Риши Сунак (ағылш.
Ол 2020 жылдан 2022 жылға дейін қазынашылық канцлері және 2019 жылдан 2020 жылға дейін қазынашылықтың бас хатшысы болды.
Риши Сунак ағылш. Rishi Sunak | ||||
Сунактың премьер-министр ретіндегі тұңғыш сөзі, 2022 жылы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
25 қазан 2022 жылдан бастап | ||||
Монарх | III Чарльз | |||
Ізашары | Лиз Трасс | |||
| ||||
24 қазан 2022 жылдан бастап | ||||
Ізашары | Лиз Трасс | |||
| ||||
7 наурыз 2015 жылдан | ||||
| ||||
13 ақпан 2020 — 5 шілде 2022 | ||||
Премьер-Министр | Борис Джонсон | |||
| ||||
24 шілде 2019 — 13 ақпан 2020 | ||||
Премьер-Министр | Борис Джонсон | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Консервативті партия | |||
Білімі | Линкольн-колледж (2001) Стэнфорд университеті (2006) Стэнфорд жоғарғы бизнес мектебі Уинчестер (Винчестер) колледжі | |||
Ғылыми дәрежесі | бизнес әкімшілігі магистрі (2006) | |||
Діні | индуизм | |||
Дүниеге келуі | 12 мамыр 1980 (43 жас) Саутгемптон, Хэмпшир, Ұлыбритания | |||
Жұбайы | Акшата Мурти | |||
Балалары | 2 | |||
Сайты | rishisunak.com | |||
Қолтаңбасы | Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Риши Сунак Саутгемптонда дүниеге келді, ата-аналары — 1960 жылдары Ұлыбританияға Шығыс Африкадан келіп көшкен пенджабдықтар. Стэнфорд университетінде білім алып жатқанда өзінің болашақ жұбайы Акшата Мурти, үндістан миллиардеры Нараяна Муртидің қызын кездестірді. Сунак пен оның әйелі — Ұлыбританияның 222-ші ең бай тұлғалары, олардың жалпы байлығы 2022 жылы 730 миллион £-ке жетті.
Сунак 2015 жылғы сайлауда Қауымдар палатасының мүшесі болды. 2016 жылғы референдумда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қолдаған еді. Ол Тереза Мэйдің премьерлігі жылдарында жұмыс істеген, Мэйдің отставкасынан кейінгі сайлауда Борис Джонсонды қолдады. Джонсон премьер-министр болып сайланғанда Сунак Қазынашылықтың Бас Хатшысы болып тағайындалды. Кейінірек ол Қазынашылықтың Канцлері лауазымына тағайындалды. Канцлер ретінде Сунак үкіметтің COVID-19 пандемиясына және оның экономикалық әсеріне қаржылық реакциясында өз рөлін атқарды. Ол 2022 жылдың шілдесінде Джонсонның отставкаға кетуі және Ұлыбританияның үкімет дағдарысы нәтижесінде канцлер қызметінен кетті. Сунак Джонсонның ізбасары болу үшін консервативті партияның көшбасшылық сайлауына қатысты және Лиз Трассқа қарсы жеңілді.
Тағы бір үкімет дағдарысы нәтижесіндегі Лиз Трасстың отставкасынан кейін Риши Сунак партияның көшбасшылығына қарсылассыз сайланды, кейінірек ол премьер-министр болып тағайындалды.
2022 жылдың 25 қазанында Ұлыбританиядағы Үкіметтік кризис аяқталғаннан кейін Риши Сунак кабинеті құралды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Риши Сунак, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.