8-Ші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы

8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы — Алматыда жасақталған әскери құрама (1941).

Тұңғыш командирі – И.В. Панфилов. Алғашында 316-атқыштар дивизиясы болып жасақталып, Мәскеу түбінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы аталды. Құрамы Алматы, Талдықорған, Шымкент облыстары мен Кырғызстан тұрғындарынан жасақталды.

Иван Панфилов 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы
8-Ші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы
Алдына шепте орналасқан дивизияның
19 гвардиялық полкінің артиллериялық бөлімшесі, 1943 жыл.
Белсенді 12 шілде 1941 - қаңтар 2003
11 шілде 2011 - қазіргі уақытқа дейін
Мемлекет 8-Ші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы КСРО (1941-1991)
8-Ші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы Қырғызстан (1992-2003, 2011-қазірге дейін)
Отан алдындағы
адалдығы
8-Ші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы Қырғызстан
Бөлімшесі Әскер
Түрі Мотоатқыштар бөлімшесі
Гарнизон / Бас штабы Тоқмақ
Лақап есімі Панфилов ерлері
Марш Панфилов дивизиясының маршы
Жылдықтары 12 шілде (құрылған күні)
Шайқастары Екінші дүниежүзілік соғыс
Коммандирлері
Ағымдағы
командирі
Полковник Бердибек Асанов
Елеулі
командирлері
Иван Панфилов

1941 жылы 17 тамызда Солтүстік-Батыс майданға жіберілді. Алғаш ұрысқа 6 қазанда Батыс майданның генералы К.К.Рокоссовский басқарған 16-армиясы құрамында Мәскеу қорғанысының шешуші учаскелерінің бірі - Волоколамск бағытында кірді. Мәскеуді қорғаудағы теңдессіз ерлігі үшін дивизия 1941 жылы 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталып, 18 қарашада Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы атақ алды. 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі И.В. Панфилов есімі берілді.

Дивизия 1941 жылы 15 желтоксанда 16-армияның құрамынан Ставканың резервіне (16-30 желтоқсан) өтті. Оның командирі болып генерал-майор И.М.Чистяков тағайындалды. 1942 жылы 16 наурызда Солтүстік-Батыс, Калинин майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды.

1942-43 жылдары Ловать өзенінде Холм қаласы түбінде қорғаныс ұрыстарын, 1944 жылдың басында 2-Прибалтика майданында Пушкин таулары мен Новосокольники түбінде шабуыл ұрыстарын жүргізді. Режица (Резекне) қаласын азат еткені үшін «Режицалық» құрметті атағы берілді, Риганы босатуға атсалысқаны үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.

1945 жылдың көктемінде жаудың 350 мыңдық Курляндия тобын талқандау операциясына қатысты.

2-дүниежүзілік соғыс кезінде дивизияның 36 адамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардыц ішінде Б.Момышұлы (1990 жылы берілді), В.Клочков, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, И.Курганский, И.Шапшаев, А.Қосаев, М.Сеңгірбаев, А.Крючков, Я.Бондаренко, т.б. бар. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлік табандылық пен ерліктің, Отанға шексіз берілгендіктің үлгісі ретінде тарихта қалды (қ. 28 гвардияшыл- панфиловшылар). Мыңдаған жауынгер мен командирлер, саяси қызметкерлер орден, медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейін дивизия моторландырылған атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1954 жылы дивизияның жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды.

Дереккөздер

Tags:

АлматыИ.В. ПанфиловТалдықорғанШымкент

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖүктілікФотосинтезЫбырай АлтынсаринТабиғатты қорғауБаланы қырқынан шығаруШайтанкөлАбайдың қара сөздеріҚол добыКөнерген сөздерАлмазМитохондрияМәлік ҒабдуллинҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМенің атым Қожа (повесть)ДемографияДыбысХалықаралық ұйымдар1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісТүпті жуаОмонимЖылқыӘлемдік діндерҰлықбекҚазақша жыл санауЕртісЕуропа одағыӘбілхан ҚастеевТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЭкологиялық жүйеҰлыбританияӨзбектерСызықшаЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ГүлҚазақстандағы минералды ресурстарДүниежүзілік көрме (2017)ТерроризмЭндокриңді бездерБауырымен жорғалаушыларКүкіртБалқашОрганикалық затМысБауыржан МомышұлыҚарақұмықКүнбағысӘйтеке биҚазақтарҚарағайӨзгергіштікЖоғары молекулалы қосылыстарЮНЕСКОАсық ойыныЖарықтың шағылуыЖәңгір-Керей ханДүние жүзінің саяси картасыҚазақ газетіТемірхан МедетбекАзаматтық қоғамКөкпарМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Ас қорыту жүйесіҒылыми фантастикаҚазақстандағы саяси партияларМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыАшық тұқымдыларАқуызЖелтоқсан көтерілісіPythonҚазақстан экономикасыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріТың игеруҚорқыт атаШвейцарияПродуценттерМал шаруашылығыКорея РеспубликасыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)🡆 More