Күрдтер

Күрдтер — Таяу Шығыстың ежелгі халықтарының бірі.

Күрдтер Түркия, Иран, Ирак, Сирия аумағында өмір сүреді. Осы мемлекеттермен шектесетін Ауғанстанда, Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанда да тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны — 40 миллион шамасында. Өздерін курд деп атайды, бірақ бұрын Бұл халықтың тайпаларын гутеи, кутеи, куртии, карди, кардуһи деп атаған.

Күрдтер
Бүкіл халықтың саны

45,6-55,4 млн

Ең көп таралған аймақтар
Күрдтер Түркия

23—25 млн

Күрдтер Иран

15 млн

Күрдтер Ирак

8,2 млн

Күрдтер Сирия

3,5—4 млн

Күрдтер Германия

1,5-2 млн

Күрдтер Ауғанстан

200-300 тыс

Күрдтер Әзербайжан

50 000-240 000

Күрдтер АҚШ

40 000-100 000

Күрдтер Ливан

80 000

Тілдері

Күрд тілі

Діні

ислам

Этникалық топтары

заза, езид, шабаки

Тілі

Күрд тілі тек Ирақ мемлекеттік тілдерімен қатарында қолданылады. Туған тілі - күрд тілі, үнді-еуропалық тілдерінің тобының батыс ирани тармағына жатады, парсы тіліне жақын. Күрдтер парсы, араб, түрік, гүржін, орыс, қазақ тілдерін де қолданады (бұл тұратын жеріне байланысты). Күрд жазбасы 1921 ж. армян, 1929 ж. латын, 1945 ж. кириллица әліпбиіне көшкен.

Діні

Діні — негізінде Ислам, арасында Сүннит мұсылмандар да, Шиға мұсылмандар да бар. Кейбіреулер христиан дінің немесе бабалардың езид дінің ұстайды. Бірнеше бөліктеріне бөлінеді. Мысалы, курманджи, сорани, арасында езид күрдтер де бар.

Тарихы

Күрд этногенезі 3-4 ғасырларда Солтүстік Месопотамияның ежелгі тұрғындары мен Иран тайпаларының араласуы нәтижесінде қалыптаскан. Ұлт болып қалыптасуы араб халифаты тұсында басталып, салжұқ әулеті тұсында жалғасын тапты. Күрдістан аумағы жаулап алушыларға қарсы бірнеше соғысты бастан өткерді. Ежели Иран мен Грекия арасындағы соғыс негізінен Күрдстан аумағын қамтыды. Күрдстанның негізгі аумағы Иран мен Армян арасындағы таулы аймақтарда орналасқан. Бұл аумақ көптеген бөліністерге ұшырағандықтан күрдтердің ұлттық құрамына да әсерін тигізбей қоймайды. 10 ғасырда күрдтердің жекелеген тайпалық одақтары Кавказ маңын мекендеді. 11 ғасырда Шедедид династиясы үлкен аумақты иемденді. 19 ғасырда түріктер мен орыстар, орыстар мен Персия арасындағы соғыс салдарынан күрдтердің бірнеше тайпа одақтарының Түркиядан, Ираннан Кавказ жерлеріне қайтып келуіне алып келді. Бұлар Гүлстан (1813), Түркменчай (1828), Андрианаполь келісімдері нәтижесінде Ресей құрамына өткен тұрғындар болатын. Күрдтердің бір бөлігі 1937 ж. Армения мен Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан Қазақстанға және Орта Азияға қоныс аударған.

Күрдтер 
Күрд киіміндегі қыздар.(Иранның Хавраман қаласынан)
Күрдтер 
Күрд биі

Кәсібі

Дәстүрлі кәсіптері: жартылай көшпелі мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал), егіншілік (дәнді дақылдар, бау-бақша, темекі). Кілем тоқу, жүннен бұйымдар жасау, металл ыдыстар жасау, металл соғу, ағаш ою өнері дамыған. Тау бөктеріндегі және жазық аумақтар мен қалалардағы шаруалардың тұрғын үйлері бір, екі қабатты, саман немесе тастан жасалған, төртбұрышты, шатыры тегіс. Коммуналдық бөлмелер тұрғын үйге іргелес, көбінесе ортақ кіреберісі бар. Топырақтан жасалған ошақ (тандыр) үйді жылытуға, тамақ пісіруге, нан пісіруге, салт-дәстүрлерді сақтауға қызмет етеді.

Мәдениеті

Күрдтер тарихында көптеген акын-жазушылардын есімдері белгілі. Алғашқы әдеби мектеп лирикалық, философиялық шығармалардың авторы болған сарай акыны Мела Джезири (12 ғ.) есімімен байланысты. Әнші ақын-философ Фани Тейранның (14 ғ.) да есімі аңызға айналған. Күрдтер көршілес халықтары сияқты Наурыз мейрамын ежелгі заманнан бастап тойлайды.
Ұлттық киімдері - ерлер кең шалбар, малдың жүнінен тігілген сырт киім, жеңсіз киіз жакет және киіз қалпақ (колоз, талык, кулук), белдеріне қайыс немесе күміс белдік таққан. Аяқ киімдері шұғадан және теріден тігілген. Әйелдер киімі — ұзын турлі түсті көйлектер, кең шалбар немесе белдемше, бас киімі - кофи.
Ұлттық тағамдары - негізінде сүт пен еттен жасалынады. Сондай-ақ бидай, күріш, бадана, бұршақ, жарма, сүзбе ірімшік, май, көкөністер де қолданылады. Дәстүрлі ет тағамдары - кали, селакали деп аталатын еттің сорпасына бұқтырылған тағам, шашлык болды. Тәтті тағамдары - бал, халва, кептірілген өрік, мейіз т.б. Сусындары - қаты, шербет, шира, кофе, шай.

Күрдтерден мұсылман ұлы қолбасшысы Салах әд-Дин шықты. Ирактың қазіргі Елбасы - Джалал Талабани да күрд. Пәкістанның премьер-министрі Беназир Бхуттоның анасы - Нусрет Бегунам Бхутто, Түркияның Елбасы Тұрғыт Озалдың да анасы күрдтерден шыққан еді.

Қазақстан күрдтері

Күрдтер Қазақстанға 1937 ж. Армения мен Әзірбайжаннан Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына күштеп көшірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 38,3 мың күрд тұрады (2009).
Күрдтердің Қазақстанда "Барбанг" деген ұлттық мәдени орталығы бар. Қазақстандағы күрдтерден академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіров, дәрігер-нейрохирург Бари Нәдіров, жазушы Князь Мирзоев шыққан.

Дереккөздер

Түсініктемелер


Tags:

Күрдтер ТіліКүрдтер ДініКүрдтер ТарихыКүрдтер КәсібіКүрдтер МәдениетіКүрдтер Қазақстан күрдтеріКүрдтер ДереккөздерКүрдтер ТүсініктемелерКүрдтерАрменияАуғанстанГрузияИракИранСирияТаяу ШығысТүркияӘзірбайжан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жай санФантастикаОперациялық жүйелерЧарлз ДарвинТүркістан (қала)Қазақстан мейрамдарыТуризмТұтынушы құқығыДыбысҚазақ билеріҚазақстандағы су тасқыны (2024)Осип Андреевич ИгельстромӨсімдіктер систематикасыАйтысАнтивирустарПублицистикалық стильҒарышкерКанадаРасул Ғамзатұлы ҒамзатовХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОБәйтерек (мифология)Дамушы елдерТабиғатты қорғауМұхитКерей хан1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларКөміртегіБаскетболТәттімбет ҚазанғапұлыӘлкей Хақанұлы МарғұланҚарақұмықИмпрессионизмҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріКайнозойЕтістікТабиғи сұрыптауОтынАвангардизмАқ Орда (мемлекет)Бұлшықет талшығыҚазақстан 2030Есік Алтын адамыРайымбек батырБақбақPythonЖайылма сөйлемАлмазУкраинаСалауатты өмір салтыОңтүстік ҚазақстанӘл-Фатиха сүресіФилипп Исаевич ГолощёкинТүркияБұрындық ханЖүрекӘміре ҚашаубаевПиелонефритЖүйке жасушаларыГуманизмКөлікКарбон қышқылдарыАхмет БайтұрсынұлыҚоректік тізбекИнтернетСәулетҚорқыт атаКөксерек (әңгіме)Семей полигоныҚарағанды металлургия комбинатыЛуврЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҰйқы безіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҚытай🡆 More