Коньяк

Коньяк (Франциядағы Коньяк қаласы атауымен аталған) – уытты спирттік ішімдік.

Ол, негізінен, құрғақ ақ жүзім шараптарын айдау арқылы алынады да, емен бөшкелер мен цистерналарда бабына келгенше сақталады. Баптау кезінде 65 – 70% күші бар коньяк спирті ашытқы заттармен қосылысқа түсіп, Коньяк өзіне тән түске, дәмге, иіске ие болады. Осы кезде ауадағы оттек әсерінен тотығу процесі басталады. Коньяк дайындау барысында оның күштілігін азайту үшін дистилденген немесе артезиан суы пайдаланылады.Коньяк спиртінің бапталуына қарай 3 – 5 жылдық (сақталған жылдары жұлдыз арқылы белгіленеді) Коньяктар жасалады. Әлемде Коньяк шығару Францияның Шаранта департаментінде (орталығы – Коньяк қаласы) жақсы дамыған. Жоғары сапалы Коньяк, сондай-ақ, Арменияда, Грузияда, Молдовада, Әзірбайжанда, Украинада, Солтүстік Кавказда дайындалады. Алматы ликер-арақ комбинатында (қазіргі “Бахус” АҚ) 1967 жылдан бері “Қазақстан” (3, 4, 5 жұлдызды) Коньягі шығарылып келеді. “Коньяк” атауы Францияның тауарлық белгісі болғандықтан, кейінгі жылдары басқа елдерде шығарылатын мұндай спирттік ішімдікке, көбінесе, бренди атауы қолданылып жүр.

Пайдаланылған әдебеттер

"Қазақ Энциклопедиясы," 11 - том


Tags:

1967 жылАлматыАрменияАртезиан суыГрузияЕменЖүзімМолдоваОттекСолтүстік КавказСпиртУкраинаФранцияЦистернаШарапҚазақстанӘзірбайжан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кеңес Одағының білім беру жүйесіИнтернетАзамат соғысыСу көлігіПиелонефритТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҚазақстандағы транспортБиомеханикаАндроново мәдениетіДомбыраҚыпшақтарII ЕкатеринаӨсімдіктер систематикасыТәуелдік жалғауҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыИнтеграцияӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТұрақты сөз тіркесіЕскендір (поэма)Ұшқан ұяТүркияКірпітәрізділерАлматы облысыМашинажасауҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Ыңғайлас салалас сөйлемАқан серіЭкстремизмҚызмет көрсетуМенің атым Қожа (повесть)Осип Андреевич ИгельстромҚазақтың ұлттық ою-өрнегіҚазақ батырлар тізімі38-атқыштар дивизиясыКаспий теңізіСабақтас құрмалас сөйлемЭмбрионЖылқы малының атауларыЖұмбақтасМетафораҚазақстан географиясыТөлеген ТоқтаровҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевБағыныңқы сөйлемТылСпортАрал экологиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміСөйлем мүшелеріКартопСалт-дәстүрАрыстан баб кесенесіСәулетҚоршаған ортаШвейцарияҮтірӨзгергіштікЖамбыл ЖабайұлыОрталық ҚазақстанЖеті қазынаСауд АрабиясыАзаматтық қоғамТанымал қазақтардың тізіміСақ мәдениетіҚазақстандағы алюминий кеніТел өскен ұлҚызылша (медицина)Лаңкестік әрекетГүлді өсімдіктерҚазақстан мемлекеттік рәміздеріТуыстық атауларыҚазақстанның Мәдени мұра жобасыҚытайШиеСуАсан қайғы Сәбитұлы🡆 More