Елік

Елік (лат.

Елік
Елік
Амандық күйі
Елік
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Бұғылар
Кіші тұқымдасы: Capreolinae
Тегі: Capreolus
Түрі: C. pygargus
Екі-есімді атауы
Capreolus pygargus
Pallas, 1771
Subspecies

Capreolus pygargus pygargus
Capreolus pygargus tianschanicus

Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған.

Қазақстанда Сібір түр тармағы (C.c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі.

Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.

Дереккөздер


Tags:

БұғыларЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖануарларАғылшын революциясыЕтістікАфрика19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстарПысықтауышНефронКөзБақылауҚызылша (медицина)Іштің қатуыИталияХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміНоғай ордасыҰлы жүзПсихология тарихыТехасСын есімШығыс Түрік қағанатыҰлттық саябақтарӘбіш КекілбайұлыМахачқалаСутегіПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыСөйлем мүшелеріТолықтауышСемей полигоныҚанның ұюыМәңгілік бала бейнеЕсік Алтын адамыҚарағандыБауыржан МомышұлыҚанайналым жүйесіӘн-Нас сүресіҰлы Жібек жолыҚазақстандағы ұжымдастыруНамазды бұзатын нәрселерМысҚытайҚазақстан Республикасының ПарламентіМайларТоғыз-құмалақКөшбасшылықҚымызБилікЭкологиялық проблемаДифракцияЖер қыртысыБұлтты технологияДидактикаСтолыпин реформасыЖусан иісі (повесть)Қазақстан индустрияландыру кезеңіндеӘмір ТемірҚалқанша безҚазақстан Республикасының КонституциясыНаурыз көжеКіші жүзОрталық АзияМағжан Бекенұлы ЖұмабаевКүкіртБіріккен Ұлттар ҰйымыХиуа хандығыМақал-мәтелдерҚазақстанның Қызыл кітабыАдам қаңқасыТранспирацияҚорқыт атаЕкінші Мемлекеттік ДумаБатыс Қазақстан облысыҚазақтардың петициялық қозғалысыМультимедиаМұхтар Омарханұлы ӘуезовАнтикалық философияОңтүстік АмерикаДомбыраГеографияҚасым хан🡆 More