Тотем - (солт.
америка Аджибве тайпасының тілінен аударғанда -тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этник. топтың шыккан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж.Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Мәдениетте адамдардың өздерін осылайша теңдестіру (идентификациялау) формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің пайда болуына адамның хайуанға айналу мүмкіншілігі бар деген аңыздар негіз болса керек. Ал Тотемнің әлеуметтік атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіру, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Мәдениеттің тотемдік баспалдағынан дүние жүзінде белгілі мәдениеттердің барлығы бірдей өткен. Қазірде Тотемнің қалдықтарын геральдикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Шынайы тотемистік көзқарастар кең тараған америкалық үндістер, солтүстік халыктары. Қазақ мәдениетінің архетипі - көне түркі мәдениетінде де Тотемдік көзқарастар молынан кезігіп отырды. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыруы қазақ ақын-жырауларының аузына "бөрлі менің байрағым..." детен жолдары салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі көкпар тарту жүргізілген. Тотемнің сарқыншақтары дамыған діндерде де (құдайды діндарлардың әкесі деп санау; адал және арам жануарлар туралы түсініктердің болуы) сақталған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Тотем, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.