіріс факторларының рөлі әрқилы: объективті факторлар жаңа өнім жасауға қатысады, бірақ жаңа құнның көзі бола алмайды; олардың міндеті – адам еңбегіне материал беру және оның жүзеге асырылуына жағдай жасау. Субъективті фактор – жұмыс күші өндіріс құрал-жабдығына “жан бітіреді”, жаңа құнның көзі болу міндетін атқарады, ал өнеркәс. капитал қозғалысы барысында жаңа құнның өсуі көзделеді. Құнның жасалуы мен өсуіне қатысу тұрғысынан капитал, Маркстің пайымдауынша, тұрақты капиталға, яғни өзінің шамасын өзгертпейтін капиталға (еңбек құралдары, заттары және жағдайлары) және ауыспалы капиталға, өндіріс барысында өзінің шамасын өзгертетін капиталға бөлінеді. Маркс “қосымша құн нормасы” (m’) – m/v қатынасы, яғни қосымша құнның ауыспалы капиталға қатынасы деген ұғымды енгізді. Маркстің пікірінше, қосымша құн нормасы дегеніміз жұмысшының қаналу деңгейінің дәл көрсеткіші, өйткені осы қатынастан жұмыс күні қажетті және қосымша жұмыс уақытына бөлінетін арақатынас көрінеді. Сонымен бірге қосымша құн нормасы нақты еңбек (адам еңбегі) тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Сайып келгенде, қосымша құнның көбеюі нақты еңбектің мөлшерімен, оның өнімділігімен айқындалады. Қосымша құнды барынша молайту нақты еңбек өнімділігін арттырудың басты себебіне айналады. Маркстің пікірінше, қосымша еңбекке деген құштарлық нақты еңбектің үлесін салыстырмалы түрде қысқарта түседі, мұның өзі қосымша құн көзі болып табылатын нақты еңбек туралы тезиске қайшы келеді. Қарама-қайшылық капиталдың қорлануы барысында шешіледі: капиталдың табиғи құрылымының өсуіне, нақты еңбек көлемінің ұлғаюына, жұмысшы еңбегінің қаналу деңгейінің өсуіне байланысты нақты еңбектің үлесі қысқартылады. Қосымша құнды өндіруге қоғамдық өндірістің барлық салалары тартылады. Маркс экономикалық қатынастардың объективті сипаттамаларын басшылыққа ала отырып, қосымша құн өндіруді қоғамдық өндірісті қалыптастыру бағытын айқындайтын объективті экономикалық заң ретінде қарастырады. Марксті сынаушылар қосымша құн. теориясына қатты шүйлікті. Қосымша құн сипаттамасының таптық көзқарас тұрғысынан түсіндірілуі ғана емес, сонымен бірге оның абстрактілі, “мистикалық” сипаты да наразылық туғызды. “Бірде-бір экономикалық агент, – дейді Маркстің қазіргі сыншылары, – қосымша құндылық нормасындағы өзгерістерге елең етпейді: жұмысшы өзінің нақты жалақысын барынша көбейтуге мүдделі, ал капитал иелері пайда мөлшерін басшылыққа алады”. Алайда капитал иелері мен жұмысшылардың жұмыс күнінің мөлшері үшін ұзақ жылдар бойы күрескенін, ақырында мемлекеттің бұл күреске араласып, жұмыс күнін заң жүзінде шектегенін естен шығармау керек.

Пайдаланған әдебиетттер

Tags:

Карл Маркс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Нақыл сөздерҚазақтардың петициялық қозғалысыҚыпшақтарТуберкулезМахамбет ӨтемісұлыБотай мәдениетіКорея РеспубликасыМахмұд ҚашқариЖүрекБірінші дүниежүзілік соғысШарана шайқауПиелонефритБезҚанайналым жүйесіМүшел жасАрыстан баб кесенесіНефронҚыстырма сөзЖануарларТұрақты сөз тіркесіПсихологияТөле биАртериалдық гипертензияАтеросклерозБактерияларОтбасыҰлы жүзҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыСенсорлық жүйеТуризмҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЖалпақ құрттарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыТас дәуіріХиуа хандығыКіші жүздің Ресейге қосылуыТері ауруларыТранспирацияҰйқы безіӘл-Кәфирун сүресіЭкономикаРамазан (ай)Көзімнің қарасы...Қазақстанның сыртқы саясатыСырым ДатұлыПсихологияның зерттеу әдістеріУлануГрамматикаШоқан Шыңғысұлы УәлихановТөменгі сатыдағы өсімдіктерБесін намазыГалогендерСан есімАтлант мұхитыҚазақ тіліҚожа Ахмет ЯсауиЭкологиялық жүйеҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыГастритНамазды бұзатын нәрселерЭлектр энергетикасыҚазақстан астанасыДНҚОрганоидтарҚант диабетіОсман империясыКСРО ыдырауыҰлпан (роман)Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихыТамыр (өсімдік органы)АрғынРесейЭволюцияҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміРесей империясының құрамындағы ҚазақстанКөші-қонКаспий теңізіОйық жара ауруы🡆 More