Жыланбалықтәрізділер

Жыланбалықтәрізділер (лат.

Қазба қалдықтары бор кезеңінен сақталған.

Жыланбалықтәрізділер
Қазбалық ауқымы: Cretaceous–Recent
Anguilla rostrata
Anguilla rostrata
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Қауырсын қанаттылар
Кіші табы: Neopterygii
Ықшам табы: Teleostei
Ұлы сабы: Elopomorpha
Сабы: Anguilliformes
L. S. Berg, 1943
Suborders

Anguilloidei
Congroidei
Nemichthyoidei
Synaphobranchoidei

Жыланбалықтәрізділердің 23 тұқымдасына бірігетін 350-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі тропиктік және субтропиктік теңіздерде (кейбір түрі теңіздің ең терең жерінде) тіршілік етеді. Аnguіllіdae тұқымдасының өкілдері ғана тұщы суларда кездеседі. Жыланбалықтәрізділердің денесінің ұзындығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, салмағы 15 г-нан – 65 кг-ға дейін болады. Көпшілік түрінде жұмсақ, тікенексіз ұзын арқа және құйрық асты (аналь) қанаттары құйрық қанаттарымен бірігіп кеткен. Қазіргі Жыланбалықтәрізділердің құрсақ қанаты болмайды (осыған байланысты бұларды аяқсыздар деп те атайды). Желбезек саңылауы кішкентай. Құйрық қанаты үстіңгі-астыңғы қалақшаға бөлінбеген. Қабыршағы өте ұсақ, терісі қалың, шырышты келеді. Суда және теңіздің ең терең жерінде жылан сияқты қозғалады. Түрлену арқылы көбейеді. Жапырақ тәрізді мөлдір дернәсілі(лептоцефал) ересек дарабасына (особь) мүлдем ұқсамайды. Бұлардың көпшілігінің қанының құрамында ихтиотоксин деген улы зат болады. Қазақстанда Каспий теңізініңсолтүстігі мен Жайық өзенінің сағаларында сирек те болса кездесіп қалатын – кәдімгі жыланбалық (Аnguіlla anguіlla) деген бір түрі бар. Бұлар дымқыл ауалы, сусыз жерлерде 36 сағатқа дейін тіршілік ете алады. Күндіз тығылып жатып, түнде ғана қоректенеді. Ересек дарабастары бір-ақ рет уылдырық шашады да, өліп қалады. Жыланбалықтәрізділер негізінен жыртқыш балықтар. Көптеген түрі кәсіптік балық ретінде ауланады.

Дереккөздер

Tags:

Бор кезеңіЛатын тіліСүйекті балықтар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісСұрыптауМодификациялық өзгергіштікЖұрнақМал шаруашылығыРайымбек батырҚұндылықМитохондрияЖүйке жүйесіҚорықтарМұхтар ШахановПысықтауышҚарахан мемлекетіАқтабан шұбырындыТыныс белгілеріКөлденең жолақты ет ұлпасыЛенинград шайқасыҚұралайдың салқыныСәкен СейфуллинЭлектрокардиографияМәдениетЖерЗат алмасуРим империясыАлаш қозғалысыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновЖоңғар шапқыншылығыТылҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЭлектромагниттік толқындарӨңдеуші өнеркәсіпСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовОңтүстік ҚазақстанЛатын АмерикасыКиноДидактикаИосиф Виссарионович СталинҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАнтивирустарБиоценозАққулар ұйықтағандаТүркістан облысыҚазақстандағы су тасқыны (2024)Алғашқы қайта өрлеу дәуіріОрталық АзияII ЕкатеринаҚазақ театрыБұқаралық ақпарат құралдарыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Көп жасушалы ағзаларЭволюцияМайданҒылымТарих философиясы316-атқыштар дивизиясыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларСарматтарАқан серіМашинажасауҚазақстан мейрамдарыҚожа Ахмет ЯсауиҚырғызстанКомпьютерҚазақстан халқы ассамблеясыКөшбасшылықЕскендір (поэма)Түпті жуаӨздігінен тозаңдануҚазақстан 2050Абайдың қара сөздеріЯдролық қаруЛинзаЖошы ханЖүрекМиАуыл шаруашылығыХромосомаларКүнделік.кз🡆 More