Рефлекс

Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.

Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (15961650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (17491820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.

  • Биологиялық маңызына қарай: қоректік, қорғану, бағдарлау Рефлексі, т.б.;
  • Рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай: экстеррецептивтік, интеррецептивтік, проприрецептивтік Рефлексі;
  • Нейрондардың орналасуына қарай: жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) Рефлексі болады.

Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Себебі, орт. жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфол. және функц. байланыс болады; эфференттік бөлімнің сипатына қарай Рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің (эффектордың) әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуші Рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай Рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі (қ. Шартты рефлекс; Шартсыз рефлекс). Рефлекстің түрлі органдардың қызметі мен олардың байланысын реттей отырып, ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етуде, оны сыртқы орта жағдайларына бейімдеуде маңызы зор. Жүйке жүйесінің Рефлексті әрекетінің нәтижесінде ағза әрекетінің тұтастығы және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы анықталады.

Дереккөздер


Tags:

1596165017491820Латын тіліРецепторТітіркендіргіш

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ПысықтауышАдамаралық қарым-қатынасСолтүстік АмерикаАбылай ханҒұндарӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТыныс алу ауруларыГенетикаБөкей ОрдасыКөсемшеКорея РеспубликасыҚазақ газетіТөл сөзСинонимҚазақстан аумағында ауа температурасының таралуыӘн-Нас сүресіЖоңғар хандығыҚанМультимедиаАқтөбе облысыЕрітіндіМемлекеттік басқару формасыҚозы Көрпеш - Баян СұлуГипергликемиялық комаҚазақстан әкімшілік бірліктеріХолециститМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақстан Республикасының ҮкіметіЭлектролиттік диссоциация теориясыЖелшешекВолейболАлаш ОрдаИса МәсихТәуелдік жалғауНайман хандығыЖем (өзен)Махмұд ҚашқариДемократияХақназар ханЖасуша мембранасыЭмоцияГигиенаЖарықтың интерференциясыМұстафа Кемал АтатүрікДомбыраБағаналы жасушаТопырақАлюминийЖұмыссыздықҰшқан ұяҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіТехасАғзалар арасындағы байланыс түрлеріСаяси режимҚос сөзОйлауҮстеуОрталық АзияКүн жүйесіБасты бетМұстафа Шоқай1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісЖоғары сатыдағы өсімдіктерСенсорлық жүйеОралАммиакҚарахан мемлекетіҚанның ұюыӘпке (драма)ТерроризмҚазақ мәдениетіҮш Жүз партиясыБұқаралық ақпарат құралдарыАс қорыту жолдарынан қан кетуКомпьютерлік желіӘскери коммунизм саясатыӘл-Уақиға сүресі🡆 More