Бірінші Дүниежүзілік Соғыс

Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл – 11 қараша, 1918 жыл) — адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі.

Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген. Онымен бірге Осман империясы өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың өмірлерін алған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жоғарыдан сағат тілімен: 1916 ж. Британдық Mark V танктері Гинденбург сызығын кесіп өтті, 1918 ж., Дарданеллге мина тигеннен кейін су тасқыны, 1915 ж., Сомме шайқасы кезінде газ маскаларындағы Британдық Виккерс пулеметі, 1916 ж., неміс биплан жауынгерлері Albatros D. III Дуэ маңында, Франция, 1917 ж

Жоғарыдан сағат тілімен:

1916 ж. Британдық Mark V танктері Гинденбург сызығын кесіп өтті, 1918 ж., Дарданеллге мина тигеннен кейін су тасқыны, 1915 ж., Сомме шайқасы кезінде газ маскаларындағы Британдық Виккерс пулеметі, 1916 ж., неміс биплан жауынгерлері Albatros D. III Дуэ маңында, Франция, 1917 ж
Дата

28 шілде 1914 – 11 қараша 1918

Орын

Еуропа, Таяу Шығыс, Африка

Себеп

Қақтығыстың басталуының негізгі себептері:
• Империализм саясаты.
• Мемлекеттердің өзара аумақтық және экономикалық претенезиялар.
• Аустрия-Мажарстанның мұрагері Франц Фердинандты өлтіру.
• Күш тепе-теңдігін өзгерту.
• Милитаризацияның өсуі.

Нәтиже

Антанта жеңісі

• Шығыс майдандағы орталық державалардың жеңісі, Батыс майданда және Италия майданында жеңіліске ұшырады
• Еуропадағы барлық континенталды империялардың құлауы (Германия, Ресей империясы, Осман империясы және Аустрия-Мажарстан)
• Ресей революциясы және Ресей империясының ыдырауымен және кейіннен Кеңес одағының құрылуымен Ресейдегі Азаматтық соғыс
• Еуропа мен Азиядағы жаппай толқулар мен төңкерістер.
• Ұлттар Лигасын Құру

Қарсыластар

Антанта:
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Сербия
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Франция
Ұлыбритания Британ империясы:

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Ресей империясы (1917 жылға дейін)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Бельгия
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Жапония
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Черногория
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Италия Патшалығы
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс АҚШ (1915 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Румыния (1916 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Португалия (1916 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Хиджаз (1916 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Грекия (1917 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Сиам (1917 жылдан)
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Қытай (1917 жылдан)

Орталық мемлекеттер (Үштік одақ):
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Германия
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Аустрия-Мажарстан
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Осман империясы
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Болгария (1915 жылдан)

Қолбасшылары

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Раймон Пуанкаре
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Жорж Клемансо
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс V Георг
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Герберт Асквит
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Дэвид Ллойд Джордж
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс II Николай †
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Александр Керенский
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс III Виктор Эммануил
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Витторио Орландо
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Вудро Вильсон
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Тайсё Императоры
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс I Альберт
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс I Петар
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс I Фердинанд

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс II Вильхельм
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Франц Иосиф †
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс I Карл
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс V Мехмет †
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс VI Мехмет
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Үш паша
Бірінші Дүниежүзілік Соғыс I Фердинанд

Тараптар күші

Барлығы: 42 950 000

Барлығы: 25 248 000

Шығындар

Әскери қаза тапты:
5 525 000
Әскери жарақат:
12 832 000
Азаматтық тұрғындар арасында қаза болғандар саны:
4 000 000

Әскери қаза тапты:
4 386 000
Әскери жарақат:
8 388 000
Азаматтық тұрғындар арасында қаза болғандар саны:
3 700 000

Жалпы шығындар
Барлығы:

18 357 000

1914 жылы державалар екі қарсы тұрған альянстарға бөлінген, Франция, Ресей және Британиядан тұратын Антанта және Германия, Аустрия-Мажарстан және Италиядан тұратын Үштік одақ.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс

Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

Германияның күшеюі

Елдің басын біріктіру арқасында және Француз-прусс соғысының нәтижесінде 5 миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Британия 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс 

Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы, кейін Антанта ретінде белгілі одақ пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.

Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым- қатынасын бірден айқын ұстаған жоқ, себебі, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалисттеріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Британия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп есептеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс 

Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан британ бұйымдарын ығыстыра бастауы Британия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс 
Бірінші Дүниежүзілік соғыстың пилоты.

Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына алғы шарт жасады. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия мен Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік Антантға айналды.

Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Антанта құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ құрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Аустрия-Мажарстан монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Аустрия-Мажарстан ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.

Үштік Антантадағы жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмағанымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы империалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Аустрия-Мажарстан, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құқына ие болды.

Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балқан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балқан түбегінде Антанта бағыты күшейді.

Әйтсе де Балқан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Аустрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балқан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.

Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Солтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балқан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс 

Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балқан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Аустрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балқан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.

Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итермелейді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Осы жағдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Аустрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды.

Алайда Аустрия-Мажарстан 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші рөл атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Аустрия мен Ресейдің Балқан үшін, Аустрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс 

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Аустрия-Мажарстан, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды.Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Аустрия-Мажарстан – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.s

Дереккөздер

Tags:

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипатыБірінші Дүниежүзілік Соғыс Бірінші дүниежүзілік соғысБірінші Дүниежүзілік Соғыс ДереккөздерБірінші Дүниежүзілік Соғыс11 қараша1914 жыл1918 жыл28 шілдеАмерика Құрама ШтаттарыБритан империясыДержаваОсман империясыРесей империясыҮшінші Француз Республикасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭволюцияАбортТүркілерЖүктілікҚазақстанның Қызыл кітабыҚалқанша безЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетИммунитетПартиялық жүйеӘл-Кәфирун сүресіОрталық АзияАқан серіОрталық ҚазақстанТозаңдануПайдалы қазбаларҚазақстанның сыртқы саясатыҚанның ұюыЖамбыл ЖабайұлыСырдарияҚазақстан туыСөйлемТотығу-тотықсыздану реакцияларыКүйікБауыр циррозыАнемияДәрігерҰлытау облысыЖылқы малының атауларыРенессансГепатитИнтеграцияҚызылорда облысыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановТүркияӘбілқайыр хан (Кіші жүз)ТәрбиеДулат БабатайұлыСалықЕкінті намазыҚан қысымыПневмонияМұхаммедӨркениетСабынҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыАурухана ішілік инфекцияВирусты гепатит ВӘл-Фалақ сүресіАуыз қуысыМемлекеттік басқару формасыАйырша безҚан жасушаларыАтмосфераҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыБаққожа МұқайҚысымГаметогенезЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміТәуке ханФранцияПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыҚазақтар диаспорасыҚоңыратГипертониялық кризАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚазақстан экономикасы18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыГеографиялық картаТәжікстанҮстеуИғтикафАрғынЖайықҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетОмонимҮндістанМиокард инфарктыҚазыбек би🡆 More