Никарагуа

Никарагуа Республикасы (ис.

85°00′00″ б. б. / 12.90000° с. е. 85.00000° б. б. / 12.90000; -85.00000 (G) (O) (Я)

Жер аумағы 131,8 мың км². Халқы 4,6 млн (1998). Халқының 70%-ы метистер, 16%-ы еуропалықтар, қалғандары басқа ұлт өкілдері. Ресми тілі – испан тілі. Астанасы – Манагуа қаласы. Әкімшілік жағынан 16 департаментке бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы Ұлттық ассамблея. Никарагуалықтардың көпшілігі христиандар. Ұлттық мейрамы 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – алтын кордоба.

Никарагуа Республикасы
ис. República de Nicaragua
Никарагуа Никарагуа
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Libre Crezca Fecundo (исп. Бос және бай өсім)»
Әнұран: «Salve a ti»
Никарагуа
Тарихы
Тәуелсіздік күні 28 қыркүйек 1821 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі испан тілі
Елорда Манагуа
Ірі қаласы Манагуа
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Даниэль Ортега
Росарио Мурельо Сабрана
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 96-шы орын
130 375 км²
7,14
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2012)
Тығыздығы

5 966 798 адам (110-шы)
6 167 237 адам
51 адам/км² (155-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

35,757 млрд. $ (115-ші)
5,683 $ (129-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

13,380 млрд. $ (127-ші)
2,126 $ (134-ші)
АДИ (2017) 0,658 (орташа) (124-ші)
Валютасы Кордоба (NIO, код 558)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .nt
ISO коды NT
ХОК коды NCA
Телефон коды +505
Уақыт белдеулері UTC−6:00

Никарагуаның шығыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Солтүстік және орталық бөлігін таулы қырат (ең биік жері – 2438 м), батысы мен оңтүстігін тектоникалық ойыс алып жатыр. Батыс Никарагуада Эль-Вьехо (1780), Момтомбо (1258), Ометепе (1556 м) сөнбеген жанартаулар бар. Тектон. ойыста жер сілкінулер болып тұрады. Климаты ылғалды тропиктік-пассаттық (солт.-шығыс жағы) және маусымдық ылғалды субэкваторлық (оңт.-батысы). Жыл бойғы орташа температура 25 – 28°С, таулы аймақта 16 – 22°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 – 6500 мм. Жерінің 40%-ын ылғалды тропикті орман мен саванна алып жатыр.

Тарихы

Ежелгі заманда Никарагуа жерін чибча тілі тобындағы бірнеше тілдерде (никарао, микито, чаротеги) сөйлейтін үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтардан алғаш Христофор Колумб келді. 1523 ж. испандық отаршылдар Никарагуа аумағын Санто-Доминго аудиенциясына қосты, кейін 1539 ж. Панамаға, 1573 ж. Гватемала генерал-губернаторлығына біріктірді. 1821 ж. Никарагуа өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1823 – 38 ж. Орталық Америка құрама провинцияларының біріккен федерациясының құрамында болды. 1838 жылдан дербес мемлекет. 19 ғасырдың 2-жартысында Никарагуа үшін Англия мен АҚШ арасындағы бақталастық күшейіп, 1841 ж. Англия Никарагуаның Кариб жағалауына протектаратын орнатты. 1912 – 33 ж. Никарагуаны АҚШ әскерлері басып алды. 50-жылдары әскерилерге қарсы партизан қозғалысы күшейді. Олар 1961 ж. бірыңғай саяси ұйым – Ұлттық азат етудің сандинистік майданын құрды. 1977 ж. қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. 1979 ж. әскерилер биліктен кетуге мәжбүр болды. 1984 ж. тұңғыш рет Никарагуада жалпыға бірдей ерікті сайлау өтті. 1986 ж. жаңа конституция қабылданды. 1990 ж. сайлауда Оппозициялық ұлттық одақ жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрылды.

Экономикасы

Никарагуа – аграрлы ел. Экономикасы қант құрағын, кофе, мақта өсіруге негізделген. Күріш, фасоль, жүгері, банан, темекі және какао да өсіріледі. Өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған (мақта тазартатын кәсіпорындар, қант, былғары завоты). Экспортқа кофе, мақта, қант, банан, теңіз өнімдерін шығарып, сырттан тұтыну бұйымдары, құрал-жабдықтар, азық-түлік алады. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлш. 2370 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ, Германия, Орталық Америка елдері, Испания, Мексика. Қазақстан мен Никарагуа арасындағы дипломатикалық байланыс алғаш 1994 ж. 6 шілдеде орнады.

Дереккөздер

Tags:

ЕуропалықтарИспан тіліМетисНикарагуалықтарОрталық АмерикаХалықаралық фонетикалық әліпбиХристиандық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыПалеозойТеодолит1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанМейозЛейкоциттерҚорғалжын қорығыТабиғатты қорғауШикізатАстанаЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміӨздігінен тозаңдануҒарыштануЖәнібек ханОрталық ҚазақстанПлагиатБатыс ҚазақстанҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіАқан серіАнтигитлерлік коалицияТөлен ӘбдікАбайдың қара сөздеріБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақстандағы көмірСырым ДатұлыДін философиясыӨнеркәсіпҒарышкерӨркениетҚаңлыларАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріТуризмМагмалық тау жыныстарыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚышқылАлкиндерМемлекетЭкстремизмБарсакелмес қорығыЛинзаЖұрнақТүркістан автономиясыАмерика–Жапон шарттарыҚазақстан қорықтарының тізіміБейімделуҚазақстандағы жануарлар әлеміСөз тіркесіӘдемі инелікПлацентаМәдени мұраКешенді қосылыстарКемпірқосақӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)МодернизмҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАрхейҒарышБұқаралық ақпарат құралдарыҚұндылықҚажымұқан МұңайтпасұлыУрбанизацияКайнозойҚырғи қабақ соғысыҚасым АманжоловҚозғалыс (зат)РесейАуа ластануыҚазақстан әкімшілік бірліктеріКүнбағысМюнхен келісіміБұлшық етКөлденең жолақты ет ұлпасыШиеҚызғалдақӨзгергіштікДінБаскетболҚазақстан мәдениеті🡆 More