Көктамыр

Көктамыр (немесе вена) — қанды организм мүшелер жүйелерінен жүрекке алып келетін ірі қан тамыры.

Түтікше мүше ретінде венаның қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі қабығы — интима, ортаңғы қабығы — медиа және сыртқы қабығы — адвентиция. Интиманың ішкі бетін жұқа жалаң қабат - эндотелий астарлайды. Эндотелийдің астындағы шекаралас жатқан — эңдотелийасты қабатын жіңішке талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабатта эластин талшықтарының торы және жетілмеген пішіні жұлдыз тәрізді жас жасушалар болады. Зақымдалған эндотелиоциттер жұлдызша жасушалардың есебінен қалпына келеді. Бұл қабаттың аморфты заты гликозамингликандарға бай. Көкгамырдың интимасында ішкі эластинді жарғақ қабаты болмайды.

Көктамыр
Көктамырдың денеде орналасу схемасы

Медианы бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Венаның сыртқы адвентиция қабығы қоректендіргіш тамырларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Медиа қабығының болу-болмауына байланысты вена: етті және етсіз көктамырлар болып екіге бөлінеді. Етті немесе миотипті көктамырларға аяқ пен қолдың, жануарлардың бас және мойын веналары жатады. Ал етсіз көктамырлардың қабырғалары тек эндотелий және эндотелийасты қабаттарынан тұрады. Бұларға мидың, көздің тамырлы қабығының, сүйектердің, көкбауыр перделіктерінің, бауыр бөлікшелерінің орталық көктамырлары жатады. Етсіз көкгамырларды фибротипті көктамырлар деп атайды.

Майда көктамыр

Майда көктамыр - ең кішкентай көктамырлар; қылтамырлардың қосылуынан түзіледі. Майда көктамырлар қосылып ірі көктамырлар түзеді.

Дереккөздер


Tags:

АдвентицияЖұлдызИнтимаОрганизмЭластинЭндотелийҚан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Компьютерлік желіҚазақстандағы көмірҚазақстандағы туризмМақалаКөлік кешеніЭкологияЛейкоциттерФразеологизмҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыАИВ/ЖИТСПысықтауышЭлектромагниттік индукцияАминқышқылдарДомбыраҚаңлыларМиграцияЖау тылындағы балаЖылқы малының атауларыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМұражайБактерияларКемпірқосақЭлектромагниттік толқындарНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚыпшақтарДНҚАбай ҚұнанбайұлыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіБразилияҚарлығаштарСудың ластануыЭкономикаҚазақ театрыОмонимОқшау сөздерКүн (жұлдыз)ЛинзаОперациялық жүйелерҚызғалдақАсық ойыныАқбөкенСаяси идеологияӘміре Қашаубаев1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықӘлеуметтік инфрақұрылымТырнақшаӘлкей Хақанұлы МарғұланЖай сөйлем және оның түрлеріТәуке ханАллитерацияФотосинтезАбайдың қара сөздеріҚазақстан тарихы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАдам даму индексіТеміртауАлмаҚазақстан өзендеріСалықБұлшықет талшығыАлаш қозғалысыОрганикалық затАсқорыту мүшелеріҚазақстандағы су тасқыны (2024)1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҰрықАмпер заңыИтҰялы телефонҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЭкологиялық жүйеЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановИспанияМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҚорықЧарлз ДарвинҚырғызстанСалт-дәстүр🡆 More