Күнгей Алатау

Күнгей Алатау – Солтүстік Тәңір тауындағы жота.

Күнгей Алатау
Күнгей Алатау
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Солтүстік Тәңір тауы

Пайда болған кезеңі

Протерозой, каледон

Ұзындығы

280 км

Ені

30-35 км

Ең биік шыңы

Шоқтал шыңы, Қырғызстан

Биіктігі

4771 м

Орналасуы

42°55′ с. е. 77°30′ ш. б. / 42.917° с. е. 77.500° ш. б. / 42.917; 77.500 (G) (O) (Я) 77°30′ ш. б. / 42.917° с. е. 77.500° ш. б. / 42.917; 77.500 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

Күнгей Алатау Қазақстан Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары , Күнгей Алатау Қырғызстан

Күнгей Алатау (Қазақстан)
Күнгей Алатау
Күнгей Алатау
Күнгей Алатау (Қырғызстан)
Күнгей Алатау
Күнгей Алатау

10 шағын көлден тұратын альпілік шалғындар Сүтбұлақ, Түлкісай және Қарасай шатқалдарының аумағында орналасқан. Көлсай және Қайыңды шатқалдарында Алматы облысының ең танымал Көлсай көлі және Қайыңды көлі бар. Ыстықкөл алқабына өтуге болатын жотаның асулары тау жорықтарын ұнататындардың арасында үлкен танымалдылыққа ие.

Күнгей жотасы альпинистік тұрғыда қызығушылық танытады, өйткені жотаның 150 шыңынан тек 40-ы ғана бағындырылды. Жарбұлақ өзені алқабынан Талды алқабына дейінгі ұзындығы 75 км альпинистер аяқ басқан жоқ.

Географиялық орны

Қырғызстан мен Қазақстан аралығында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жатыр. Ені 30 – 35 км, абсолюттік биіктігі 4771 м (Шоқтал шыңы, Қырғызстанда). Солтүстігіндегі Іле Алатауынан жотаны Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Оңтүстік Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеледі. Шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол Күнгей Алатауын екіге – батыс (ұзындығы 150 км шамасында) пен шығысқа (ұзындығы 130 км шамасында) бөледі. Қазақстанмен шектесіп жатқан шығыс бөлігінің солтүстік беткейлері (ең биік жері 4653 м) Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары жерімен өтеді.

Жер бедері

Орташа биіктігі 3800 – 4200 м болатын Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Бастылары: Қуғантыр (3908 м), Бұрғансу (3775 м), Шоңөрікті (3705 м), Қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты (3281 м), Қорымды (3174 м), Тоқымбұлақ (3185 м).

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді. Палеозойлық дәуір герцин қатпарлығымен аяқталды. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа дейін жалғасуда. Жота сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі болып тұрады.

Климаты

Күнгей Алатауының климаты тым континентті. Биік тау сілемдері ауа райына тікелей әсер етеді. Таулардың жоғарғы биік белдемдерінде жыл бойы дерлік температура 0°С-тан төмен болады. Қаңтар айының орташа температурасы таудың жоғары белдемінде – 40 – 45°С, төменгі белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау бастарында 0 – 5°С-тан, төменгі етегі мен тау аңғарларында 15 – 20°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді.

Су торабы

Жотадан (қазақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге Шілік өзені және оның оң салалары: Жаңғырық, Түлкісай, Қарасай, Қарақия, Үлкен Өрікті, Құтырған, Талды, Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, Қайыңды; Шарын өзенің сол салалары Шетмерке, Ортамерке, т.б. жатады. Өзендердің гидроэнергетика ресурстары мол. Күнгей Алатауында ірі мұздықтар (жалпы аумағы 237 км2), тектоникалық және мореналық шағын көлдер бар.

Өсімдігі мен жануралар дүниесі

Қазақстандық бөлігіне қарайтын сол-түстік жоғарын белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Шілік өзені аңғарының қара, таудың қызғылт қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. Күнгей Алатауының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы саналады. Биік таудың құз жартастарында арқар, таутеке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, елік, марал, сілеусін тіршілік етеді.

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Күнгей Алатау Географиялық орныКүнгей Алатау Жер бедеріКүнгей Алатау Геологиялық құрылымыКүнгей Алатау КлиматыКүнгей Алатау Су торабыКүнгей Алатау Өсімдігі мен жануралар дүниесіКүнгей Алатау Сыртқы сілтемелерКүнгей АлатауТәңір тауы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Өңдеуші өнеркәсіпШешендік өнерТеодолитКемпірқосақМәтінҚұрмалас сөйлемМерезҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Магниттік материалдарНесіпбек Тұрысбекұлы АйтКүй аңызы (әңгіме)КөзОрбұлақ шайқасыҚаратпа сөзМодернизмАқмола облысыБатыс ҚазақстанМолотов-Риббентроп пактыЖұлынЯдроАрал теңізіҚырғи қабақ соғысыСақтарЭкономикалық қатынасАлматыЛатын АмерикасыҚарлығаштарМетонимияКүнделік.кзНүкте (тыныс белгісі)Мұқағали Сүлейменұлы МақатаевМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қуыршақ театрыАрқарҚайыңДінДәрілік өсімдіктерЖошы ханБалықтарЖүйке жасушаларыАсық ойыныАнтропогендік факторСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Ағзалар арасындағы байланыс түрлеріАИВ/ЖИТСВирустарҚазақстанның Мәдени мұра жобасы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыҚазақстанБасынқы сөйлемНанотехнологияСүтқоректілер1921-1922 жылдардағы ашаршылықДүниежүзілік көрме (2017)Абай ҚұнанбайұлыТіршілік үшін күресАлғашқы қайта өрлеу дәуіріТөле биҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҰрықтануМұнай өнеркәсібіАйдын Ақанұлы АйымбетовГлюкозаТоғыз-құмалақЭлектр энергетикасыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Ғабиден МұстафинЖыныс мүшелерінің құрылысыЮНЕСКОҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыМитозЖіктік жалғауОрталық ҚазақстанСалт-дәстүрНАТОСаяси идеологияИтЖанр🡆 More