Плеврит — өкпеқап (плевра) қуысында сұйықтықтың жиналуы.
Плевра — көкіректің ішкі бетін астарлап жататын сірі қабық. Плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер етеді. Плевриттің жұқпалы түрінің қоздырғыштары: стафилококк, пневмококк, туберкулез таяқшалары, эхинококк, т.б. Плевритті шартты түрде құрғақ (фибринозды) және іріңдік (экссудативті) деп бөледі. Құрғақ Плеврит кезінде сірлі қабық ісініп, қалыңдайды да қабыну процесі басталады. Ал іріңдік Плевритте плевра қуысы қан, ірің аралас сұйықтыққа толып кетеді. Адамда туберкулезді Плеврит жиі кездеседі. Плевриттің бұл түрі өкпеде немесе лимфа түйіндерінде басталып, кейін өкпені түгел қабындырады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады. Аурудың өтуіне қарай жедел және созылмалы түрлерге ажыратылады. Жедел Плеврит кезінде адам дел-салданып, әлі кетеді, тыныс алғанда кеудесі шаншиды, ентігеді, жөтеледі, қанның құрамы өзгереді. Кей жағдайда сірлі қабықта пайда болған ірің бір жерге жиналып, сырты қабықпен қапталады да, сау тіннен оқшауланады. Бұл кезде ауру ұзаққа созылуы мүмкін. Инфаркті Плеврит сирек кездеседі. Бұл инфарктіден кейін 8 — 10 күннен кейін дамиды, бұны Дресслер синдромы деп те атайды. Ауруды рентгенографиялық, томографиялық зерттеулер арқылы анықтайды. Емі: алдымен аурудың этиологиясын анықтау керек. Соған байланысты антибиотиктер беріледі. Сондай-ақ, плевра қуысына жиналған сұйықтықты сорып алады.
Плевриттің пайда болу себебіне байланысты оны алдын алуға болады. Мысалы, пневмонияны ерте емдеу плевра сұйықтығының жиналуына жол бермейді. Жүрек, өкпе немесе бүйрек аурулары үшін негізгі ауруды емдеу сұйықтықтың жиналуын болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ ауруды ерте кезеңде анықтау және науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық тексеруден өткені дұрыс.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Плеврит, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.