Энди Уорхол

Энди Уорхол (ағылш.

«Нomo universale» идеологиясының, «коммерциялық поп-арт»тың негіздеушісі.

Энди Уорхол
Andy Warhol
Энди Уорхол, 1973
Энди Уорхол, 1973
Туған кездегі есімі

Andrew Warhola

Туған күні

6 тамыз 1928 (1928-08-06)

Туған жері

Питтсбург, Пенсильвания, АҚШ

Қайтыс болған күні

22 ақпан 1987 (1987-02-22) (58 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

Энди Уорхол АҚШ

Жанры

көркем сурет, фотография, инсталяция, перформанс, коллаж, дизайн, видео, кино

Өнер ағымы

поп-арт, авангард, абстракционизм, киноавангард, артхаус

Атақты қолөнерлері

«Кока-коланың жасыл шөлмектері», «Банки супа „Кэмпбелл“ сорпасының құтысы», «Диптих Мэрилин»

Ықпалы әсер етті

Роберт Раушенберг,
Джаспер Джонс,
Марсель Дюшан,
Джон Кейдж,
Фрэнк Стелла,
Ман Рэй,
Дадаизм,
абстрактті экспрессионизм

1960 жылдары The Velvet Underground рок-группасының менеджері және продюсері болған. О жизни Уорхола снято несколько художественных и документальных фильмов.

Балалық шағы

Энди Уорхол 1928 жылы 6 тамызда Питтсбургте (Пенсильвания, АҚШ) қазіргі Словакияның солтүстік-шығысындағы Стропкованың жанындағы Микова ауылынан келген русин-иммигранттардың отбасында төртінші бала болып дүниеге келді.

Бірінші бала —  Юстина, Словакия жерінде туып, АҚШ- ға келер алдында қайтыс болған. Әкесі Андрей жұмысты табу мақсатында 1914 жылы Америка Құрама Штаттарына көшіп, анасы Юлия, Уорхолдың апасы мен атасы көзің жұмған соң, 1921 жылы Андрейдің артынан  АҚШ- ға келген болатын.Уорхолдың діндар отбасы Русиндік грек-католик шіркеудің мүшелері болған. Ол өзіні діндар адам ретінде санаған. Уорхол күн сайын литургияларға барып, шіркеудің дін қызметшісі де  Уорхолдың шіркеуге күнде келіп тұратындағы туралы айтатын. Оның жұмыстарында иконографиядан келген ықпалы бар екенін сезуге болады.

Уорхолдың әкесі Андрей көмір шахталарында жұмыс істеген, анасы болса, ағылшын тілін білмей терезелерді жууып, үйлерді жинау арқылы ақша табатын. 1934 жылға таман, Уорхолдардың отбасы жайлы ауданға көшкен. Эндида екі ағасы болған, Павел (1923 жыл) және Джон (1925 жыл).

Үшінші класста Энди Сиденгама хореясымен ауырып қалған болатын. Сол кезде ол күнде төсекте жатуға мәжбүр болғандықтан, Уорхол уақытты қызықты өткізу үшін сурет салып, журналдардан қиып алынған суреттерден коллаж жасайтын.

Эндинің 13 жасында, шахтадағы жазатайым оқиға нәтижесінде әкесі қайтыс болады. 1945 жылы Уорхол Шенли мектебін бітіреді.

Өнер әлемінде

1952 жылы Уорхолдың жұмыстары Нью-Йорктың көрмесінде қойылған болатын, ал 1956 жылы "Көркемдік редакторлардың клубының" бас жүлдесіне ие болған. Сол кезде Уорхол жылына шамамен жүз мың доллар табатын.

1960 жылы Уорхол Кока-Коланың банкаларына дизайнды ойлап шығарған соң, халық арасында өнерді ерекше жақтан көре алатын танымал суретшіге айналған. 1960-1962 жылы Кэмпбелл консерві банкаларының суреттері бейнеленген жұмыстары жарық көрген болатын. Сонымен қатар, 1962 жылы Уорхол "Кока-коланың жасыл шөлмектері " суреттердің сериясын шығарған болатын. Бұл жұмыстар "Stabl" галереясында қойылып, халық арасында үлкен резонансты тудырған болатын. Осы көрмеден кейін, Уорхолды, Роберт Раушенберг, Джаспер Джонс пен Рой Лихтенштейнды сияқты, поп-арт пен концептуалдық өнер жанрларындағы суретшілердің ішіне кіргізген болатын.

Осы периодтан бастап Уорхол эстрада мен кинодақы танымал жұлдыздарының (Мэрилин Монро, Элизабет Тейлор, Джима Моррисона, Мика Джаггера мен Элвиса Пресли) бейнелерімен фотограф және суретші ретінде болып жұмыс істеуге кірескен. Мэрлин Монро қайтыс болғаннан кейін, Энди өзіннің атақты "Диптих Мэрилин" атты жұмысын салған болатын. Бұл жұмыс лондондық филиалдың Тейт галлереясында қойылды. 2004 жылдың 2 желтоқсанында «The Guardian» газетасы аса көрнекті 500 жұмыстың тізімін жариялап, осы тізімнің үшінші орынына "Диптих Мэрилин" жұмысы ие болған.

Коммерциялық мәні

Соңғы жылдары Эндри Уорхол ең көп сатылатын суретшілердің тізімін басқаруда. Осылайша, 2013 жылы аукциондарда сатылған суреттердің жалпы бағасы 427,1 млн долларға жеткен болатын. Ең жоғары бағаланатын жұмыстары, 1962-1964 жылдары холстта салынған суреттердің бағасы 100 млн долларға жете алады. 2013 жылдың қарашасындағы рекорд - "Күміс автомобиль апаты" атты суреті үшін 105,4 млн доллар төленген болатын.

Жұмыстары

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Энди Уорхол Балалық шағыЭнди Уорхол Өнер әлеміндеЭнди Уорхол Коммерциялық мәніЭнди Уорхол ЖұмыстарыЭнди Уорхол Сыртқы сілтемелерЭнди Уорхол1928198722 ақпан6 тамызАғылшын тіліАҚШПоп-арт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сыбайлас жемқорлықХимия өнеркәсібіТәрбиеҚазақстан экономикасының тарихыЕгіншілікШоқан Шыңғысұлы УәлихановБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевХалықаралық еңбектiк миграцияҒылыми-техникалық прогрессҚазақстан музейлеріСинонимАмерикадағы азамат соғысыБақбақСу көлігіСуӘл-Фатиха сүресіХалықаралық балалар күніPythonЖұқпалы ауруларҚазақтың 500 ән-күйіЗәр шығару жүйесіМәдени мұраЖасушаның бөлінуіМәдениеттануЖанрҚыпшақ хандығыТұрақты сөз тіркесіТитанБілімМұхаммедЛенинград шайқасыҰйқы безіЭкологиялық пирамидаҒаламдық мәселелерАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақстан халқының бірлігі күніЖүйке жүйесіЭтиленӘлемнің жеті кереметіАзотОралхан БөкейЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚазақстан және БҰҰЖоңғар хандығыАфрикаАңырақай шайқасыОрталық ҚазақстанМәскеу шайқасыДомбыраЖұлын жүйкелеріКөсемшеКонституция1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісіЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыДүние жүзінің саяси картасыII ЕкатеринаТүркістан облысыӨкпеМагниттік индукцияМұхитҚазақстандағы су тасқыны (2024)Түрік қағанатыҚазақстандағы алюминий кеніҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларСөйлемнің бірыңғай мүшелеріСолтүстік Қазақстан облысыҚазақстан аудандарыИммануил КантДәрілік өсімдіктерБотай мәдениетіЖүрек-қантамырлар жүйесіЖарықтың шағылуыАқсу-Жабағылы қорығыЖерҚызмет көрсетуҚазақстанның мұнай өнеркәсібіОтбасы🡆 More