Иван Васильевич Панфилов

Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942).

Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.

  • 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
  • 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
  • 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
  • 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
  • 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Иван Васильевич Панфилов
суреті
Генерал-майор Иван Панфилов кеңес маркасында, 1963 жыл
Туған күні

1 қаңтар 1893 (1893-01-01)

Туған жері

Петровск, Саратов губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

19 қараша 1941 (1941-11-19) (48 жас)

Қайтыс болған жері

Гусенево, Волоколам ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО

Мемлекет

Иван Васильевич Панфилов Ресей империясы
Иван Васильевич Панфилов РКФСР
Иван Васильевич Панфилов КСРО

Әскер түрі

Жаяу әскер

Қызмет еткен жылдары

Иван Васильевич Панфилов 19151918
Иван Васильевич Панфилов 19181941

Атағы

Фельдфебель
Генерал-майор (1940)

Әскери бөлімі

16-шы әскер
8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы

Шайқасы

Бірінші дүниежүзілік соғыс
Ресей империясының азамат соғысы
Кеңес-поляк соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Ұлы Отан соғысы

Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.

Галереясы

Естеліктер

Иван Васильевич Панфилов 
Иван Панфилов, Лев Доватор мен Виктор Талалихин жерлеген қабірлеріне орнатылған құлпытас. Мәскеу, Новодевичий зираты
  • Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген.
Иван Васильевич Панфилов 
Барынауылдағы бюсті
  • Гусенево ауылында қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды (Мәскеу облысы Волоколам ауданы Чисменский ауылдық елді мекені).
  • Алматыдағы 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақта ескерткіш орнатылды.
Иван Васильевич Панфилов 
Бішкектегі ескерткіші
  • Бішкектегі ескерткіш 1941 жылы генерал Панфиловтың ескерткішіне конкурс нәтижесінде тұрғызылған (авторлары Аполлон Мануйлов, Александр Могилевский, Ольга Мануйлова, И. Фрех-Хар және М. Епштейн). Бұл Ұлы Отан соғысы батырының құрметіне қойылған КСРО-дағы ең алғашқы ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы 1942 жылдың қарашасында болды.
  • 2015 жылы 9 мамырда Астанада генерал Панфилов пен 28 батыр-панфиловшыға ескерткіш ашылды.
  • Қырғызстанда 1942 жылы Шу облысының Панфилов ауданы құрылды.
Иван Васильевич Панфилов 
Волоколамскідегі бюсті
  • Волоколамск қаласында Панфилов көшесінде – № 4 үйде мемориалдық тақта; Волоколамск қаласындағы Октябрь алаңында – қола бюст.
  • Оның атымен Алматы облысындағы Жаркент қаласы (1942-1991 ж. - Панфилов) және Қазақстандағы үлкен ауыл аталды, Қырғызстандағы ауыл.
  • Тараз қаласындағы мектеп оның есімімен аталады.
  • Оңтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектеп оның есімімен аталады.
  • Алматы қаласындағы №54 мектеп оның есімімен аталады.
  • Самара қаласындағы №116 мектеп оның есімімен аталады.
  • Саратов облысы Петровск қаласының №3 мектебіне оның есімі – өзі оқыған мектеп берілді, сонымен қатар мектепте И.В.Панфиловтың мұражайы бар.
  • Саратов қаласындағы №64 мектеп онык есімімен аталады.
  • Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданындағы И.В.Панфилов атындағы ауыл.
  • Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфилов атымен аталады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  • Момышұлы Б., Генерал Панфилов, А., 1965
  • Совет Одағының Қазақстандық батырлары, А., 1969
  • Панфилова М., Панфилов Иван Васильевич, А.-А., 1975.


Tags:

Иван Васильевич Панфилов ГалереясыИван Васильевич Панфилов ЕстеліктерИван Васильевич Панфилов Тағы қараңызИван Васильевич Панфилов ДереккөздерИван Васильевич Панфилов1 қаңтар1893 жыл19 қараша1941 жылМәскеуРесейСаратов

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖапонияБұқаралық мәдениетСақтарЖақсыз сөйлемНұрдәулет Бәбиханұлы АқышСалқам Жәңгір ханДевианттық мінез-құлықТәуелсіз Қазақстан тарихыТабиғатЖоңғар шапқыншылығыНорвегияОрыс асханасыБидай (астық)Қазақстанның мемлекеттік құрылымыНафтаҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевСөз таптарыЭлектр тогыРақымжан ҚошқарбаевТөл сөзҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемНарықтық экономикаТегеран конференциясыЭлектромагниттік индукцияҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚазақстан 2050Есім хан саясатыӘйтеке биШвейцарияҚазақ батырлар тізіміТәттімбет ҚазанғапұлыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіДін философиясыТемпераментЭкология316-атқыштар дивизиясыАвторлық құқықҚайта құру кезеңіКСРО ыдырауыАғашҚазақстанның сыртқы саясатыҚара құрдымЮпитерАлгоритмБасты бетҚорғансыздың күні (әңгіме)Адам даму индексі бойынша елдер тізіміХалықаралық ұйымдарСолтүстік ҚазақстанПсихологияИспанияҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыНесіпбек Тұрысбекұлы АйтАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚаратпа сөзАдамның табиғатқа әсеріЭволюцияГендік инженерияВолейболМюнхен келісіміҚазақстан азамат соғысы жылдарындаКәсіпкерлікТемекіМеталдарЗат алмасуҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚыз ЖібекЧарлз ДарвинЖұмбақтасКаспий экологиясыМейозҚышқылСу көлігіМемлекетИсламЖүрекМәдениеттануТіршілік үшін күресҚосарлы ұрықтану🡆 More